Сыбайлас жемқорлық қазіргі уақытта еліміздегі өзекті мәселелердің бірі болып отыр. Халықаралық Transparency International (TI) ұйымының жыл сайынғы «Жемқорлықты қабылдау индексі» бойынша Қазақстан 2022 жылы 180 елдің ішінде 101орынға ие болды. Қазақстанның көрсеткіші – 36 балл. Жемқорлық деңгейі ең жоғары елдер 0 балл алады, ал 100 балл алған елдерде жемқорлық мүлде жоқ дегенді білдіреді. Сондықтан да халық арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті және адал еңбек қағидаттарын ілгерілету, жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған шараларды ұйымдастыру, қоғамды ақпараттандыру, сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте азаматтық қоғамның рөлін күшейту баршамыздың парызымыз.
Осы орайда, «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі 8 аудан мен 2 қаланы қамтып, 50 елді мекенді аралау іс-шарасын жоспарлады. Әкімшілікке хат жолданып, іс-шара кестесі бекітіліп, жоспар бойынша іс-сапарға мобильдік волонтерлік топ қатысты. Топ құрамында Мемлекеттік кірістер департаменті, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңестер, Ақсақалдар,әжелер алқасы. заңгерлер, нотаристар,сот орындаущы және жергілікті атқару органдарының өкілдері болды.Талдықорған қаласына қарасты 2 ауылдық округінен 160-тай тұрғын қатысып,4ауылдық Еркін;Көктал,Өтенай,Еңбекауылдарындаәкімдік мәжіліс залында, мәдениет үйлері мен мектептерінде іс-шаралар өткізілді.
Нәтижесінде, ұйымдастырылған облыстық «Мобильді превенция» акциясы барысында жергілікті атқару органдары, үкіметтік емес ұйымдар, қоғамдық кеңестер, кіріс департаменті, жер қатынастары басқармасы, нотариустар мен заңгерлер тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, заңгерлік кеңестер берді. Азаматтар жеке қабылданып, шешілмеген сұрақтарына қанағаттанарлық жауаптар алды. Акцияға қатысушылармен кері байланыс орнатылып, сұрақтар оң шешімін тапты. Осы орайда айта кететін жай тұрғындар ортасында қосымша 2024 жылғы Қоғамдық бақылау заңына тоқталып, тұрғындарға жаңа заң туралы.түсіндірмелі жұмыстар жүргізіліп, брощюралар тарқатылды
Сонымен қатар, Жетісу облысында 2023 жылдың алғашқы жартысында білім беру саласында 300-ден астам сыбайлас жемқорлық дерегі анықталғаны халық арасында алаңдаушылық тудырып отыр. Бұл деректер жемқорлықтың білім саласында да орын алатындығын, яғни жас ұрпақтың болашағына қауіп төндіретінін көрсетеді.
Сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік деңгейіне жету үшін бірқатар ұсыныстар жасалады. Атап айтар болсақ:
- Іс-қимыл алгоритмдерін насихаттау: Тұрғындарға жемқорлыққа қарсы күрестің тиімді әдістері мен шараларын түсіндіру қажет.
- Ашықтықты арттыру: Жергілікті атқарушы органдар мен халық арасында байланыс орнатып, азаматтардың құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету.
- Адалдық саясатын насихаттау: Мемлекеттік және квазимемлекеттік сектор қызметкерлері арасында адалдықты насихаттап, қоғамның сенім деңгейін арттыру.
- Волонтерлік қызметті дамыту: Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша волонтерлік ұйымдарды қалыптастырып, олардың жұмысын жүйелеу.
Бұл ұсыныстар қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға, азаматтық қоғамның рөлін арттыруға және жастар арасында адал еңбек қағидаттарын насихаттауға бағытталған. «Жас Ұрпақ» жастар қоғамдық бірлестігі өз қызметін одан әрі дамыту арқылы сыбайлас жемқорлықпен күресті жалғастыруға дайын.
Заңгер: Айдос Мұратұлы