Жер-анаға жарты ғасырын арнаған тұлға
Қала күні қарсаңында еліне адал еңбегін арнап, танымал болған тұлғалар жайлыда қалам тербеуді мақсат тұттық. Бүгінгі біздің кейіпкеріміз: ғалым-ұстаз, еңбек ардагері, Экология Академиясының мүше-корреспонденті, ауыл шаруашылығы ғылымдарының кандидаты, қоғам белсендісі- Сапарғалиев Черизат Құрманғалиұлы.
– Черизат аға, 23 шілдеде 75 жасқа келіпсіз, құтты болсын! Сұхбатымызды туған жерден, елден бастасақ.
– Рақмет. Туған жерім - Жетісу облысы, Алакөл ауданы, Жыланды ауылы. Әкем Құрманғалидың...
Ауыл шаруашылығы интервьюерлерін sanaq.gov.kz сайты немесе 1446 нөмірі арқылы тексеруге болады
Қазақстанда ауыл шаруашылығы санағының ең ауқымды – екінші кезеңі жалғасып жатыр. Еліміз бойынша 2,5 мыңнан астам Ұлттық статистика бюросының интервьюері елді мекендерді аралап, аграрлық салаға қатысты деректерді жинап жатыр.
Интервьюерлерді арнайы көгілдір түсті формасынан және бейджі бар қызметтік куәлігінен оңай тануға болады. Бейджде орналасқан QR код арқылы қызметкердің жеке басын бірден тексеруге мүмкіндік бар.
Сонымен қатар интервьюердің куәлік нөмірін sanaq.gov.kz сайтындағы «Интервьюерді іздеу» бөлімінде енгізу...
XV ғасырлық тарихы бар алтын шаһар
Жерұйық атанған Жетісу өлкесі-шежіреге, өнегеге, дәстүрге бай. Орталығы-Талдықорған қаласының төл тарихына үңілсек, оның тереңде жатқанына көз жеткіземіз. Онда дәуір тарихымен қатар салт-дәстүріміз, ұлттық болмысымыз көрініс тапқан.
«Қазақстан энциклопедиясының» 9-шы томында келтірілген мағлұматтағы картада Ұлы Жібек жолы Екіөгіз қаласының маңында Шайқорған, кейінде Талдықорған атанған керуен бекеті көрсетілген. Сондықтан Жетісудың орталығы-Талдықорғанның тарихы V-VI ғасырлардан бастау алатындығына негіз бар. Қазақтың тұңғыш археологы, ғалым...
Кеңесіп пішкен тон, келте болмас
Талдықорған қалалық Қоғамдық кеңесінің 8 отырысы өтті. Бұл жолы Кеңес мүшелерінің назарына 6 мәселе ұсынылды.
Ең алдымен «Қаланың жалпы білім беретін мектептерінің бастауыш сынып оқушылары үшін тегін тамақтануды ұйымдастыру және барысы туралы» қалалық білім бөлімінің басшысы Шынар Шарипбаева баяндама жасап, бұл мәселенің қала мектептерінде сапалы әрі тиімді жүргізіліп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік әлеуметтік саясаттың маңызды бағыттарының бірі болып табылатын бастауыш...
Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясы аяқталды
Биыл Су ресурстары және ирригация министрлігі Жетісу облысындағы Қызылағаш су қоймасының реконструкциясын аяқтады. Нақтырақ айтқанда, су тасқыны үшін пайдаланылатын су жіберуге арналған канал нығайтылып, су қабылдайтын жаңа торап салынды.
Сонымен қатар заманауи бақылау датчиктері орнатылып, автоматтандырылған мониторинг жүйесі мен жергілікті хабарландыру жүйесі енгізілді. Сыйымдылығы 42,6 млн. текше метр болатын су қоймасының реконструкциясы 6 680 гектар егістік алқабын сумен тұрақты қамтамасыз...
Ербол Мырзабосынов өңірлерге инфрақұрылымдық қажеттіліктер картасын 1 қарашаға дейін дайындауды тапсырды
Туризм саласын дамыту – мемлекеттік саясаттың басым бағыттарының бірі. Облыс әкімдерінің орынбасарлары мен өңірлік туризм басқармаларының өкілдерімен өткен кеңесте министр саланы жүйелі түрде дамытуға бағытталған Жол картасын іске қосу аясында бірқатар тапсырма берді.
✔️Бірінші кезектегі міндеттер:
• 1 қарашаға дейін өңірлер бойынша инфрақұрылымдық қажеттілік картасын дайындауды аяқтап, әкімдіктер деңгейінде іс-қимыл жоспарларын бекіту;
• кейбір өңірлерде әлі аяқталмаған туристік маршруттарды абаттандыру және бас...
Жетісу облысында квазимемлекеттік сектор субъектілер тарапынан жіберілген монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегі жойылды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті жүргізген мониторинг қорытындысы бойынша квазимемлекеттік сектор субъектілері тарапынан бәсекелестік заңнамасының бұзылуы анықтады.
Белгілі болғандай, кейбір субъектілердің жарғыларында монополияға қарсы органмен міндетті келісуден өтпеген қызмет түрлері көзделген, бұл Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының талаптарына қайшы келеді.
Мәселені қарау нәтижесінде Департамент заң бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар шығарды, бүгінгі күні олар толық көлемде орындалды.
Анықтама...
Адал еңбек: Жетісуда түрлі мамандық иелері құрметке бөленді
«Еңбек күні» мерекесі қарсаңында Жетісу облысында түрлі мамандық иесіне құрмет көрсетілді. Құрылыс, тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, ауыл шаруашылығы, ветеринария, өнеркәсіп салаларының қызметкерлері марапатталды. Олардың қатарында аймақтың экономикалық дамуына үлес қосқан 11 сала мамандары мен еңбек әулеттері, үздік ұжым қызметкерлері. Салтанатты шараға еңбек ардагерлері қатысты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімімінің баспасөз қызметі.
Салтанатты шарада облыс әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев құттықтау сөз...
Жастарға арналған «Жайдарман» жаңа серпінмен өтпек
Жетісу облысында жастардың шығармашылығын қолдап, қоғамдық белсенділігін арттыруға бағытталған тың бастама қолға алынды. Қоғамдық даму басқармасының қолдауымен, «Jetisu jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесі және облыстық «Жайдарман» филиалының бірлесіп ұйымдастыруымен биыл алғаш рет ауқымды жастар жобасы жүзеге аспақ.
Қыркүйек-қазан айлары аралығында облыстың 8 ауданы мен 2 қаласында аудандық және қалалық деңгейдегі іріктеу ойындары өтеді. Сол кезеңде үздік шыққан командалар Жетісу облысы әкімінің...
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың БҰҰ Бас Ассамблеясының 80-ші сессиясындағы Жалпы дебатта сөйлеген сөзі
Құрметті Президент!
Қадірлі Бас хатшы!
Құрметті делегаттар!
Біріккен Ұлттар Ұйымы сексен жылдан бері адамзатқа төнген жаһандық cын-қатерлерді еңсеруде басты рөл атқарып келеді.
Осы жылдар аралығында Ұйым біздің ұжымдық қауіпсіздік, ядролық қаруды таратпау, бейбітшілікті сақтау, өсіп-өркендеу, кедейлікті азайту, орнықты даму және адам құқығын қорғау бағытындағы ортақ күш-жігерімізді ілгерілетуге бастамашы болды.
Алайда ақиқатқа тура қарауымыз керек: әлем түбегейлі өзгеріске ұшырады. Өкінішке қарай, жақсы жаққа қарай өзгерді...




























