11 облыста күн қатты ысиды — Қазгидромет
«Қазгидромет» РМК-сы тамыздың 2-сі күнгі күн райы болжамын жариялады.
Кәсіпорынның деректеріне қарағанда атмосфералық фронталды бөліктер Қазақстанның басым бөлігінде күннің құбылып тұруына ықпал етеді, яғни найзағай ойнап, жаңбыр жауады деп күтілуде. Тек елдің батысында, оңтүстігінде, шығысында күн жауын-шашынсыз болады. Республика бойынша жел күшейеді, елдің солтүстігінде түнде және таңертең тұман түседі.
Күндіз Алматы, Атырау, Қызылорда, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Жетісу, Ұлытау, Абай облыстарында,...
Париж-2024: 2 тамызда қазақстандықтар қай спорт түрінен сайысқа түседі
2 тамызда Париж Олимпиадасында қазақстандық спортшылар спорттың 8 түрінен — стендтік ату, академиялық есу, дзюдо, жеңіл атлетика, жүзу, семсерлесу, бокс және батут гимнастикасынан жарыс жолына шығады.
Стендтік ату
12:30. Скит. Ерлер. Іріктеу. Эдуард Ещенко
Академиялық есу
12:54. М1Х. Финал Е. Владислав Яковлев
Дзюдо
13:00 (Іріктеу), 19:00 (Финал). 78 келіден жоғары. Әйелдер. Кәмила Берліқаш
Жеңіл атлетика
13:15. Биіктікке секіру. Іріктеу. Надежда Дубовицкая, Елизавета Матвеева
Суға жүзу
14:00 (Іріктеу), 00:00 (Жартылай финал). Баттерфляй....
Павлодарда Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бәйге жарысына іріктеу басталады
3 және 11 тамызда Павлодар мен Алматы қалаларында іріктеу өтеді.
Биылғы қыркүйекте Астанада өтетін 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында 3 тамызда Павлодарда бәйге жарысынан қатысушалардың бірінші іріктеуі өтеді, деп хабарлайды inbusiness.kz сайты.
Жүлде қоры 24 900 000 теңгені құрайтын жарыс құнан бәйге, топ бәйге, аламан бәйге мен жорға жарыс сияқты 4 түр бойынша өтеді. Шара серіктестері Бәйге федерациясы республикалық қоғамдық бірлестігі, Палодар облысының...
Жетісу облысының төрт ауылындағы 6400 адам табиғи газға қосылуға мүмкіндік алды
Бүгін Жетісу облысы Қаратал ауданының төрт ауылына табиғи газ қосылды. Атап айтқанда, Бастөбе, Достық, Қанабек, Жаңаталап ауылдарына жалпы ұзындығы 96 шақырым құбыр тартылып, 6400 тұрғын көгілдір отынға қосылуға мүмкіндік алды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Осы күні Бастөбе ауылында алғашқылардың бірі болып тұрғын үйіне газ қостырған тұрғынның бірі Майра Еришова мүгедектігі бар балаларға үйде арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету бөлімшесінің...
3 тамызда жетісулық тұрғындарды өкпе скринингінен өтуге шақырады
2024 жылғы 1-3 тамыз аралығында Қазақстанның мемлекеттік онкология орталықтары барлық ниет білдірушілерді өкпе обырының профилактикасына және ерте анықтауға арналған Ашық есік күндеріне шақырады. Іс-шара жыл сайын 1 тамызда атап өтілетін Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне орайластырылған.
Ашық есік күндері шеңберінде барлық ниет білдірушілер онкологтың білікті консультациясын тегін ала алады және көрсетілімдер болған жағдайда өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясынан (ТДКТ)...
Тұрақты энергетикалық базаны қамтамасыз етеді
Қазақстанда атом электр станциясын салу еліміздің энергетика саласын дамыту және оны тұрақты электрмен қамтамасыз ету үшін маңызды қадам бола алады. Ол сондай-ақ атом энергетикасы саласындағы ғылыми зерттеулер мен әзірлемелерге көмектесе алады.
Қазақстанның айтарлықтай уран қоры бар, бұл оны атом электр станциясын салу үшін тартымды орынға айналдырады. Сонымен қатар, елде атомдық технология бойынша тәжірибе бар, бұл зауытты салу және пайдалану үдерісін...
Әлеуметтік кәсіпкер мәртебесін қалай алуға болады. Қадамдық алгоритм!
Әлеуметтік кәсіпкерлік дегеніміз не?
Қоғамдық мәселені шешетін немесе оның салдарын жеңілдететін бизнес Әлеуметтік кәсіпкерлік деп аталады. Оның пайдасы істі дамытуға және халықтың әлеуметтік осал топтарының өмір сүру сапасын жақсартуға бағытталады.
Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің м. а. 2023 жылғы 17 шілдедегі № 140 бұйрығымен бекітілген Әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілерінің тізілімін жүргізу қағидаларына сәйкес әлеуметтік кәсіпкерлік субъектілері 4-санатқа бөлінеді:
Бірінші санаттағы ӘКС – азаматтардың мынадай санаттарын:
...
Жарнамалар жарымжан күй кешпесін
Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Жетісу облыстық филиалы қызметкерлері және тіл жанашырлары Талдықорған қаласындағы Т. Шевчено, Біржан сал көшелері мен 5 шағын аудан аумағындағы орналасқан бірқатар нысандарды аралап көрді.
Бұл шараның мақсаты - Қазақстан Республикасының Тіл туралы заңының 21-бабын ескере отырып, ілінген жарнамалардың, көрнекі ақпараттардың, іс қағаз үлгілерінің, сауда орталығындағы тауарлардың арнайы мәліметтер көрсетілген тауарлық жапсырмаларында кеткен қателерге байланысты әдістемелік көмек...
«Мектепке жол» республикалық акциясы басталады
Еліміз бойынша жыл сайынғы «Мектепке жол» республикалық акциясы биылғы 1 тамыздан 30 қыркүйекке дейін жалғасады.
Әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балаларын киім-кешек, кеңсе тауарларымен қамту мақсатында 1 балаға 43 407 теңгеден бөлінді. Қаражат ата-аналардың карточкалық есепшоттарына 10 тамызға дейін толық аударылады.
Жетісуда Балқаш көліне дейінгі 132 шақырым жолдың құрылысы 2025 жылғы туристік мерзімге дейін толық аяқталады
Мемлекет басшысының Жетісу облысына келген жұмыс сапары барысында берген тапсырмасын іске асыру бағытында Балқаш көліне дейінгі жалпы ұзындығы 132 шақырымдық жолда, яғни «Лепсі – Балқаш көлі» (27 км) және «Молалы-Лепсі-Ақтоғай» учаскесінде (105 км) құрылыс жұмыстары жүргізілуде. Бұл – облыстағы инфрақұрылымды дамытудың басты жобаларының бірі. Осы орайда биылғы жылдың соңына дейін аталған жол төменгі асфальт жабынымен көлік қозғалысы үшін ашылады...





























