Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департаментінің 2023 жылдың 11 ай бойынша жұмыс қорытындысы жайында БАҚ өкілдерімен өткен брифингте айтылды. Бұл жолғы спикерлер ҚР Ұлттық экономика министрлігі табиғи монополияларды реттеу комитетінің Жетісу облысы бойынша департамент басшысы Сағымбеков Арман Әділханұлы мен Жетісу облысының энергетика және тұрғын үй коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысы Бекетаев Айдос Халилоллаұлы өз жұмыстары турасында айтып берді.
Табиғи монополияларды реттеу комитетінің экономиканың монополиялық секторын мемлекеттік реттеуді жетілдіру және одан әрі дамыту жөніндегі қызметінің негізгі бағыттарына сәйкес жүзеге асырылатын департаментте 45 ТММ қызметі реттеледі. Оның ішінде су шаруашылығы бойынша — 22, электр энергетикасы – 4, жылу энергетикасы -15, газбен жабдықтау саласы және басқалары төртеу.
Есепті кезеңде тарифтерді өзгертуге 113 өтінім келіп түсті, оның 68-і әртүрлі себептермен бас тартылған және жобаларды дайындаудағы кемшіліктерді жою үшін қайтарылды. 13 инвестициялық бағдарлама бекітілді.
Президент Қ.Тоқаевтың Жолдауын орындау бойынша іске асырыла бастаған, ТКШ инфрақұрылымының проблемаларын шешуге арналған «Тарифті инвестицияларға айырбастау» бағдарламасы бойынша 11өтініш, оның ішінде 3 базалық субъект қаралды. Бұл «Жетісу Су құбыры» МКҚК, «ТАТЭК» АҚ (Талдықорған акционерлік электр желілік компаниясы), «Талдықорғанжылусервис»КМК.
Арман Сағымбековтің айтуынша, тарифтерді өзгерту жөніндегі жобалармен департаментке жүгінудің негізгі себептері инвестициялық бағдарламаның өзгеруі және өндірістік персоналдың орташа айлық жалақысының ұлғаюы болып табылады.
Барлық тариф құру процесінің түпкі мақсаты — саланы дамыту қажеттіліктері мен халықтың мүмкіндіктерін ескеретін тарифті бекітуінде. Осы талаптарды сақтау арқылы сумен жабдықтау тарифтері 7,0 теңгеге және су бұруға – 7,98 теңгеге түзету кезінде жұмысшылардың жалақысын тиісінше 24,6 және 22,9 пайызға арттыруға мүмкіндік берді. Бұған дейін орташа жалақы 110 мың теңгеден сәл көбірек болған еді, бұл көптеген білікті жұмысшылардың кетуіне себеп болды.
Мәселен, «Талдықорғанжылусервис» КМК 96,8 млн.теңге сомасына бекітілген қосымша инвестициялық бағдарлама барысында, инженерлік желілердің тозуын 67,0 пайыздан 63,8 пайызға дейін азайтады, бұл 2029 жылға дейін тозуды жоспарланған 15% — ға дейін төмендетуге мүмкіндік береді.
«ТАТЭК» АҚ үшін 1,62 теңгеге ұлғайта отырып, электр энергиясын тасымалдауға 1 кВтсағ үшін 8,76 теңге мөлшерінде орташа тариф бекітілді, бұл жалақыны 50% — ға ұлғайтуға және оның негізгі бөлігін 94 мың теңгеден 148 мың теңгеге дейін жеткізуге мүмкіндік берді. Сонымен бір мезгілде қолданыстағы активтерді одан әрі жаңғырту мен реконструкциялауды көздейтін 180,2 млн.теңге сомасындағы қосымша инвестициялық бағдарлама бекітілді, бұл шын мәнінде желілердің тозуының төмендеуіне және соның салдарынан авариялық жағдайлардың азаюына әкеп соғады.
Айта кету керек, халықтың барлық топтары тарифтердің өсуінен осал, бұрынғыдай жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін тұрғын үй көмек тетігі арқылы қорғалатын болады.
Баға белгілеу функциялары «Жетісу Энерготрейд» ЖШС қоғамдық маңызы бар нарықтың 1 субъектісіне қатысты жүзеге асырылды. Аталған Жетісу серіктестігі электр энергиясының кепілді жеткізушісі болып табылады және 195 мың тұтынушыны немесе 96,6%-ын қамтамасыз етеді. Халықпен кері байланыс орнатуда азаматтардың өтініштерін қарауға, олардың құқықтарын қорғауға, сондай-ақ ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтілді. 2023 жылдың 11 ай бойынша 102 азаматтың 64 өтініші қаралды, 33 қолайлы әкімшілік акт қабылданды.
Жыл соңына дейін 47,8 шақырым электр желілері және 3 қосалқы станция жаңартылады. Жалпы 2023-2029 жылдар аралығында инвестицияның жалпы көлемі 11,7 млрд теңгені құрайды. Нәтижесінде, 7 жыл ішінде желілер мен жабдықтардың 12 пайызы жаңартылады.
2023 жылы «Талдықорғанжылусервис» МКК инвестициялары көлемі 262,44 млн. теңгеге ұлғайтылды.Нәтижесінде 4,4 шақырым жылу желілері мен 3 қазан жаңартылады. Сондай-ақ, инвестициялық бағдарламалар мен бюджет есебінен 2024-2025 жылдар аралығында Талдықорғандағы «Басқуат» қазандығын қайта жаңғырту және Текелі қаласында қуаты 41 МВт бу-газ қондырғысын салу жоспарлануда.