«ЦОН» мобильді қосымшасы: қазақстандықтар қосымша арқылы қанша қызмет түрін алады
Қазақстанда мемлекеттік қызметтер кезең-кезеңімен цифрлық форматқа көшіп жатыр. Қазіргі таңда мемлекеттік қызметтер тізілімінде 1448 қызмет бар, оның 1278-і онлайн форматта қолжетімді. Осындай цифрлық арналардың бірі – «ЦОН» мобильді қосымшасы. Онда 18 қызмет іске қосылған, оның ішінде бейнеқоңырау форматында 79 қызмет түрі бар, деп хабарлайды «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы.
Мемлекеттің корпорацияның мәліметінше, 2025 жылы «ЦОН» мобильді қосымшасын 2 миллионнан астам...
«ECOSANA» ұран емес, ұстаным
Текеліде «Таза Қазақстан» жалпыұлттық экологиялық акциясы аясында жастарға арналған «EcoSana» атты интеллектуалды ойын ұйымдастырылды. Маңызды бастама өскелең ұрпақтың экологиялық мәдениетін арттыруға, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін қалыптастыруға және табиғатты қорғау мәселелері бойынша ой-өрісін кеңейтуге бағытталды.
Қоршаған ортаның табиғи жағдайын жақсарту қоғамның ортақ міндеті. Осыны терең түсінген ұйымдастырушылар «EcoSana» ойынын пікірталас пен білім сайысының үйлесіміне айналдыра білді. Интеллектуалды сайыс барысында қатысушылар жаһандық...
Жетісу облысы МЖӘ жобаларын жүзеге асыру бойынша белсенді өңірлер қатарында атанды
ҚР ҰЭМ Қазақстандық мемлекеттік-жекеменшік әріптестік орталығының басқарма төрағасы Аслан Қалиғазиннің айтуынша, рейтинг енгізілгеннен бері өңірлер өз жобаларына мониторинг жүргізуге белсендірек кірісіп, құжаттаманы жүйелеп, инвестиция тартуға басымдық бере бастады.«2025 жылдың қорытындысы бойынша Павлодар облысы, Астана қаласы, Ақтөбе, Қызылорда, Қостанай облыстары мен Жетісу облысы әкімдіктерінің мемлекеттік-жекеменшік әріптестік жобалары көшбасшылар қатарына енді. Бұл өңірлер өзге өңірлермен салыстырғанда инвестицияларды көбірек тартып, жобалардың іске...
Жетісуда қараусыз жүрген жануарлар мәселесі қалай шешілуде
Жетісу облысында қараусыз жүрген жануарлар санын азайту мақсатында оларды аулау жұмыстары тұрақты жүргізілуде. «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» Заң аясында чиптеу, вакцинациялау және стерилизациялау шаралары жүзеге асырылады. Аулау жұмыстары ықтимал шоғырлану орындарын мониторингтілеу негізінде бекітілген кестеге сәйкес, сондай-ақ жеке және заңды тұлғалардың өтініштері бойынша жүргізіледі, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Облыстық ветеринария басқармасының мәліметінше, барлық ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар қолданыстағы...
Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев азаматтарды жеке мәселелері бойынша қабылдады. Қабылдауда тұрғындар тұрғын үй алу, ономастикалық және құқықтық мәселелер бойынша жүгінді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Қабылдауда Алакөл, Ескелді аудандары мен Талдықорған қаласының тұрғындары болды. Өңір басшысының алдына кірген Серік Асылбеков Ұлы Отан соғысына қатысқан майдангер әкесінің атына көше беру туралы ұсынысын жеткізді. Оған елді мекендердің...
Олжас Бектенов «ДӨО алқабы» жобасы аясында Президент тапсырмаларының орындалуы бойынша жиын өткізді
Премьер-министр Олжас Бектенов «Деректерді өңдеу орталықтары алқабы» жобасының Ұлттық құрылтайдың V отырысында Президент қойған міндеттер шеңберінде жүзеге асырылу барысы қаралған жиын өткізді.
Онда Премьер-министрдің орынбасары – жасанды интеллект және цифрлық даму министрі Жаслан Мәдиев, «Қазақтелеком» АҚ басқарма төрағасы Бағдат Мусин жобаның биылғы қаңтар айында Павлодар облысы Екібастұз қаласында іске қосылғаннан бергі атқарылған жұмыстар туралы баяндады.
Орталық Азиядағы энергетикалық әлеуеті 1 ГВт-қа...
«Таза Қазақстан»: Жетісуда балалар мен спорт алаңдары жаңғыртылуда
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасын іске асыру шеңберінде елді мекендердің инфрақұрылымын жақсарту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылды. 2025 жылы өңірде балалар мен спорт алаңдарын салу және қолданыстағы нысандарды жаңғырту шаралары іске асты. Бағдарлама аясында облыс бойынша 81 жаңа нысан пайдалануға беріліп, жас ұрпақтың қауіпсіз ортада ойнауына, ал тұрғындардың бұқаралық спортпен айналысуына қолайлы жағдай жасалды.
Аталған нысандарды салу және жөндеу жұмыстарына...
Жаңа Конституцияда маңызды нормалар қарастырылған
«Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясы, 16 ақпаннан бастап ел аралап, қоғамның түрлі топтарымен кездесіп, Жаңа Конституцияны талқылауда.
Коалицияның мүшелері бірнеше күннің ішінде еліміздің тоғыз өңірін аралап, мыңдаған кездесу өткізді.
Коалиция мүшесі ретінде мен де бірнеше өңірді аралап қайттым.
Бір мәселені ашық айтуымыз керек, тек соңғы 7 жылда еліміз отыз жылда ойға келмеген, іргелі және маңызды өзгерістерді бастан өткерді.
Президенттің бастамасымен төрт саяси реформалар пакеті, жүзеге...
Респонденттердің 86,5%-ы Жаңа Конституция жобасын қолдайды
Қоғамдық саясат институты жүргізген сауалнама Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясы жобасы жөнінде халықтың хабардарлық деңгейі жоғары екенін көрсетеді. «Қазақстан Республикасының жаңа Конституция жобасы туралы естідіңіз бе?» деген сауалнама сұрағына респонденттердің 87,5%-ы құжатпен белгілі бір деңгейде таныс екенін білдірген: олардың 34,2%-ы мазмұнын жақсы білетінін айтса, тағы 53,3%-ы жоба туралы естігенін, бірақ егжей-тегжейімен таныс емес екенін жеткізген. Сонымен қатар, сауалнамаға қатысқандардың 12,5%-ы бұл туралы ештеңе естімегенін мәлімдеген.
Жаңа Конституция...
Ауқымды құқықтық реформа
Жаңа Конституция жобасы – елдің саяси жүйесін жаңғыртуға бағытталған ауқымды құқықтық реформа. Қазіргі цифрлық технологиялар қарқынды дамыған заманда азаматтардың құқықтарын қорғау мәселесі жаңа мазмұнға ие болып отыр. Ақпараттық қоғам жағдайында адамның құқығы виртуалды ортада да сақталуы тиіс. Осы тұрғыдан алғанда, жаңа Конституция жобасында цифрлық ортадағы құқықтарды қорғауға ерекше мән берілуі уақыт талабына сай қадам деп білемін.
Біріншіден, жеке деректердің қорғалуы...





























