АЗАМАТТАРҒА АРНАЛҒАН ҮКІМЕТ
Сыбайлас жемқорлық қазіргі уақытта еліміздегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Халықаралық Transparency International (TI) ұйымының жыл сайынғы «Жемқорлықты қабылдау индексі» бойынша Қазақстан 2022 жылы 180 елдің ішінде 101орынға ие болды. Қазақстанның көрсеткіші – 36 балл. Жемқорлық деңгейі ең жоғары елдер 0 балл алады, ал 100 балл алған елдерде жемқорлық мүлде жоқ дегенді білдіреді. Сондықтан да халық арасында сыбайлас жемқорлыққа...
Жетісуда Көксу ауданының 80 жылдығы атап өтілді
Көксу ауданы Балпық би ауылында ауданның 80 жылдық мерейтойына арналған «Кенен жерім Көксуым» атты мерекелік іс-шаралар өтті. Шара барысында мерейтойлық көпшілік үшін көрме, кітаптың тұсаукесері, мәдени және спорттық жарыстар ұйымдастырылды.
Мерекелік шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, алыс-жақыннан келген қонақтар, аудан жұртшылығы қатысты. Меймандар алдымен қолөнер бұйымдары, қылқалам шеберлерінің туындылары, көрнекті тұлғалардың өмірі мен еңбегіне қатысты бұйымдар қойылған көрмемен танысты. Салтанатты...
Балалық шаққа саяхат
Аса көрнекті суреткер, ұлтыңыздың ұлағатты қаламгері, шынайылықтың шыңына шыққан шығармашылық өкілі, балалар әдебиетінің зергері Бердібек Соқпақбаевтың 100 жылдығына арналған кеш республика күні қарсаңында қаламыздағы Талдықорған жоғары политехникалық колледжінде ұйымдастырылды.
Балалар мен жасөспірімдерге арнап жиырмадан аса туынды жазған Бердібек Соқпақбаевтың «Менің атым – Қожа» повесі бастапқыда протестік шығарма деп танылған. Сондықтан бұл туынды ұзақ уақыт қолжазба күйіндегі повесть ең алдымен орыс...
Қала әкімі Ернат Бәзіл Республика күніне орай құттықтау шарасын өткізді
Талдықорғанда 25 қазан – Республика күні мерекесіне орай салтанатты шара өтті.
Салтанатты шараның шымылдығын қала әкімі Ернат Бәзіл ашып, көпшілікті Республика күнімен құттықтап, тәуелсіздіктің баға жетпес құндылық екенін айтты.
«Баршаңызды Республика күні мерекесімен шын жүректен құттықтаймын.
Республика күні – халқымыздың рухын көтеріп, елдігімізді нығайтатын, бірлігімізді бекемдеп, ынтымағымызды арттыратын айшықты мереке», - деді қала әкімі өз сөзінде.
Шара барысынды қала басшысы қаламыздың дамуына өзіндік...
Жетісу облысының ауылдарында Республика күніне орай 5 жаңа әлеуметтік нысан іске қосылып, 70 отбасы баспаналы болды
Жетісу облысының ауылдарында Республика күні қарсаңында 5 жаңа әлеуметтік нысан пайдалануға берілді. Олардың ішінде дәрігерлік амбулатория, ауылдық клуб, ауылдық әкімдік, саябақ және басқа да объектілер бар.
Мәселен, мереке қарсаңында Ескелді ауданында 2 бірдей нысан пайданалуға берілді. Атап айтқанда, Жалғызағаш ауылында жаңа блокты-модульді ауылдық мәдениет клубы ашылса, Қаратал ауылында блокты-модульді ауылдық әкімдік пайдалануға берілді.
Сол сияқты дәрігерлік амбулаториялар Текелі қаласында және күрделі...
Жетісу облысы көлемінде Республика күнінде Мемлекеттік Ту көтеру патриоттық акциясы өтті
Жетісу облысында Республика күні мерекесіне орай Мемлекеттік Ту көтеру патриоттық акциясы өтіп, іс-шара барлық аудан-қалаларды қамтыды. Бір ғана облыс орталығындағы акцияға мыңға жуық адам қатысты.
Талдықорғанда «Жастар» саябағындағы Ту тұғыры алдында өткен салтанатты шараға облыс әкімі Бейбіт Исабаев, зиялы қауым өкілдері, мемлекеттік қызметшілер, депутаттар, өңірдегі мекеме-ұйымдардың, әскери саланың, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, белсенді жастар, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, қала тұрғындары,...
Әділетті Қазақстанды құру жолында нақты қадамдар жасай береміз
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады.
«Құрметті отандастар!
Баршаңызды Республика күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қазақстанның егеменді ел екенін әйгілейтін ұлық мейрам — сан ғасырлық тарихы бар мемлекеттілігіміздің қайта жаңғыруының символы.
Ұлттық мереке халқымызды мызғымас құндылықтар төңірегіне тоғыстырып, жалпыұлттық бірегейлігімізді нығайта түсуге ықпал етеді.
Біз берекелі бірлік пен ырысты ынтымақтың арқасында аса күрделі сын-қатерлерді еңсеріп, ауқымды өзгерістерді жүзеге асырып келеміз. Қоғамдағы заң мен тәртіп,...
«Менің туым» акциясы өтті
І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінде 25 қазан – Республика күні қарсаңында «Менің туым» акциясы өтті.
Мемлекеттік ту көтеру рәсімінеӘскери кафедра командирлері, университет оқытушылары мен қызметкерлері, студенттерқатысты.
Әлеуметтік жұмыс және жастар саясаты жөніндегі проректор Болат Сериевмемлекеттік рәміздерді насихаттауға бағытталған патриоттық шараның маңызына тоқталып, елдігіміздің бастауы саналатын Республика күні мерекесімен құттықтады.
«Республика күні — тәуелсіздіктің асқақ символы. 1990 жылы, дәл осы күні Қазақстанның Егемендігі туралы...





























