3 тамызда жетісулық тұрғындарды өкпе скринингінен өтуге шақырады

234

2024 жылғы 1-3 тамыз аралығында Қазақстанның мемлекеттік онкология орталықтары барлық ниет білдірушілерді өкпе обырының профилактикасына және ерте анықтауға арналған Ашық есік күндеріне шақырады. Іс-шара жыл сайын 1 тамызда атап өтілетін Дүниежүзілік өкпе обырына қарсы күрес күніне орайластырылған.

Ашық есік күндері шеңберінде барлық ниет білдірушілер онкологтың білікті консультациясын тегін ала алады және көрсетілімдер болған жағдайда өкпенің төмен дозалы компьютерлік томографиясынан (ТДКТ) өте алады. Бұл қызметтер өкпе обырының ықтимал белгілерін ерте анықтауға және тұрақты тексерулердің маңыздылығы туралы халықтың хабардар болуын арттыруға бағытталған.

Қазақстандық онкологтар 45 пен 69 жас аралығындағы темекі шегушілерге жыл сайын өкпенің ТДКТ-дан өтуді ұсынады. Бұл әдіс обырды ерте сатысында анықтауға мүмкіндік береді, бұл сәтті емдеу және қалпына келтіру мүмкіндігін айтарлықтай арттырады.

Қабылдау 20 мемлекеттік онкология орталығында тегін өтеді. Алдын ала жазылу талап етілмейді, өзіңізбен бірге жеке куәлігіңіз болуы тиіс. Қосымша ақпаратты көрсетілген телефон арқылы алуға болады.

Жетісу ооблысы / Талдықорған қ.

Өткізілетін күні: 03.08.2024 ж.

Уақыты: 09.00-13.00

Мекнжайы:  Талдықорған қ., облыстық көпсалалы клиника, Абай, көшесі, 316

Анықтама тел.: 40-10-55

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынша 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз