ТАЗА ҚАЗАҚСТАН: ЖЕТІСУДА ТАЗАЛЫҚ ШАРАЛАРЫ ЖАЛҒАСЫП ЖАТЫР
Жетісу облысында «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында тазалық шаралары тұрақты үрдіске айналып, жалғасып жатыр. Тұрғындар тарапынан зор қолдауға ие болған экологиялық шараға бүгінде 172 мыңнан астам адам атсалысып, түрлі тазалық шараларына қатысты.
8 тамыз күні облыста бірқатар атаулы шаралар ұйымдастырылды. Атап айтар болсақ, «Жетісу жастары» КММ және «Жасыл ел» еңбек жасақшыларымен бірлесе отырып, Халықаралық жастар күні қарсаңында және «Таза...
ЖЕТІСУДА «ЖАСЫЛ ЕЛ» — ЭКО КВЕСТ» ШАРАСЫ ӨТТІ
Елімізде жүріп жатқан «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы тағы өрісін кеңейтті. Жетісулық жастар аталған акция аясында экологиялық эстафетасын бастады. Бүгін осы шара барысында 100-ден аса белсенді жас, облыс орталығы Талдықорған қаласындағы Орталық алаңдарда тазалық жұмыстарын жүргізді. Жастар қураған шөптерді орып, алқапта шашылып жатқан полетилен пакет пен пластмас заттарды жинады.
«Жасыл ел» еңбек жасақтары облыс орталығындағы саябақты және оның айналасын кең ауқымда...
Үздіктер анықталды
Облыстық қоғамдық даму басқармасына қарасты «Jetisý Jastary» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің ұйымдастыруымен 16-35 жас аралығындағы облыстық шахмат чемпионаты өтті. «Royal Clash: Chess Tournament 2024 CUP» деп аталған зияткерлік сайыс «12 тамыз – Халықаралық жастар күні» ұлттық онкүндігіне арналды. Турнирға облыстың әр ауданы мен қаласынан 100-ге жуық қатысты. Олардың арасында Азия және халықаралық турнирлердің жеңімпаздары, әуесқой шахматшылар бар.
Терең ойды, көрегендікті талап...
Қазақстанда пойыз билеттерінің бағасы өзгереді
Елімізде 140 жолаушылар пойызы бар, тарифтердің көтерілуі соның 62-сіне әсер етеді, деп хабарлайды ҚР Көлік министрлігі.
Ведомствоның мәліметінше, тарифтерді көтеру автокөлік паркін жаңарту, көрсетілетін қызметті жақсарту және қызметкерлердің жалақысын көтеру үшін қажет.
Сондай-ақ министрлік соңғы 10 жылда әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушыларды тасымалдау бағасының өсуі байқалмағанын (инфляция деңгейіне индекстеуді қоспағанда) атап өтті.
— Жолаушылар вагондарының паркі 2 667 бірлікті құрайды, оның...
7 тамызда қазақстандық спортшылар қай спорт түрлерінен сынға түседі
Франция астанасы Париж қаласында өтіп жатқан Олимпиада ойындарында 7 тамыз, сәрсенбі күні қазақстандық спортшылар 5 спорт түрінен сынға түседі.
Нақтырақ айтсақ, Байдарка мен каноэде жүзу, грек-рим күресі, бокс, таэквондо және тректегі велоспорттан спортшыларымыз ел намысын қорғайды.
Олардың қатарында грек-рим күресінен Демеу Жадыраев 77 келі салмақта, бокстан 80 келі салмақта Нұрбек оралбай екеуі финалда алтын медаль үшін сынға түспек.
7 тамыздағы жарыс кестесі:
Байдарка...
Жетісулық шаруа 275 гектарда қант қызылшасын тамшылатып суару арқылы өсіріп отыр
Жетісулық шаруашылық тамшылатып суару технологиясының арқасында түрен тимеген жайылымдық жерді егістік алқапқа айналдырып, 275 гектар жерге қант қызылшасын өсіріп отыр. Келесі жылы қызылша алқабын 1 мың гектарға жеткізбек.
Алакөл ауданындағы «BOLAT Group LTD» ЖШС бұл жобаны шетелдік инвестормен бірігіп қолға алған. Серіктестік басшысы Болат Сейірбаевтың айтуынша, жаңа технологияның тиімділігі көп, яғни қолданылатын тыңайтқыш көлемі бес-алты есеге азаяды, есесіне мол өнім алуға...
Мемлекет басшысының тапсырмасымен қайта жаңғыртудан өткізілген Ш. Уәлиханов атындағы музей 2000-нан астам адам қабылдады
Күреңбел өңіріндегі Шоқан Уәлиханов атындағы «Алтынемел» мемлекеттік мемориалды музейі – өңірдегі мәдени-туристік нысанның бірі. Мемлекет басшысының Жетісу облысына келген сапарында берген тапсырмасына сай музей өткен жылы қайта жаңғыртудан өткізіліп, жаңа кейіпке енді. Музейде 1130 экспонат қойылған. Соның ішінде ғалымның өзі тұтынған заттар да бар.
Бұған дейін де «Алтынемел» мемориалды музейі көпшілікке таныс болғанмен, қайта жаңғыртудан өткеннен кейін мұнда келушілер қатары...
1 қыркүйек – жексенбі: Мектептерде алғашқы қоңырау өте ме
Биыл 1 қыркүйек жексенбі күнге түсіп тұр. Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев білім күнінің демалысқа сәйкес келуіне қатысты түсініктеме берді.
«1 қыркүйек дәстүрге сәйкес білім күні. Сондықтан биыл да жылдағыдай алғашқы қоңырау салтанатты шарасы өтеді», - деді Ғани Бейсембаев Үкімет отырысынан кейін өткен баспасөз мәслихатында.
Қалаға келген бірде-бір студент баспанасыз қалмауы тиіс – Премьер-Министр
Ғылым мен технологияларды кеңінен танымал ету жөніндегі кешенді жоспар қабылдау керек. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты.
«Жоғары білім беру саласына тоқталсақ, ұлттық жоғары оқу орындарымыз бен жетекші шетелдік университеттердің филиалдары бағыт беріп отыруға тиіс. Ғылым министрлігі жұмыс нәтижелері бойынша филиалдарға қойылатын талаптарды әзірлегені жөн. Сараптамалық кеңес құрып, барлық университеттерге қойылатын талаптарды олардың әлемдік стандарттарға сәйкестігі тұрғысынан қайта...





























