СЫРА МЕН СЫРА СУСЫНДАРЫН МІНДЕТТІ ТҮРДЕ ТАҢБАЛАУДЫ БАСТАУ ТУРАЛЫ

5

«Таңбалауға жататын тауарлар тізбесін айқындау туралы» бұйрыққа сәйкес, Қазақстанда сыра және сыра сусындары 2026 жылғы 1 ақпаннан бастап міндетті таңбалауға жататын өнімдер тізбесіне енгізілді. Өндірушілер мен импорттаушылар талаптар күшіне енгенге дейін таңбалау жүйесінде тіркеуден өтуі қажет.

Цифрлық таңбалау сыра өнімінің айналымын айқын көрсетуді қамтамасыз етеді, өндіріс пен импортқа бақылауды күшейтеді, заңсыз өнім таралуын азайтады және тұтынушылардың құқықтарын қорғауды арттырады.

Міндетті таңбалау мерзімдері:

  • 02.2026 бастап – кегтердегі және бөтелкелердегі сыра мен сыра сусындары;
  • 01.2027 бастап – қалбырлардағы (банкалардағы) сыра мен сыра сусындары.

2026 жылғы 1 ақпаннан бастап сәйкестендіру құралдарынсыз сыра мен сыра сусындарын өндіруге және импорттауға тыйым салынады. Міндетті таңбалау енгізілгенге дейін өндірілген таңбаланбаған сыра мен сыра сусындарының қалдықтарын тауарлар айналымына қатысушылар күнтізбелік бір жыл ішінде өткізе алады.

Сыра мен сыра сусындарын таңбалауды енгізу кезеңдеріне арналған бейнероликтер «Қазақстандағы цифрлық таңбалау» YouTube-арнасында орналастырылған.

https://www.youtube.com/@tanbakz

https://markirovka.ismet.kz/ru/business/product/pivovarennaya-produkciya

Таңбалау жүйесінде тіркелу, таңбалау кодтарын алу немесе техникалық қолдау қажет болса, тауарларды таңбалау бойынша Бірыңғай операторға хабарласыңыз: 8 800 080 65 65 (қоңырау тегін).

 

Таңбаланған өнімдермен жұмыс істеу кезіндегі бөлшек саудадағы өткізушінің іс-әрекеттері:

  1. Таңбалау жүйесіне тіркелу:

Тіркелуге арналған сілтеме: https://tanba.markirovka.kz/

Нұсқаулыққа арналған сілтеме: https://youtu.be/jgLq862MZfg

  1. Кассалық жабдықты таңбалаумен жұмыс істеуге баптау.
  2. 2D-сканер сатып алу немесе таңбалауды қолдайтын веб-кассаны пайдалану.
  3. Таңбаланған тауарды (Data Matrix) стандартты құжаттар (ТІН, жүкқұжат) бойынша ТӨБ АЖ-да (ИС МПТ) растаусыз қабылдау.
  4. Тауарды ережелерді сақтай отырып өткізу: кассада сату кезінде Data Matrix кодын сканерлеу қажет — тауар айналымнан автоматты түрде шығарылады.

 

Сауданың тоқтап қалуын және айыппұл санкцияларының қолданылуын болдырмау үшін алдын ала тіркелуден өтіп, сауда процестерін дайындау ұсынылады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз