11 C
Taldykorgan, KZ
Воскресенье, 12 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 70

2026 жылы Қазақстанда 850-ден астам запастағы офицер әскери қызметке шақырылады

Биыл еліміз бойынша 850-ден астам запастағы офицерді әскери қызметке шақыру жоспарланып отыр. «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңы аясында жүзеге асырылатын бұл шара Қарулы күштердің жауынгерлік дайындығын арттыруға және әскери дайындалған резервті қалыптастыруға бағытталған. Үкімет қаулысына сәйкес, 700 запастағы офицер Қарулы күштерге, 80 офицер Шекара қызметіне, 64 офицер Ұлттық ұланға және 15 офицер Төтенше жағдайлар министрлігіне жіберіледі. Шақыру авиациялық,...

Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасы ауқымды жалпыұлттық қозғалысқа және мәдениетіміздің ажырамас бөлігіне айналуы тиіс

Премьер-министр Олжас Бектенов Президенттің «Таза Қазақстан» бастамасын жүзеге асыру барысына мониторинг жүргізу орталығының отырысын өткізді. Онда қоршаған ортаны қорғау және халықтың экологиялық мәдениетін қалыптастыруда цифрлық технологиялар қолдану мәселелері қаралды. Премьер-министр жоғары экологиялық мәдениет қалыптастыру мен табиғатқа жанашырлықпен қарау жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері қатарына енгізілуінің маңыздылығын атап өтті. «Отаншылдықты жасампаз іспен көрсету, жоғары экологиялық мәдениетті қалыптастыру жаңа Конституция жобасының түбегейлі принциптері...

СЫРА МЕН СЫРА СУСЫНДАРЫН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ТАҢБАЛАУДЫ БАСТАУ ТУРАЛЫ

«Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» бұйрыққа сәйкес, Қазақстанда сыра және сыра сусындары 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті таңбалауға жататын өнімдер тізбесіне енгізілді. Өндірушілер мен импорттаушылар талаптар күшіне енгенге дейін таңбалау жүйесінде тіркеуден өтуі қажет. Цифрлық таңбалау сыра өнімінің айналымын айқын көрсетуді қамтамасыз етеді, өндіріс пен импортқа бақылауды күшейтеді, заңсыз өнім таралуын азайтады және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттырады. Міндетті таңбалау...

Қазақстан Халық партиясының БҚО филиалы Конституция жобасын талқылады

Қазақстан Халық партиясының БҚО филиалы Конституцияның жаңа жобасын түсіндіру мақсатында партия активімен кездесу өткізді. Жиын барысында Конституция жобасының негізгі баптары жөнінде түсінік беріліп, Қазақстан Халық партиясының ұстанымы ортаға салынды. Сондай-ақ конституциялық өзгерістерді жүзеге асырудағы қоғамдық-саяси институттардың рөлі туралы айтылды. Іс-шарада Қазақстан Халық партиясы БҚО филиалының төрағасы, облыстық мәслихаттың депутаты Борис Лаврентьев сөз сөйлеп, конституциялық реформаның елдің қоғамдық және саяси өміріндегі маңызды...

Конституция стратегиялық қағидаттарды бекітеді – Эльвира Азимова

Конституциялық комиссияның жетінші отырысында Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының төрағасы Эльвира Азимова Қазақстанның жаңа Конституция жобасының маңыздылығына және оның ел дамуы үшін стратегиялық рөліне тоқталды. «Конституция - мемлекеттің Негізгі заңы. Ол мазмұнына, құрылымына және баяндау логикасына қатысты жалпыға бірдей танылған халықаралық конституциялық тәсілдерге сәйкес қалыптастырылады», – деді Эльвира Азимова. Сондай-ақ ол Ата Заңда мемлекеттік саясатқа, қоғамның дамуына қатысты негізгі қағидаттармен қатар, азаматтардың...

«Ауыл» партиясы Конституциялық реформаны тарихи қадам деп бағалады

Бүгін елордада «Ауыл» партиясы Саяси кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Жиын барысында партия мүшелері, Парламент депутаттары мен қоғам белсенділері ҚР Конституциясының жаңа жобасын талқылап, еліміздің саяси жаңғыру жолындағы тарихи қадам ретінде бірауыздан қолдау білдірді. Жиынды ашқан партия Төрағасы, Конституциялық реформа жөніндегі комиссияның мүшесі Серік Егізбаев баяндама жасады. Ол жаңа Конституцияны ел дамуының жаңа философиясы және «Әділетті Қазақстанның» құқықтық іргетасы деп атады. – Бұл...

Айдос Сарым: Конституциялық реформа — ел тарихындағы маңызды миссия

Конституциялық реформа жөніндегі комиссиясының 7-отырысында комиссия мүшесі, Мәжіліс депутаты Айдос Сарым жаңа Конституция жобасының тарихи маңыздылығына тоқталды. - Оның айтуынша, әзірленіп жатқан жаңа Конституция елімізді қазіргі геосаяси және құқықтық тәуекелдерден қорғауға бағытталған. Депутат реформаны ел тарихында сирек кездесетін мүмкіндік деп бағалап, қоғам мен азаматтардың қатысуы оның ерекше құндылығын арттыратынын атап өтті. — Біз бүгін Конституция жасап қана қоймай, елдің болашағын қамтамасыз...

Су тасқыны кезеңіне жоспарлы дайындық жүргізілуде

Жетісу облысында су тасқыны кезеңіне дайындық алдын ала басталды. Атқарылған жұмыстар аясында 24 су тасқынына қарсы іс-шара жүзеге асырылды. Су тасқыны қауіпті учаскелерде 14 км су бұру арналары салынды және тазартылды, 3 км қорғаныш бөгеттері жөнделді, 11 км өзен арналарын және каналдарды механикалық тазалау жұмыстары жүргізілді, сондай-ақ 13 км өзен арналары тереңдетіліп, жағалауы нығайтылды. Қабылданған шаралардың нәтижесінде 17 ауылдық елді мекенді су...

Тұңғыш рет жаңа Конституцияда мыңжылдық тарихымыз басты құндылық ретінде жазылды – Ерлан Қарин

Жаңа Конституция жобасында тұңғыш рет мыңжылдық тарихымыз басты құндылық ретінде жазылды. Бұл туралы Мемлекеттік кеңесші Ерлан Қарин Конституциялық реформалар жөніндегі комиссияның VII отырысында айтты. Оның сөзінше, қазіргі қолданыстағы 1995 жылғы Конституцияда тарих туралы бір де бір сөз жоқ. «Жаңа Конституция жобасының Преамбуласындағы «Ұлы Даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтай отырып» деген сөйлем тарихымыздың үздіксіз сабақтастығын, Қазақстан көшпелілер өркениетінің ошағы екенін айғақтайды. Осылайша,...

Индекс деловой активности Halyk Finance

Halyk Finance запустил собственный индекс деловой активности. Опрос охватывает более 650 компаний, включает МСБ и крупный бизнес, все ключевые отрасли и регионы, сравнивает квартал к кварталу. По итогам 4 квартала 2025 года индекс составил 54,9. Это означает расширение деловой активности по сравнению с 3 кварталом. ▪️Крупный бизнес по итогам 4 квартала находится ниже нейтрального уровня - индекс 48,2. ▫️Выручка - 47,8 ▫️Заказы и клиенты...