«Іле» шекара бөлімшесінде тәртіп пен заңдылықты сақтау мәселелері қаралды

3

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінің Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасына қарасты «Іле» шекара бөлімшесінің жеке құрамымен құқық бұзушылықтар мен жағымсыз әрекеттердің алдын алуға бағытталған тәрбие сағаты өтті.

Кездесу барысында әскери қызметшілерге қызметтік міндеттерді адал орындау, әскери тәртіп талаптарын сақтау және жеке жауапкершілікті арттыру мәселелері түсіндіріліп, алдын алу жұмыстарының маңыздылығы атап өтілді.

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаменті

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз