Қазіргі қоғамда жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері медицина саласында ең өзекті тақырыпқа айналды. Жыныстық қатынастың ерте басталуы және де алдын-ала контрацепция әдістері туралы хабардар болмауы жасөспірімдердің денсаулығына кері әсерін тигізуде. Ерте жыныстық қатынасқа түсу, жұқпалы аурулар мен қажетсіз жүктілікке итермелейді. Бүгін осы тақырып аясында, Жетісу облыстық денсаулық сақтау басқарма басшысының орынбасары Жанета Нұрманбетова облысымызда орын алып жатқан жағдайларды Өңірлік коммуникациялар қызметінің баспасөз маслихатында баяндады. Жанета Нұрманбетованың айтуынша, жыл басынан бері 15-18 жас аралығындағы жасөспірімдердің 14%-ы жүкті болған. Олардың 57%-ы жүктіліктің тууына, 27%-ы жасанды түсік, ал 16%-ы өздігінен түсік тастаған. Бұл статистикаға алаңдатушылық танытпасақ, жасөспірімдердің репродуктивті денсаулығының нашарлауына алып келуде. Қыздар мен жасөспірімдердің репродуктивті және соматикалық денсаулығының бұзылуы бала тууға, сондай-ақ болашақ ана мен нәресте өлімінің коэффициенттеріне тікелей әсер етеді. Денсаулықты сақтау және жасөспірімдер мен жастарға тегін білікті медициналық, психологиялық, әлеуметтік және заңгерлік көмек көрсетудің қолайлы жағдайларын қамтамасыз ету үшін «Талдықорған қалалық емханасы» ШЖҚ МКК базасында Жастар денсаулық орталығы жұмыс істейді. Бұл орталықта жасөспірімдер контрацепция әдістері және оларды қолданудың маңыздылығы туралы ақпарат алады. Жасөспірімдердің репродуктивті денсаулық мәселелері әлеуметтік қолдауды талап ететін, медициналық көмекті қажет ететін кешен болып табылады. Жастардың денсаулық сақтау орталықтары мен отбасын жоспарлау кабинеттерінің жұмысы қажетсіз жүктіліктің алдын алуда және жасөспірімдердің денсаулығын сақтауда шешуші рөл атқарады. Алайда, оң нәтижелерге қол жеткізу үшін жасөспірімдер үшін барлық қажетті ресурстардың қолжетімділігін қамтамасыз етуіміз қажет.