2026 жылға арналған ҮЕҰ-ға мемлекеттік гранттар беру конкурсы басталды

4

Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасының тапсырысы бойынша үкіметтік емес ұйымдарды қысқа және ұзақ мерзімді гранттар конкурсына қатысуға шақырамыз.

Қысқа мерзімді гранттар саны: 8
Ұзақ мерзімді гранттар саны: 2

Біз төмендегі 10 бағыт бойынша жобаларды жүзеге асыруға дайын үкіметтік емес ұйымдарды іздейміз:

  • «Мейірімді Жетісу» фронт-офисінің қызметін ұйымдастыру және Жетісу облысында жастардың волонтерлік қозғалысын дамыту
  • «Жайдарман» ойындары бойынша ашық чемпионат пен арнайы жоба – «Жетісу облысы әкімінің Кубогы – 2026» ұйымдастыру және өткізу
  • Жастар арасында есірткі және олардың прекурсорларының таралуы мен қолданылуының алдын алу
  • Студенттік өзін-өзі басқару жүйесін дамыту
  • Ұлттық және отбасылық құндылықтар мен дәстүрлерді насихаттау, ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету
  • Әйелдердің көшбасшылық, қаржылық және құқықтық құзыреттерін арттыру және дамыту
  • Әкелер институтын дамыту, ұлдарды болашақ әке ретінде тәрбиелеуге жәрдемдесу және әкелерді бала тәрбиесі процесіне белсенді қатыстыру
  • Ауыл және жұмыссыз жастарды әлеуметтендіру мен кәсіпкерлік бастамаларына қолдау көрсету шараларын ұйымдастыру
  • Жетісудың көшбасшы жастарын қолдау, белсенділігін арттыру және қоғамдық-мәдени шараларға тарту
  • «Таза Қазақстан» тұжырымдамасы аясында жастар арасында экологиялық мәдениетті дамыту шаралары

 

Қысқа мерзімді гранттарды жүзеге асыру және қаржыландыру 2026 жылға, ал ұзақ мерзімді гранттар  2026–2028 жылдарға арналған.

Өтінім қабылдау мерзімі:

 

Қысқа мерзімді гранттар бойынша 15 (он бес) жұмыс

күні ішінде 2026 жылғы 03 ақпан мен 23

ақпан аралығында сағат 18:30-ға дейін

 

Орта мерзімді және ұзақ мерзімді гранттар бойынша 20

(жиырма) жұмыс күні ішінде 2026 жылғы

3 ақпан мен 2  наурыз аралығында сағат 18:30-ға дейін

 

Қатысуға тек деректер базасында тіркелген ҮЕҰ-лар рұқсат етіледі.

 

 

Конкурс және жобаларға қойылатын талаптар туралы толық ақпаратты https://cisc.kz/ сайтынан «Гранттар» => «Гранттар туралы хабарламалар» бөлімінен алуға болады.

 

 

Байланыс үшін:

+7 (702) 984 98 06

+7 (7172) 79 04 31

+7 (7172) 79 08 07

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз