Өтенай ауылдық округіне қарасты Мойнақ ауылының сүт өнімдерін сатумен айналысатын кәсіпкер Қажыкенұлы Миллионер дауыс берді. Ерекше есімді ағамыз бала кезінен мал шаруашылығымен айналысып, ұлттық тағамдарымыз: шұбат, қымыз, құрт, ірімшік, сүт, айран т.б. халыққа ұсынып келеді. Қазіргі уақытта 5 баласын және 10 немересін осы өнімдердің арқасында асырап отырған ер азамат. Сайлау – саяси науқан. Сайлауға түсіп жатқан үміткерлер мемлекетіміздің болашағына өз үлестерін қосып, жауапкершілік танытады деген ойдамын. Қазақстан Республикасы – өзінің демократиялық үрдістерімен бүкіл әлемге танылған мемлекет. Мен осынау саяси жаңғырудың мән-маңызын, жалпыұлттық тұжырымын кең көлемде сайлаушы ретінде қолдай отырып, ел дамуының елеулі кезеңі халықтың саяси сауаттылығы мен сарабдал ойына, азаматтық көзқарасқа жүгінетініне сенімім мол.
#ЕлҮшінТаңдау #ӨзКандидатыңдыТаңда #Сайлауғабарамын #ЖетісуСайлау