16 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 11 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 495

Зейнетақы мөлшері көтеріледі

Жаңа жылдан бастап елімізде зейнетақы мөлшері ұлғаяды. Жасы бойынша және еңбек еткен жылдары үшін зейнетақы төлемдері 9%-ке өседі. Ал мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі 7 процентке көтеріледі. Мемлекеттік базалық зейнетақының ең төменгі мөлшері – 28 215 теңге, зейнетақының ең төменгі мөлшері 57 853 теңгені құрайды. 2024 жылы бюджеттен төленетін жиынтық зейнетақының орташа мөлшері (БЖЗҚ төлемдерін есептемегенде) 130 414 теңгені құрайды....

Уақыт 1 сағатқа артқа жылжиды

2024 жылы көктемде Қазақстан аумағында бірыңғай уақыт белдеуі енгізіледі деп жоспарланып отыр. Еліміздің 15 өңірі 29 ақпаннан 1 наурызға қараған түні жергілікті уақытты бір сағатқа артқа жылжытады. Осылайша еліміз бірыңғай UTC+5 уақыт белдеуіне көшеді. Атырау, Ақтөбе, Маңғыстау, Батыс Қазақстан және Қызылорда облыстары үшін ештеңе өзгермейді. Айта кетері, Қазақстандағы уақытты есептеу мәселелері бойынша ведомствоаралық жұмыс тобы бір жыл бойы бірыңғай...

Бизнесті тексеруге мораторий аяқталды

Қазақстанда шағын кәсіпкерлік, соның ішінде микрокәсіпкерлік субъектілерін барып тексеруге мораторий аяқталды. 1 қаңтардан бастап орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың тексерісі қайта жанданады. Елімізде бизнесті тексеруге мораторий 2020 жылғы 1 қаңтарда жарияланған болатын. Бастапқыда мораторий 2023 жылғы қаңтарда аяқталады деп жоспарланған. Алайда былтыр президент оның мерзімін тағы бір жылға ұзартты. Сондай-ақ 2024 жылдан бастап бизнесті тексеруге адам қатыспайды. Өйткені елімізде...

Саусақ іздерін тапсыру

Жаңа жылдан бастап қазақстандықтар саусақ іздерін ерікті түрде тапсырады. Дактилоскопиялық тіркеу шетелдіктерге ғана міндетті болады. Азаматтар саусақ ізін жеке басын куәландыратын құжаттарды жасатқанда тапсыра алады. Халыққа қызмет көрсету орталықтарында қазақстандықтарды дактилоскопиядан өтуге ешкім міндеттемейді. Елімізде "Дактилоскопиялық және геномдық тіркеу туралы" заң 2016 жылы қабылданған болатын. Алайда саусақ іздерін тапсыруға қатысты норма тек 2024 жылы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді....

Шахтерлер арнайы әлеуметтік төлем алады

2024 жылы зиянды еңбек жағдайында істейтін азаматтарға арнайы әлеуметтік төлем тағайындалады. Арнайы төлемнің орташа сомасы 200 мың теңгеден асады. Арнайы әлеуметтік төлем 55 жасқа толған және кемінде 84 ай міндетті кәсіптік зейнетақы жарналары төленген, сондай-ақ зиянды жұмыстағы қызметін тоқтатқан жұмысшыларға беріледі. Зиянды өндірісте істейтін 37 мың қазақстандық арнайы төлем алуға құқылы. Төлем зейнет жасына дейін, яғни 63 жасқа дейін...

Ең төменгі жалақы мен АЕК өседі

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде ең төменгі жалақы 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін өседі. Нәтижесінде айлығы төмен 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың табысы артады. Айта кетері, Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбекақыны ең төменгі жалақыдан кем емес деңгейде төлеуге міндетті. Сондай-ақ жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгені...

«Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми іске қосылды

2024 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Ұлттық қор – балаларға» жобасы ресми қолданысқа енді. Алдын ала мәлімет бойынша, жоба алғашқы жылдың өзінде 7 миллионнан астам баланы қамтиды. Ұлттық қорды басқару Ұлттық банктің құзырындағы шаруа болғанмен, «Ұлттық қор — балаларға» жобасының үйлестірушісі — Қаржы министрлігі. Ал оператор — Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры. Әділет министрлігінің базасындағы дерек негізінде 2024 жылдың 1 қаңтарындағы жағдай бойынша 18-ге толмаған балалардың...

Ынтымақ тұрғын үй алабына табиғи газ берілді

Жаңа жыл қарсаңында көптен күткен қуаныш Ынтымақ елді мекеніне табиғи газ берілді. Енді көмір тасып, от жағу машақатын көріп келген 10 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынның қызығын көрмеді,- деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz. Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы қатысып, жұртшылыққа қала әкімінің құттықтауын жеткізіп, қуаныштарымен құттықтады. Бүгінде, қаланы толық көгілдір отынға қосу жұмыстары қарқынды түрде...

Соғыс ардагерлерін қала әкімі Жаңа жылмен құттықтады

Талдықорған қаласының әкімі  Ернат Дүйсенбекұлы Жаңа жыл мерекесіне орай Ұлы Отан соғысының ардагерлері Ысқақ  Хусайынов пен Қаңтарбай Сәрсенбай  ақсақалдың үйіне барып, ақжарма тілегін айтты. Ұзақ өмір, мықты денсаулық тілеп, жаңажылдық сыйлығын табыс етті.  Ғасыр жасаған ардагерлер қала басшысына көрсеткен құрметі үшін өз ризашылықтарын білдірді.