Медицина саласындағы палуан

264

 Мақсатжан Нурайсанов Алматы облысы Іле аудандық орталық ауруханасында 10 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Мамандығы — зертханашы.  Ол Алматы қаласының 5 дүркін, Қазақстанның 3 дүркін чемпионы. Мақсатжан жақында Алматы қаласында грэпплинг спорты бойынша өткен халықаралық турнирде жеңімпаз атанды.

Бала кезінен спортты серік еткен оның медицина саласын таңдауына анасының ықпалы болғанын айтты.

— Мен Республикалық жоғары медициналық колледжді аяқтаған соң  «Алматы» университетін биология мамандығы бойынша оқып, бакалавр дәрежесін алдым. Одан кейін зертханашы курсын оқыдым. Еңбек жолымды осы салада бастағанда мамандық таңдауда қателеспегенімді түсіндім. Әрі анамның арманы орындалды деп ойлаймын, — деді Мақсатжан Нурайсанов.

— Мақсатжан  орталық аурухананың тәжірибелі, әрі білікті маманы. Ауруханада 2013 жылдан бері қызмет атқарып келеді. Медицина саласымен қатар спорт саласына да еңбек сіңіріп, еліміздің намысын қорғап жүрген азаматтардың бірі, -деді аудандық аурухана директоры Бауыржан Ысқақ.

Айта кетейік, Мақсатжанның кәсіби спорт (грэпплинг) саласында да жеткен жетістігі көп. Ол 2018 жылы Абу-Дабиде өткен әлем чемпионатына, 2021 жылы Ташкентте өткен Азия чемпионатына қатысқан. Өзінің салмақ дәрежесінде Азия бойынша топ 5 үздіктер қатарында.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз