21.2 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 23 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 382

Жетісудың Қаратал ауданындағы шалғай Көпбірлік ауылында ауыз су сапасының мәселесі шешілді

Жетісудағы Қаратал ауданының ең шалғай елді мекені – Көпбірлік ауылының тұрғындары сапалы ауыз суға қол жеткізді. Ауылда орталықтандырылған су құбыры болғанымен, соңғы жылдары тұрғындар тұзды су ішуге мәжбүр болған еді. Мәселенің қалай шешілгенін бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев Қаратал ауданына барған жұмыс сапары барысында арнайы көріп қайтты, - деп хабарлайды Жетісу облыс әкімінің баспасөз қызметі. Еске салсақ, 2010 жылы ауылда сумен...

Жетісу облысының Алмалы ауылында жаңа мәдениет үйі, дәрігерлік амбулатория мен спорт кешені салынады

Қаратал ауданының Алмалы ауылында үш бірдей әлеуметтік нысан салынады. Атап айтқанда, мәдениет үйі, блокты-модульді дәрігерлік амбулатория және спорт кешені бой көтермек. Бұл туралы бүгін Қаратал ауданына барған жұмыс сапарында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев Алмалы ауылының тұрғындарымен кездесуі кезінде айтты, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Бәйшегір ауылдық округінде 1200 адам тұрса, округ орталығы Алмалы ауылында 800-ден астам тұрғын...

Ауыл тұрғындарының өтінішіне сәйкес Жетісу облысының Көпбірлік ауылында кітапханасы бар мәдениет үйі салынады

Жетісу облысының Көпбірлік ауылында кітапханасы бар жаңа мәдениет үйі салынады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Қаратал ауданына жасаған жұмыс сапары барысындағы ауыл тұрғындарымен кездесуінде айтылды. Ауылдықтардың айтқан өтініші негізінде өңір басшысы тиісті лауазымды тұлғаларға аталған нысанның құрылысына дайындық жұмыстарын бастау туралы тапсырма берді, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Көпбірлік ауылының тұрғындары облыс әкімімен кездесуге жуырда пайдалануға берілген...

«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бағдарламасы аясында өткен шараларға 220 мыңнан астам жетісулық қатысты

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасының аясында тек сенбілік шаралар ғана ұйымдастырылып қоймай, ақпараттық-түсіндірмелі және қайырымдылық бағытта да жұмыстар жүргізілуде. Соның бірі жастарға қызмет көрсету орталығында 1 қараша күні «ЭКОtime» тақырыбында жастармен кездесу өтіп, қатысушыларға қоқысты қалай дұрыс сұрыптау және сол арқылы қайырымдылықпен айналысу жолдары түсіндіріліп, іс жүзінде көрсетілді. Өңірдегі экобелсенді, волонтер Аманжолұлы Ғазиз 2021 жылдан бері өз үйінің ауласында целлофан, қағаз,...

Ардагерлер арасында үстел теннисінен ашық турнир өтті

Бүгін Талдықорған қаласының дене шынықтыру және спорт бөлімінің ұйымдастыруымен Ардагерлер арасында үстел теннисінен Талдықорған қаласының ашық турнирі өтті. Аталмыш жарысқа 20-ға жуық ардагерлеріміз қатысып,өз бақтарын сынады. Нәтижесінде: Ерлер: I орынды - Нисанбеков Ришат алса, II орын - Ким Юриге бұйырса, III орынды - Чегиров Жанат місе тұтты. Әйелдер: I орынды - Бабаева Гүлнар алса, II орын - Нусипова Қатипаға бұйырған болса, III орынды - Бердешева Гүлзада алған болатын. Осылайша мықтылар...

ӘСКЕРИ ҚЫЗМЕТКЕ АДАЛДЫҚ

1949 жылдан бастап ядролық сынақ тоқтағанға дейін Семей полигонында әскери міндетін атқарған азаматтардың барлығын-батырларымыз десек, артық айтпаймыз. Жер асты, жер үсті сынақтары табиғатпен қоса адамдарға да аса ауыр зардабын тигізді. Алапат аймақтан аман қайтқан азаматтар туралы біздің басылым бірнеше рет жариялады. Алдағы уақытта да ортамызда жүрген ардагерлерімізді «Семей полигоны» мүгедектер және ардагерлер ұйымының Жетісу өңірі бойынша төрағасы Толыбек Данабековтың...

Алаңдауға негіз жоқ

Облыс бойынша қант қызылшасын 597 шаруашылық септі. Жалпы 615 мың тонна қызылша жиналады деп күтілуде, өндірілген өнімнің 250 мың тоннасы «Көксу қант» зауытына, 365 мың тоннасы «Ақсу қант» зауытына өткізу жоспарланған. Бүгінгі күнге 403 мың тонна өнім алынды. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында өткен баспасөз мәслихатында  облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының басшысы Нұрдәулет Кененбаев,  «Көксу қант зауыты» ЖШС...

Шекарадағы кездесу кеші

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты  Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының  жас сарбаздарымен "Мен жастарға сенемін!" атты кездесу кеші ұйымдастырылды. Шараны ұйымдастырушы            Техникалық және кәсіби даярлық бөлімі бастығының орынбасары     подполковник Айдын Дәрібаев. Кеш қонақтары Алакөл аудандық Аналар кеңесінің төрағасы Ұлжалғас Дүйсебаева, аудандық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының меңгерушісі Райхан Сейтханова, «Жастар» орталығының психологы Элдана Серікова. Жастарға патриоттық...

Жабайы жануарлардың дериваттарын заңсыз тасымалдаудың жолын кесу туралы

«Хоргос» халықаралық шекаралық ынтымақтастық орталығында ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті ҰҚК және полицияның өңірлік бөлімшелерімен бірлесіп елден 991 дана киік мүйізін әкету әрекетінің алдын алды. Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі инспекциясының мәліметінше, қылмыстық әрекеттен мемлекетке келтірілген шығын 2 млрд теңгеден асады. Материалдар тиісті шаралар қабылдануы үшін полиция органдарына берілді. ҰҚК баспасөз қызметі

Кербұлақ ауданында «Қарызсыз қоғам» жобасы тиімді жүзеге асырылуда

Жобаның мақсаты – азаматтардың қаржылық сауатын арттыру, қажетсіз несиеден бас тартуға үйрету. Жоба шеңберінде осы күнге дейін өңірдің 90 тұрғыны мен бюджеттік мекемелердің қызметкерлері оқудан өтіп, қаржылық сауатын толықтырды. Аталмыш жоба жыл соңына дейін жалғасын табады. Оқыту шеңберінде қатысушаларға: қаржы сарапшылары жеке консультациялар өткізеді, қатысушылардың қалауы бойынша өз бизнесін ашу үшін мемлекеттік гранттық және кредиттік бағдарламаларға бизнес-жоспар жазуға көмектеседі, білікті заң көмегін ала аласыз...