Қазақстан Үкіметі отставкаға кетуге өтініш береді

307

Бұл туралы Парламент Мәжілісі мен барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауында дауыс бергеннен кейін Премьер-министр мәлімдеген.

«Жаңа Премьер-министр кім болатынын Президент пен Мәжіліс шешеді. Әрине біз кез келген өзгеріске дайын боламыз. Біз әрқашан мемлекет игілігі үшін жұмыс істеуге дайынбыз», деді Премьер-министр.

Бұдан бөлек Әлихан Смайылов Үкіметтің өте қиын жағдайда жұмыс істегенін атап өткен.

Енді Әлихан Смайылов бастаған Министрлер кабинеті жаңа Үкімет жасақталғанша өз міндетін атқаруды жалғастыра береді.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз