ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Арасан» шекара бөлімшесінің мерзімді әскери қызметшілерімен аға лейтенант Т.Дауылбай «Әскери ұжымда өзара сенім мен қолдау мәдениеті» тақырыбында тренинг өткізді.
Тренингтің мақсаты — әскери қызметшілер арасында өзара түсіністік пен бірлікті нығайту, қызметтік міндеттерді тиімді орындауға ықпал ететін жағымды моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру болды. Іс-шара барысында қатысушыларға ұжымдық қарым-қатынас мәдениеті, сенім мен қолдаудың маңыздылығы туралы түсіндіріліп, тәжірибелік тапсырмалар орындалды.
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті





























