Ынтымақ тұрғын үй алабына табиғи газ берілді

703

Жаңа жыл қарсаңында көптен күткен қуаныш Ынтымақ елді мекеніне табиғи газ берілді. Енді көмір тасып, от жағу машақатын көріп келген 10 мыңға жуық тұрғын көгілдір отынның қызығын көрмеді,- деп хабарлайды қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап taldykorgan-online.kz.

Салтанатты шараға қала әкімінің орынбасары Қуаныш Бақытұлы қатысып, жұртшылыққа қала әкімінің құттықтауын жеткізіп, қуаныштарымен құттықтады.

Бүгінде, қаланы толық көгілдір отынға қосу жұмыстары қарқынды түрде жүргізілуде. Оған дәлел, биылғы жылы Үйтас саяжайы мен «Жастар-2» және Ынтымақ тұрғын үй массиві газға қосылса, келер жылы жоспарға сай 8 саяжай қоғамымен Мойнақ ауылы газға қосылмақ.

Айтып өткен жөн, аймаққа 113,5 шақырым болатын газ құбыры тартылып, құрылыс жұмыстарын «МБК Құрылыс» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүргізді. Естеріңізге салсақ, Ынтымақ массивінде 2430 абонет бар.

«Біз қаламызды газдандыру жұмыстарын жүйелі жүргізіп келеміз. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес 2025 жылға дейін қаланың барлық аймағынын толық газбен қамтымақпыз», — деді қала әкімі орынбасары Қуаныш Бақытұлы.

Айта кетейік, қазіргі таңда қаланың 90%-ы көгілдір отынмен қамтамасыз етілген.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз