Жетісу облысының қоғамдық даму басқармасы (бұдан әрі – Басқарма) Қазақстан Жазушылар одағы Жетісу облыстық филиалымен, «Janr» Жетісу әдеби клубымен және Халықаралық «Қазақ тілі қоғамы» қоғамдық бірлестігі Жетісу облыстық филиалымен бірлесе отырып, «Шамшырақ» жүлдесі үшін «Тіл – ғұмыр» облыстық жас қаламгерлер байқауын жариялайды.
Байқауды ұйымдастыру және өткізу туралы хабарландыру бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады және Басқарманың интернет- ресурсы мен әлеуметтік желілердегі (Facebook, Instagram) парақшаларында орналастырылады. Сондай-ақ тиісті мекемелерге (аудан, қала әкімдіктеріне) ресми хат жолданады.
Байқаудың мақсаты мен міндеттері:
– Талантты жастарды анықтау және қолдау көрсету;
– Төл әдебиетімізді жаңа туындылармен толықтырып, тіл мәдениетін көтеру;
– Жергілікті қаламгерлердің шығармашылығын насихаттау.
Байқаудың негiзгi шарттары:
– Байқауға 18-40 жас аралығындағы облыс аумағында тұратын, соңғы бес жылда осы шараға қатысып, Бас жүлде алған қаламгерлерден басқа кез-келген ақын-жазушы қатыса алады.
– Байқауға қатысушылар төмендегідей 2 (екі) жанр бойынша бақ сынайды:
– «Поэзия» жанры;
– «Проза» жанры.
– Бір автор тек 1 (бір) жанр бойынша байқауға қатысуға өтініш бере алады.
– Поэзия жанры бойынша үміткерлер халқымыздың біртуар перзенті, ұлы ақын Абай Құнанбайұлына арнау және еркін тақырыпта бір өлең, барлығы 2 (екі) өлең ұсынуы қажет. Өлеңнің жалпы көлемі 10 парақтан аспауы тиіс.
– Проза жанры бойынша қатысушылар еркін тақырыпта бұрын-соңды еш жерде жарияланбаған, 25 беттен (1.5 баспа табақ) аспайтын бір шығармасын (эссе, әңгіме, повесть т.б) ұсына алады. Шығарманың алғашқы бетіне жанр атауы жазылуы тиіс.
– Ұсынылған шығармалар компьютерде қаріп өлшемі – 14, Times New Roman, 1,5 интервалмен терілуі тиіс.
– Бұдан бұрын мерзімді басылымдарда, сайттарда, әлеуметтік желілерде жарияланған немесе басқа байқауларға ұсынылған және техникалық, мазмұндық басқа да талаптарға сай келмейтін шығармалар қабылданбайды.
– Байқауға қатысушылардың жұмысын талапқа сай саралап, жеңімпаздарды анықтау үшін қазылар алқасы құрылады. Қазылар алқасының құрамына әр жанр бойынша кемінде үш адамнан тұратын өңірімізге танымал ақын-жазушылар, тіл, әдебиет салаларының білікті мамандары, зиялы қауым өкілдері кіреді.
- Қазылар алқасының шешiмiне сәйкес хаттама толтырылады, шешім қайта қарауға және талқылауға жатпайды.
Үміткерлердің шығармаларын бағалау:
Қазылар алқасы байқауға ұсынылған шығармаларды бағалауда келесі шарттарды басшылыққа алады:
- Шығарма тақырыбының байқау мақсатына сәйкестігіне;
- шығарманың идеялық мазмұнына;
- туындының көркемдік сапасына;
- автордың сөз саптау мәнері, стильдік ерекшелігіне назар аударылады.
Қатысу үшін өтінім беру тәртібі:
– Байқауға қатысушылар өтінімін (қол қойылған, сканерлеген), шығармаларын және өздері туралы қысқаша мәліметті (жеке куәлігінің көшірмесі PDF форматта, қысқаша өмірбаян, түрлі-түсті фотосуреті 13х18 электронды нұсқасымен) «Тіл ғұмыр» жас қаламгерлер байқауына» деген белгімен 2024 жылғы 16 тамызға дейін zhetysu.til@mail.ru электрондық поштасына жолдауы тиіс:
Байқау қорытындысы, іс-шараның өтетін уақыты қосымша хабарланады. Марапаттау рәсіміне тек жеңімпаздар ғана шақырылып, салтанатты түрде «Шамшырақ» жүлдесі, дипломдар мен қаржылай сертификаттар табысталады.
Мекенжай: Талдықорған қаласы, Қаратал шағын ауданы, 36/Б, Тіл сарайы
Байланыс телефондар: +7 (7282) 40-10-49, +7 777 234 79 78
«ТІЛ – ҒҰМЫР» облыстық жас қаламгерлер
байқауына қатысу үшін
ӨТІНІМ
- Аты жөні (толық): ____________________________________________________________
- Білімі:
________________________________________________________
- Қатысушының жұмыс орны: ____________________________________________________________
- Мекенжайы:
________________________________________________________
- Байланыс телефондары:
________________________________________________________
- Шығармалардың толық атауы:
1)
___________________________________________________________
2)
____________________________________________________________
5. Қатысушының қысқаша шығармашылық өмірбаяны, жетістіктері: