5%-дан аспайтын мөлшерлеме бойынша тұрғын үй сатып алу жүзеге асырылады
Жетісу облысында 2023-2029 жылдарға арналған тұрғын үй-коммуналдық инфрақұрылымды дамыту тұжырымдамасы шеңберінде «Отбасы банк» АҚ «Жылдық 5%-дан аспайтын сыйақы мөлшерлемесі бойынша алдын ала немесе аралық тұрғын үй қарыздарын беру арқылы кредиттік тұрғын үйді сату бағыты шеңберінде кезекте тұрғандарға тұрғын үйді бөлу туралы мәлімдейді.
Өтініш беру Otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында жүзеге асырылады. Оған жергілікті атқарушы органдарда кезекте тұрған Банк салымшылары ғана өтінім...
«Тіл – ғұмыр» облыстық жас қаламгерлер байқауы
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалымен, «Janr» Жетісу әдеби клубымен және Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалымен бірлесе отырып, «Шамшырақ» жүлдесі үшін «Тіл – ғұмыр» облыстық жас қаламгерлер байқауын жариялайды.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет- ресурсы мен әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram) парақшаларында орналастырылады....
Облыстық «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» байқауына өтінімдер қабылдау басталды
«Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауының
ЕРЕЖЕСI
Жалпы ережелер
Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) «Жарнама – тіл тазалығының көрінісі» облыстық байқауын (бұдан әрі – Байқау) жариялайды.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет- ресурсы мен әлеуметтік...
Жетісу облысында жыл басынан 14 салықтық тексеріс жүргізілді
Жыл басынан 14 салықтық тексеріс жүргізілген. Нәтижесінде 1 614 000 теңге есептеліп, оның 975 млн. теңгесі өндірілді. Бұл былтырғы жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда екі есеге көп.
Өңірде салықты төлеуден жалтарып жүргендердің саны 24 мыңға жуық. Оның 21 мыңнан астамы жеке тұлғалар болса, қалғаны кәсіпкерлер. Ең көбіне автокөліктер тізгіндеген жүргізушілер салықтан жалтарып жүр. Сондықтан Кірістер департаментінің мамандары полиция қызметкерлерімен бірлесіп...
Жетісу облысының 16 оқушысы халықаралық олимпиадаларда жүлделі орындарға ие болды
2023-2024 оқу жылында «Дарын» РҒПО-ның жұмыс жоспарына сәйкес 3 халықаралық олимпиадаға қатысты. Байқауларға барлығы 33 оқушы қатысып, оның ішінде 16 оқушы жүлделі орындарға ие болды. Олардың екеуінің «Түймаада» Халықаралық олимпиадасында бағы жанды.
Саха Республикасында «Түймаада» ХХХІ халықаралық олимпиадасы онлайн форматта өтті. Олимпиадаға «Білім-инновация» лицей-интернатының оқушылары қатысып, Исатай Исмағзи информатика пәні бойынша І орын, 500 мың теңгеге сертификат және Әл-Тайыр Сайлаубай...
Жетісу облысында астық жинау науқаны басталды
Жетісу облысында егін ору жұмыстары 8 шілдеден басталып, жалғасуда. Бүгінгі күнге 25,4 мың гектар дәнді дақылдар орылып, 63,7 мың тонна астық бастырылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, осы жылы облыста 956 мың тонна дәнді дақылдар жинау жоспарланып отыр.
Өнімді тазалауға арналған машиналармен қамтылған 92 қырман және өнімді сақтауға сыйымдылығы 713,5 мың тоннаға арналған...
Жетісуда «Таза Қазақстан» акциясы аясында республикалық жол жиектері тазаланды
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Жетісу облысында республикалық жолдардың бойында тазалық шаралары жүргізілді. Мәселен, өткен аптада Көксу, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласы аралығындағы ұзындығы 69,5 шақырым болатын «Алматы-Өскемен» республикалық тас жолының бойында абаттандыру және санитарлық тазалау жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға 150 адам, 21 бірлік техника жұмылдырылды. 84 тонна қоқыс шығарылып, 5 шақырым қоршау сырланды, 4,5 шақырым арық желілері тазаланып, қураған...
Баланың денсаулық паспорты электрондық форматқа ауысады
ҚР Денсаулық сақтау министрлігі медициналық қызметтерді цифрландыру бойынша жұмыстың шеңберінде баланың денсаулық паспортын электрондық форматқа көшіру жобасын әзірледі. Ата-аналар бұл құжатты бірінші сыныпқа түскен кезде міндетті түрде мектепке ұсынады, бұл жыл сайын 380 мыңнан астам баланы құрайды.
Баланың денсаулық паспорты денсаулықты нығайтуға, аурулардың алдын алуға және кішкентай пациенттерді емдеуге бағытталған профилактикалық іс-шаралар туралы ақпаратты қамтитын негізгі құжат болып табылады.
Бұл құжатты...
Оңтүстік Кореялық дәрігерлер жетісулықтар үшін тегін қабылдау өткізеді
Осы жылдың 21-26 шілде күндері «Талдықорған қалалық көпсалалы аурухана" ШЖҚ МКК базасында (Талдықорған қ., Райымбек батыр көшесі, 35) Оңтүстік Кореяның HYUNDAE General Hospital госпиталінің кәсіби білікті, волонтер дәрігерлерінің қатысуымен қайырымдылық акциясы өтеді.
Іс-шара барысында хирургия, нейрохирургия, травматология, ортопедия, неврология, кардиология салалары бойынша қабылдау жүргізіліп, консультация беріледі, операциялар жасалады.
Қабылдау сағат 9.00-ден 17.00-ге дейін.
Жетісу облысының денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша.
Биыл Жетісуда 13 мың бала бірінші сыныпқа барады деп күтілуде
Жетісу облысында 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа 13 мың бала барады деп күтілуде. Бүгінге дейін 11 200-ге жуық баланың ата-анасынан өтініш түскен, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық білім басқармасының мәліметіне қарағанда, 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа құжат қабылдау 1 сәуірден басталған.
«Биыл Жетісу өңірінде 2024-2025 оқу жылына 1 сыныпқа 13 мың бала келеді деп жоспарлап отырмыз. 1 сәуірден...





























