Ең төменгі жалақы мен АЕК өседі

285

2024 жылғы 1 қаңтардан бастап елімізде ең төменгі жалақы 70 мыңнан 85 мың теңгеге дейін өседі. Нәтижесінде айлығы төмен 1 миллион 800 мың адамның, оның ішінде бюджет саласында еңбек ететін 350 мың азаматтың табысы артады. Айта кетері, Еңбек кодексіне сәйкес, жұмыс берушілер еңбекақыны ең төменгі жалақыдан кем емес деңгейде төлеуге міндетті. Сондай-ақ жаңа жылдан бастап айлық есептік көрсеткіш 3 692 теңгені құрайды. Биыл 1 АЕК мөлшері 3 450 теңге болды. Айлық есептік көрсеткіш жәрдемақы, айыппұл, салық және басқа да төлемдерді есептеу үшін қолданылады. Яғни, АЕК өссе, жәрдемақылар мен айыппұлдар да артады. Бұдан бөлек базалық әлеуметтік төлемдердің мөлшерін есептеуге арналған ең төменгі күнкөріс деңгейі 2024 жылы 43 407 теңге болып бекітіледі.

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз