Биыл денсаулық сақтау саласында 94 нысан тұрғызылады
Жетісу облысында денсаулық сақтау саласындағы инфрақұрылымды дамыту мақсатында биылдың өзінде 94 нысан тұрғызылады, соның 59-ы «Ауылдық жерлердегі денсаулық сақтауды жаңғырту» Ұлттық жобасы шеңберінде салынады, сол қатарда дәрігерлік амбулатория, фельдшерлік-акушерлік пункт, медпункт бар. Бұл ретте нысандардың 27-сі блокты-модульді құрылыс болады.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметіне қарағанда, 2022 жылдан бері өңірде 40-тан астам нысан салынған. Осы орайда 2022 жылы 12, 2023 жылы...
Өткен бес айда облысқа тартылған инвестиция көлемі артты
Осы жылдың қаңтар-мамыр айларында Жетісу облысының экономикасына 21,0% өсіммен 84,6 млрд. теңге инвестиция тартылды, соның ішінде жеке инвестициялар 1,8 есеге өсті. Облыстық экономика және бюджеттік жоспарлау басқармасының мәліметіне қарағанда, инвестиция тарту жағынан ең жоғары өсу қарқыны Сарқан (3,3 есе) және Көксу аудандарында (2,5 есе) байқалды,оның ішінде жеке инвестициялар бойынша – Сарқан (5,4 есе), Алакөл (2 есе), Кербұлақ (1,9 есе),...
Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері
Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері медицина саласында ең өзекті тақырыпқа айналды. Жыныстық қатынастың ерте басталуы және де алдын-ала контрацепция әдістері туралы хабардар болмауы жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ерте жыныстық қатынасқа түсу, жұқпалы аурулар мен қажетсіз жүктілікке итермелейді. Бүгін осы тақырып аясында, Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова облысымызда орын алып жатқан жағдайларды Өңірлік коммуникациялар...
Коммуналдық қызмет көрсету шартын онлайн режимінде жасауға болады
Енді жылжымайтын мүлік иелеріне коммуналдық қызметтерді алу мақсатында шарт жасау үшін коммуналдық мекемелерге барудың қажеті жоқ. Оларға жылжымайтын мүлікті тіркеу кезінде шартты автоматты түрде жасау туралы SMS-хабарлама келетін болады.
Пилоттық жоба Алматы, Ақтөбе, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Қарағанды, Қостанай, Қызылорда, Маңғыстау және Түркістан облыстарында, сондай-ақ Жетісу облысында іске асырылды. Айта кетейік, бұған дейін бұл қызмет Астана мен Алматыда жүзеге асырылған...
23 Маусым – Қазақстан Полициясының күні
Кез келген дамыған мемлекеттің саяси құрылымында Ішкі істер органдары маңызды орынға ие. Себебі Ішкі істер құрылымдарының қызметі қоғам өмірімен етене байланыста. Өңір тұрғындарының қауіпсіздігін сақтап, тыныштықты күзету жолында полиция қызметкерлерінің еңбегі ерен. 23 маусым дәл осы үлкен жауапкершілік пен жанкешті еңбекті талап ететін мамандық иелерінің төл мерекесі. Аталмыш күн қарсаңында Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз алаңында облыстық Полиция департаменті бастығының...
Заңнамадағы өзгерістер: отбасылық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес және вейптарға тыйым салу
Өңірлік коммуникациялар қызметінде БАҚ өкілдерімен баспасөз мәслихаты ұйымдастырылып, Заңнамадағы елеулі өзгерістер туралы талқыланды. Жетісу облыстық полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасұлан Байкенов әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қорғауға бағытталған маңызды заңның күшіне енгенін хабарлады. Осы жылы 15 сәуірде Мемлекет басшысы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген түзетулермен қоса әйелдер құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері жөніндегі заңға қол...
Қаламызды таза ұстау мәдениетіне бәріміз атсалысайық!
Облыс орталығы Талдықорған қаласында жаңа құрылыс бастау алып, халық саны да арта түсуде. Сондықтан да қала көркіне, тазалығына жіті көңіл бөлініп келеді.
Осы жылғы 1 маусымнан бастап облыс орталығы Талдықорған қаласының қатты тұрмыстық қалдықтарды тасымалдау-жинау жұмысымен «Жаңа Сана» ЖШС айналыса бастады. Бастысы қаламыздың таза да көрікті болуы. Сәрсенбі күні Б.Құранбек атындағы Журналистер үйіне келген Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл бүгінгі...
Қоғалы алқабынан сирек кездесетін тиын табылды
«Таңбалы» ғылыми қызметкерлері халықаралық тарихи-археологиялық экспедиция өткен Қоғалы алқабында қазба жұмыстары кезінде сенсациялық жаңалық ашты. Қазақстанда алғаш рет өте сирек кездесетін тиын табылды.
Түркі-соғды ерте ортағасырлық нумизматика саласындағы мамандардың пікірінше, бұл монета VII ғасырдың ортасынан бастап қолданылған. Экспедиция зерттеу жүргізген Коғалы алқабының ескерткіштері VII-VIII ғасырлардың алғашқы жартысында Жетісу жерін мекендеген батыс түріктердің мәдениетіне жатады.
Қазір «Таңбалы» ғылыми-реставрациялық зертханасында бірегей артефактқа қатысты...
Талдықорғанда арнайы дыбыстық құрылғысы бар бағдаршам орнатыла бастады
Талдықорғанда бағдаршамдар мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған арнайы дыбыстық құрылғылармен жабдықтала бастады. Жуырда облыс орталығы Талдықорған қаласында орнатылып жатқан дыбыстық құрылғылары ең алдымен сынақ режимінде жұмыс істейтін болады дейді сала мамандары. Осылайша қалада тұратын зағип жандар, құлағы нашар еститін азаматтар мен қариялардың көшеден өтуі қауіпсіз болмақ. «Мұндай арнайы дыбыс құрылғыларын бүгінгі күні Рүстембеков көшесі мен Н. Назарбаев даңғылының, Қонаев пен...
Ердің атын еңбек шығарады
«Қағидамыз – әділдік, тірегіміз – жауапкершілік, мақсатымыз – өрлеу. Еліміз осы құндылықтарды берік ұстана отырып, даму көкжиегін сөзсіз кеңейте түспек». Президент Әділетті Қазақстанды құру үшін әрбір қызметшінің отаншыл, адал болуы және өз ісіне жауапкершілікпен қарауы өте маңызды екенін атап өткен болатын. Ел тағдырына өз тағдырындай қарайтын азаматтар жоқ емес. «Ұлық болсаң - кішік бол» деген халқымыздың даналық тұжырымын, есті...





























