Жыл қорытындысы: жаңа жұмыс орындарын құру, жас кәсіпкерлерді қолдау, жалақыны, зейнетақыны және жәрдемақыны көбейту
Қазақстанда әлеуметтік саланы қолдау және дамыту мәселелеріне басымдық беріледі: мемлекет жұмыс орындарын құру және азаматтардың жалақысын көбейту бағытында жұмыс жүргізіп келеді, түрлі мемлекеттік әлеуметтік көмек бағдарламалары іске асырылып, тиісті инфрақұрылымды жаңғыртуға қаражат бөлінуде.
Мемлекет басшысы бұл жұмыстың маңыздылығы туралы әрдайым атап өтеді.
«Әлеуметтік кепілдіктердің ағымдағы көлемі қысқармауы керек, ол шынымен мұқтаж азаматтардың пайдасына қайта бөлінуі тиіс. Мемлекет әлеуметтік жәрдемақысыз күнелте алмайтын...
«Тарифті инвестицияларға айырбастау» жаңа тарифтік саясат
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2023 жылдың 11 ай бойынша жұмыс қорытындысы жайында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтылды. Бұл жолғы спикерлер ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысы Сағымбеков Арман Әділханұлы мен Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бекетаев Айдос Халилоллаұлы ...
Талдықорғандық өрендер робототехникадан халықаралық жарыста топ жарды
Талдықорған қаласы Оқушылар сарайының жеткіншектерінен құралған “AJT” командасы 11-12 желтоқсан аралығында Алматы қаласында "USTEM Foundation" және "Алматы Дарыны" ұйымдастыруымен өткен халықаралық "Almaty TechCUP" робототехника және IT-технология жарысына қатысып, жүлделі 3 орын "Robot design award finalist" марапатына ие болды! Техника тіліне балаларды баулып жүрген ұстаз Айгүл Сыдықова. Жеткіншектердің өркені өсе берсін!
Жыл қорытындысы: жаңа мектептер мен жатақханалар, білім беру гранттары мен шәкіртақыларды көбейту
Primeminister.kz редакциясы 2023 жылды Қазақстанның түрлі салалардағы даму нәтижелері туралы материалдар сериясымен қорытындылауды жалғастырады.
Бүгінгі шолуда білім беру саласы туралы әңгіме қозғалады. Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда.
Атап айтқанда, осы жылдың айшықты оқиғаларының бірі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының басталуы болды, оның аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369...
Медицина саласындағы палуан
Мақсатжан Нурайсанов Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Мамандығы - зертханашы. Ол Алматы қаласының 5 дүркін, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы. Мақсатжан жақында Алматы қаласында грэпплинг спорты бойынша өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.
Бала кезінен спортты серік еткен оның медицина саласын таңдауына анасының ықпалы болғанын айтты.
- Мен Республикалық жоғары медициналық колледжді аяқтаған соң «Алматы» университетін...





























