12.4 C
Taldykorgan, KZ
Понедельник, 11 мая, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 416

АЭС-ке қатысты ең басты дақпырт радиофобиядан туады

Бүгін Президент Іс басқармасында Мемлекет Басшысының Қазақстан халқына Жолдауын түсіндіруге және 6-қазанда өтетін референдумға байланысты іс-шара өтті. Алқалы жиын барысында Парламентаризм институтының атқарушы директоры Алмас Қанатов Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» атты Қазақстан халқына Жолдауында бастамашылық жасаған бірқатар заң жобасына тоқталды. «Президент Парламенттің ағымдағы сессиясында тыңғылықты зерделеу, талқылау және қабылдау үшін бірқатар заңнамалық...

Айтылды – орындалды: Талдықорғандағы «Ұлан» шағын ауданын абаттандыру жұмыстары жүргізілуде

Талдықорған қаласындағы «Ұлан» шағын ауданында жылдар бойы шешілмеген мәселе болған. Ол –  ойын алаңдарының жоқтығы және жол мәселесі. Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қала тұрғындарын осы түйткілді мәселелерді шешіп, алдағы жоспарымен таныстырды. Облыс басшысы өткен жылы Талдықорған қаласының тұрғындарымен кездесу ұйымдастырғанда тұрғындар осы түйткілді мәселелерді айтқан еді. Сол сәттен бастап шағын аудандағы 25 көпқабатты үйді түгел қамтитын 5 ауланы...

Бейбіт Исабаев: Диорит өндіру толығымен тоқтатылды, Қызылтастың бірегей петроглифтері мемлекет қорғауына алынды

Талдықорған қаласының инфрақұрылымдық нысандарын аралау аясында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев облыс орталығының солтүстік-батыс бөлігінде орналасқан Қызылтас шатқалына қатысты жағдайға пікір білдірді. Өңір басшысының айтуынша, петроглифтер тұрған жерлерде диорит өндіруге мүлдем тыйым салынады. Енді Қызылтастың бірегей петроглифтері жергілікті маңызы бар ерекше қорғалатын тарихи-мәдени нысандар тізіміне енгізілді. – Ұлттық Құрылтайдың үшінші отырысында ел Президенті бай мәдени мұрамызды сақтау үшін бірегей тарихи...

Ынтымақтастық: ҚХР Шэньси өлкесінен келген делегациясы — Талдықорғанда

Талдықорған қаласының  әкімі Ернат Бәзіл Қытай Халық Республикасы, Шэньси өлкесі, Юйлинь қаласының, партком мүшесі, Біріккен майданмен жұмыс жөніндегі басқармасының басшысы Ван Хуашэн бастаған делегацияны қабылдады. Кездесу барысында екі ел арасындағы ынтамақтастық пен өзара әріптестік қарым-қатынас жайы сөз болды. Атап айтқанда, тараптар сауда-эконмикалық ынтымақтастықтың кең ауқымды мәселелерін, соның ішінде «жасыл» энергетика, туристік және мәдени-гуманитарлық бағыттар саласындағы  екіжақты байланыстарды дамыту, инвестиция көзін...

1 ҚАЗАНДА МҮЛІК САЛЫҒЫН ТӨЛЕУ МЕРЗІМІ АЯҚТАЛАДЫ

Жетісу облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті ағымдағы жылдың 1 қазанында жеке тұлғалардың мүлкіне 2023 жылға салық төлеу мерзімі аяқталатынын еске салады. Жеке тұлғалардың мүлкіне салынатын салық "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы айқындайтын салық салу объектілерінің құны және мүлікті меншік құқығында иеленудің нақты мерзімі негізінде есептеледі. Салықты есептеу ағымдағы жылдың шілде айында меншік иелеріне жіберілді, оның ішінде екінші деңгейдегі банктердің мобильді қосымшаларын...

Республикалық Халықтық штаб мүшелері жарқын болашақты таңдауға шақырды

АЭС салуды қолдау жөніндегі Республикалық халықтық штаб мүшесі Ғалиасқар Сарыбаев Кербұлақ ауданы, Алтынемел ауылындағы мектеп ұжымымен кездесті. Ұстаздармен кездесуде спикерлер AЭС құpылысының мaңызы мeн қaжeттілігін түсіндіpді. Әуелі сөз тізгінін алған Ғалиасқар Төлендіұлының айтуынша, электр қуатын өндіру тиімділігі жағынан жаңартылатын энергия көзін пайдалану диапазоны 20-40 пайыз аралығында болса, АЭС-тің тиімділігі 90 пайыздан жоғары екен. Қазіргі уақытта Қазақстанды энергия тапшылығынан АЭС қана...

КЕРБҰЛАҚТЫҚТАР АЭС-ТІҢ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРЫН ТАЛҚЫЛАДЫ

АЭС салуды қолдау жөніндегі Халықтық штаб Кербұлақ ауданың тұрғындарымен кездесіп, еліміздің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі рөлі мен артықшылықтары талқылауда. АЭС-тің мүмкіндіктерін аудандағы ұстаздар да қолдайды. Кездесуде Халықтық штабтың мүшелері, ҚР мәжіліс депутаты Болат Керімбек және «AMANAT» партиясы Жетісу облыстық филиалының төрағасы Арыстанғали Арын АЭС салудың ұтымды тұстарын егжей-тегжейлі баяндап, нақты деректер келтірді. «Қазақстанның энергетикалық жүйесі қиын жағдайға тап болып отыр. Қазіргі электр...