5.2 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 19 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 72

2026 жылға арналған ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру конкурсы басталды

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қысқа және ұзақ мерзімді гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз. Қысқа мерзімді гранттар саны: 8 Ұзақ мерзімді гранттар саны: 2 Біз төмендегі 10 бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз: «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысында жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту «Жайдарман» ойындары бойынша ашық чемпионат пен арнайы жоба –...

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығын тапсыру рәсіміне қатысушыларға бейнеүндеу жолдады

Мемлекет басшысы Абу-Дабиде өткен салтанатты іс-шарада көрсетілген бейнеүндеуінде Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен Армения Премьер-министрі Никол Пашинянды шейх Заид атындағы «Адамзат бауырластығы» сыйлығына ие болуымен құттықтады. Қазақстан Президенті бұл марапат олардың парасатты көшбасшылығына берілген баға екенін атап өтті. – Әзербайжан мен Арменияның бейбіт келісім жолында қол жеткізген жетістігі тарихтың бетбұрыс кезеңі саналады. Бұл қадам диалог жүргізіп, жауапкершілік пен ұстамдылық таныта...

Қасым-Жомарт Тоқаевқа Пәкістанның ең жоғары мемлекеттік наградасы – Nishan-e-Pakistan ордені табысталды

Исламабадта өткен салтанатты іс-шарада Пәкістан Президенті Асиф Али Зардари мен Премьер-министрі Шахбаз Шариф Мемлекет басшысын Nishan-e-Pakistan орденімен марапаттады. Награда ел дамуына ерекше үлес қосқан Пәкістан азаматтарына және шетелдік мемлекет, саясат, сондай-ақ қоғам қайраткерлеріне беріледі. Жиынға Пәкістанның Үкімет мүшелері, Парламент депутаттары, Қарулы күштерінің жоғары басшылық құрамы және дипломатиялық корпус өкілдері қатысты.

Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі мәдени орталықтар және «Достық» спорт кешенінің ашылу рәсіміне қатысты

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың мемлекеттік сапары аясында Исламабадта әл-Фараби, Қаныш Сәтпаев және Қожа Ахмет Ясауи атындағы мәдени-білім беру орталықтарының, сондай-ақ «Достық» спорт кешенінің ашылу салтанаты өтті. Әл-Фараби орталығы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен «Каид-и-Азам» университеті (Quaid-i-Azam University) арасындағы ынтымақтастық шеңберінде ашылды. Ғимарат оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттермен, сонымен бірге заманауи компьютерлік құрал-жабдықтармен, жиһазбен қамтылған. Орталық базасында қазақ тілі курстары ұйымдастырылмақ. Қаныш Сәтпаев орталығы Қ....

Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф Қазақстан Республикасы мен Пәкістан Ислам Республикасы арасында стратегиялық серіктестік орнату туралы бірлескен декларацияға қол қойды.   Мемлекет басшысы мен Пәкістан Премьер-министрінің қатысуымен мынадай құжаттарға қол қойылды: 1. Тау-кен өнеркәсібі және геология ғылымы саласындағы ынтымақтастық туралы меморандум; 2. БҰҰ миссияларында бітімгерлік бөлімшесін (бөлімшелерін) бірлесіп өрістету жөніндегі өзара түсіністік туралы меморандум; 3. Экстрадициялау туралы шарт; 4. Қазақстан Республикасы Көлік министрлігі...

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-министр Шахбаз Шариф шағын құрамда келіссөз жүргізді

Келіссөздерден бұрын Пәкістан Премьер-министрінің резиденциясында Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті. Мемлекет басшысын Премьер-министр Шахбаз Шариф күтіп алды. Қазақстан Президенті мен Пәкістан Премьер-министрі суретке түскен соң екі елдің мемлекеттік әнұрандары орындалды. Содан кейін Құрмет қарауылының бастығы рапорт берді. Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шахбаз Шариф бір-біріне ресми делегация мүшелерін таныстырды.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Пәкістанға мемлекеттік сапармен барды

Пәкістанның шекарасына енгеннен бастап Әскери әуе күштерінің ұшақтары Қазақстан Президенті мінген бортпен қапталдасып ұшты. Мемлекет басшысын Исламабад әуежайында Президент Асиф Али Зардари мен Премьер-министр Шахбаз Шариф қарсы алды Мәртебелі мейманның келуіне орай Құрмет қарауылы сап түзеп, зеңбіректен 21 мәрте оқ атылды. Сондай-ақ Қазақстан мен Пәкістанның туларын ұстаған балалар Қасым-Жомарт Тоқаевқа қошемет көрсетті. Ертең жоғары деңгейде келіссөздер жүргізіліп, екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және...

Президент тапсырмаларын жүзеге асыру: жаңа генерация мен инвестициялар еліміздің энергетика жүйесіне өзгерістер әкелуде

Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2025 жылғы 28 қаңтарда Үкіметтің кеңейтілген отырысында берген тапсырмаларын орындау аясында елімізде электр энергетикасының жүйелі дамуын қамтамасыз ету және инфрақұрылымдық сенімділіктің жаңа деңгейіне көшу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі уақытта қабылданып жатқан шаралар белгіленген қуатты арттыруға, жаңа генерацияны жаңғырту және салу жөніндегі ауқымды жобаларды іске қосуға, сондай-ақ сенімділік пен энергетикалық қауіпсіздікті арттыратын тұрақты инвестициялық тетікті қалыптастыруға...

Парламенттік өзгеріске бетбұрыс

Қазақстан Республикасы Президентінің қыркүйек айындағы Жолдауында Парламентті реформалау міндеті айқындалып, бірпалаталы модельге көшу мүмкіндігін талқылау және осы бағытта конституциялық өзгерістерді дайындау қажеттігі атап көрсетілді. Кейінірек, қаңтар айында өткен Ұлттық құрылтайдағы сөзінде Мемлекет басшысы парламенттік жаңғыртудың маңыздылығын тағы да нақтылай түсті. Алайда реформалау логикасы Парламент құрылымын өзгерту мемлекеттік механизмнің өзара сабақтас элементтерін айналып өтпейтінін көрсетті. Атап айтқанда, бұл өзгерістер билік тармақтары...

Құқықтың арқауы – қоғамның қалқаны

Облыстық Әділет департаментінде «Адам құқықтарының конституциялық кепілдіктері және олардың нотариаттық әрі адвокаттық тәжірибеде іске асырылуы» деген тақырыпта «дөңгелек үстел» өтті. Іс-шараға өңірдегі адвокаттар алқасының және нотариаттық палатаның өкілдері қатысып, құқықтық жүйенің басты өзегі саналатын Конституцияға енгізілетін өзгерістер төңірегінде өз пікірлерін ортаға салды. Жиынды ашқан облыстық Әділет департаментінің басшысы Жандос Бексұлтан кездесудің мақсаты – Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасын жан-жақты талқылау,...