Қазақстан Үкіметі отставкаға кетуге өтініш береді
Бұл туралы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бергеннен кейін Премьер-министр мәлімдеген.
«Жаңа Премьер-министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді. Әрине біз кез келген өзгеріске дайын боламыз. Біз әрқашан мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз», деді Премьер-министр.
Бұдан бөлек Әлихан Смайылов Үкіметтің өте қиын жағдайда жұмыс істегенін атап өткен.
Енді Әлихан Смайылов бастаған Министрлер кабинеті жаңа Үкімет жасақталғанша өз міндетін атқаруды...
Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісі мен мәслихаттар сайлауында дауыс берді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайында орналасқан сайлау учаскесіне барып, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен жергілікті мәслихаттар сайлауында дауыс берді.
Үмітіміз ақталғай!
Гүлжанат Нұршанова, "Талдықорған" қоғамдық-саяси газетінің бас редакторы: Қаламыздағы №390 сайлау учаскесіне барып таңдауымды жасадым. Жалпы, журналист ретінде науқанның қалай өтіп жатқанына көз жеткізу үшін бірнеше сайлау учаскесін аралап, ондағы халықпен жүздесіп қайттым. Өзім болған сайлау учаскелерінің барлығында да таңдауын жасауға асыққан азаматтарды көрдім. Жасы 80-90-ды алқымдап қалған қариялар, түрлі саланың өкілдері, мүгедек жандар, тұңғыш рет дауыс беруге келген жастар...
Бейбіт Исабаев сайлауда дауыс берді
Бүгін Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғандағы №389 сайлау учаскесіне келіп, Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарының кезектен тыс сайлауында дауыс берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
І.Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайында орналасқан учаскеде таңдау жасаған Бейбіт Исабаев:
- Бүгін мен өзімнің конституциялық құқығымды пайдаланып, жүрегім қалаған саяси партияға және жекелеген кандидаттарға дауыс бердім. Сол арқылы Қазақстанның болашағы...
Талдықорғанда Миллионер дауыс берді
Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылының сүт өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер Қажыкенұлы Миллионер дауыс берді. Ерекше есімді ағамыз бала кезінен мал шаруашылығымен айналысып, ұлттық тағамдарымыз: шұбат, қымыз, құрт, ірімшік, сүт, айран т.б. халыққа ұсынып келеді. Қазіргі уақытта 5 баласын және 10 немересін осы өнімдердің арқасында асырап отырған ер азамат. Сайлау – саяси науқан. Сайлауға түсіп жатқан үміткерлер мемлекетіміздің болашағына...
Елдің ертеңі, ұлт болашағы, ұрпақ қамы үшін
Жалпы бірнеше елдімекен қарайтын Талдықорған қаласына қарасты Өтенай ауылдық округі бойынша 5 сайлау учаскесі бар.
1. Өтенай ауылының мәдениет үйі ғимаратында орналасқан №435 сайлау учаскесі.
2. Өтенай ауылының №21 мектеп ғимаратындағы №436 сайлау учаскесі
3. Өтенай ауылының №21 мектеп ғимаратының шығыс №437 сайлау учаскесі бөлігі кешкі мектеп
4. Еңбек ауылының №22 мектеп ғимаратындағы №438 сайлау учаскесі
5. Мойнақ ауылының №23 мектеп ғимаратындағы №439 сайлау...
Талдықорғанда егіз чемпиондар дауыс берді
2001 жылғы егіз спортшылар Парламент Мәжілісі және мәслихат депутаттары сайлауына қатысып, өз таңдауын жасады. Джиу-джитсу түрінен Азия чемпионы болған Сәрсенұлы Самат пен Санат еліміздің көк байрағын желбіретіп, спорттың осы түрінен Қазақстанды әлем рейтингісінде алға шығарды. Егіз спортшы ата-аналарының сайлаудан қалмайтынын және осы отбасылық дәстүрді өздері жалғастырып, еліміздің жастарының өсіп-дамуына үлкен әсерін тигізетін саяси науқанға дауыстарын беріп, азаматтық борыштарын өтеуді...
Болашағымыз айқын
Тұрғанов Нұрбек Омарбекұлы, «Ерлік» мүгедектер қоғамының жоба үйлестірушісі: - Сайлауға азаматтық міндетімді атқару үшін келдім. Елімнің болашағы бұлыңғыр болмай, баянды да бақытты өмір сүрейік! Өзім бірінші топ мүгедегімін. Мен осы сайлаудан кейін көптеген өзгерістер болады деп ойлаймын. Сол өзгерістердің ішінде, біріншіден, мемлекетіміз біз сияқты мүгедек жандарға, екіншіден , кішкентай бүлдіршіндеріміздің ештеңеден таршылық көрмей өтуі үшін жалғызбасты ата-аналарға және үй-күйсіз...
Жастар — ел болашағы
Смағұлова Эльмира, қала тұрғыны: -Мен 1 топтағы мүгедекпін. Қазіргі таңда Жетісу университетінің журналистика факультетінің білімгерімін. Еліміз «Жаңа Қазақстанды» құруға бет алды. Сондықтан да сайлаудан кейін өмірімізде жаңаша өзгерістер болады деп ойлаймын. Бүгінде жастарға мемлекет тарапынан көп мүмкіндіктер қарастырылған ғой. Десек те, осындай мүмкіндіктер көбейе берсе деп тілеймін. Себебі, жастар - ел болашағы .
Отбасымызбен таңдауымызды жасадық
Қалдыбеков Төлеухан Жұмаханұлы,әскери қалашық тұрғыны: Әр сайлауға қатысуды өз міндетім деп санаймын. Отбасымда жұбайым, кәмелет жасына толған балаларым, келіндерім, күйеу балаларым да биыл осы саяси науқанға қатысып жатыр. Әр адамның міндеті деп санаймын. Жалпы, өз басым осы сайлау мемлекетіміздің дамуында көп мәселені шешеді деп ойлаймын. Себебі, биылғы жылы депутаттықтан үміткер азаматтар сайдың тасындай іріктелген сыңайлы. Халықтың жағдайы жақсарса одан...




























