15.6 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 12 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 83

Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормаларды талқылады

Парламент Сенатының депуаты, Нұрлан Бекназаров Конституциялық комиссия отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдеріндегі нормаларға тоқталды. Комиссия мүшесінің айтуынша, бір палаталы Парламентке өтуге байланысты қолданыстағы Конституцияның «Парламент» бөлімінің бірқатар баптарына оның құрылуы, сайлануы, құзіреті, өкілеттігі, заң қабылдау процестері мен құрамына қатысты маңызды өзгерістер енгізу көзделген. Бірқатар баптардың күші тұтастай алынып тасталады. «Жобаға сәйкес, Қазақстан Республикасының Құрылтайы – Қазақстан Республикасының заң шығару билігiн жүзеге...

Әділет министрі: Конституцияға енгізілетін өзгерістер мемлекеттік жүйенің тиімділігін күшейтеді

Конституциялық комиссияның екінші отырысында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев Негізгі заңға бірқатар негізгі өзгерістерді ұсынды. Аталған өзгерістер азаматтардан, саяси партиялардан, қоғамдық ұйымдар мен сарапшылардан түскен ұсыныстарды ескере отырып әзірленді. Атап айтқанда, Үкіметтің, Конституциялық соттың, прокуратура және сот билігі органдарының жекелеген функцияларын, құқық қорғау тетіктерін, жергілікті өзін-өзі басқаруды, жекелеген аумақтарда арнайы құқықтық режим белгілеу қағидаттарын, сондай-ақ Конституцияға өзгерістер мен толықтырулар енгізу...

Маңызды әрі дұрыс қадам

Конституциялық комиссия жұмысының басталуы мен оның жария форматта ұйымдастырылуы маңызды әрі дұрыс қадам. 24 қаңтардан бастап іске кіріскен комиссияның құрамына қоғамның әртүрлі секторларынан 120-дан астам өкілдің енуі бастапқыдан-ақ процестің ашық болатынын көрсетті. Партиялар мен ҮЕҰ, кәсіподақтар, депутаттар, заңгерлер, бизнес, медиа, ғылыми және мәдени қауымдастық өкілдерінің бір алаңда жұмыс істеуі шешімдердің тек тар кәсіби ортада емес, қоғамдық мүдде аясында талқылануына мүмкіндік...

Қазақстанда саяси партияларды шетелдік қаржыландыруға тыйым салу ұсынылды

Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның бірінші отырысында комиссия мүшесі, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Марат Башимов алдағы реформалардың негізгі басымдықтарына тоқталып, олардың ішкі саяси тұрақтылықты нығайтуға, мемлекеттік басқарудың тиімділігін арттыруға және азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейтуге бағытталғанын атап өтті. «Бүгін біздің көз алдымызда әлемдік тәртіп өзгеріп жатыр. Біз ұзақ жылдар бойы тұрақтылық пен болжамдылықты қамтамасыз еткен халықаралық құқық нормаларының әлсіреп жатқанын көріп отырмыз....

Қазақстанда елді мекендер үшін арнайы құқықтық режимдерді конституциялық тұрғыдан бекіту ұсынылды

Қазақстан Конституциясы әрбір азаматқа түсінікті болуға, ал жекелеген аумақтарға арнайы мәртебе беру мүмкіндігі – нақты Конституциялық негізге ие болуға тиіс. Мұндай пікірді Конституциялық комиссияның бірінші отырысында ҚР Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев айтты. Әділет министрі Негізгі заң тек заң актісі ғана емес, сонымен бірге қоғамдық келісім құжаты болып табылатынын, сондықтан оның тілі нормаларды тікелей және біржақты қабылдауды қамтамасыз етуі тиіс екенін...

Белгілі заңгер Қазақстанда дінді саясиландыру қатерін жоюды ұсынды

Мемлекеттің барлық діни бірлестіктерге қатысты ұстанымы бейтарап болып қалуға тиіс. Бұл қоғамдық келісімнің, тұрақтылық пен мемлекеттік институттарға деген сенімнің кепілі. Осыған байланысты «Қазақстан заңгерлер одағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің төрағасы Серік Ақылбай Конституциялық Комиссияның бірінші отырысында Ата заңға дінді мемлекеттен бөлу туралы норманы енгізуді ұсынды. Сарапшының пікірінше, Конституция жоғары заң күші актісі ретінде осындай сезімтал салада кеңейтілген түсіндірулерге жол бермеуі тиіс....

Президент намысты қолдан бермеген спортшыларымыз талай бәсекеде топ жарып, еліміздің мерейін асырып, нағыз жасампаз отаншылдықтың үлгісін көрсетіп жүргенін атап өтті

– Әр азаматымыздың жетістігі – Қазақстанның жетістігі. Әр спортшының абыройы – барша қазақтың беделі. Жеңіске жету үшін талап пен табандылық керек. Сіздер шеберліктеріңізді шыңдап, аянбай еңбек еттіңіздер. Соның арқасында дүбірлі додаға қатысуға мүмкіндік алдыңыздар. Олимпиада чемпионы болу – әр спортшының арманы. Осы мақсатқа бір табан жақын тұрсыздар. «Ел сенімі – ерге жүк» дейді халқымыз. Баптарыңыз және бақтарыңыз қатар шауып,...

Президент Қысқы Олимпиада ойындары мен Паралимпиадаға қатысатын ұлттық құрама мүшелеріне Мемлекеттік туды тапсырды

Қасым-Жомарт Тоқаев дүние жүзінің ең мықты спортшылары бақ сынайтын Италиядағы XXV Қысқы Олимпиада ойындары мен XIV Қысқы Паралимпиаданы айрықша маңызды оқиға деп атады. – Олимпиада ойындарына 40-қа жуық спортшымыз қатысады. Олар спорттың 10 түрінен жарысқа түседі. Ұлттық құрама мүшелерінің жартысынан көбі Олимпиадаға алғаш рет бара жатыр. Жаһандық бәсеке сіздер үшін зор мүмкіндік әрі үлкен сынақ болмақ. Қысқы Олимпиадаға жолдама алу...

Мемлекет басшысы Давоста бірқатар кездесу өткізді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Давоста Армения Президенті Ваагн Хачатурянмен, Премьер-министр Никол Пашинянмен, Индонезия Президенті Прабово Субиантомен, Жаһандық өзгерістер институтының атқарушы төрағасы Тони Блэрмен, АҚШ Сауда министрі Говард Латникпен және ФИФА президенті Джанни Инфантиномен аз-кем әңгімелесті.

Жыл қорытындысы: Жетісу облысында барлық негізгі салалар бойынша тұрақты өсім бар

2025 жылдың қорытындысы бойынша Жетісу облысында қысқа мерзімді экономикалық индикатор 108,1%. Бұл барлық негізгі салаларда тұрақты өсім бар екенін айғақтайды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметінше, өнеркәсіп саласында өндіріс көлемі 3,3%-ға өсіп, 417,4 млрд теңге болды. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 483,2 млрд теңгеге жетіп, 2024 жылмен салыстырғанда 2,2%-ға артты. Өңірге 611 млрд теңге...