Жетісу аумағында жолдардағы қауіпсіздікті арттыру бойынша белсенді жұмыс жүргізілуде
Жыл басынан бері 49 жедел-профилактикалық іс-шара өткізілді. Алайда осы шараларға қарамастан, жыл басынан бері 596 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның салдарынан 120 адам қайтыс болып, 876 адам жарақат алды. Ең қауіпті жол «Алматы-Өскемен» автожолында өткен жылмен салыстырғанда қаза тапқандар саны 11-ден 16-ға дейін өсті.
Жетісу облысы Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының бастығы Қайсар Мұхметовтің айтуынша, алдағы уақытта полиция жасырын патрульдеу...
Денсаулық сақтау министрі жұмыс сапарымен Талдықорғанға келді
ҚР Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова Жетісу облысына жұмыс сапары барысында өңірдің бірқатар медициналық нысандарын аралады. Өңірлік денсаулық сақтау басқармасының ұжымдары және дәрігерлерімен бірге медициналық көмектің басым бағыттарын талқылап, проблемалық мәселелерге ерекше назар аудара отырып, оларды шешуде Денсаулық сақтау министрлігі тарапынан қандай қолдау керектігін анықтады.
Министр ең әуелі «Асар» спорттық-оңалту кешеніне барып, жұмыс бағытымен танысты. Орталықта массаж, логопедия, физиотерапия, кинезотерапия,...
Талдықорғанда қаржыгерлерге құрмет көрсетілді
Елімізде 1993 жылы 15 қарашадан бастап айналымға ұлттық валюта – теңге енгізілді. Осы күннен бастап еліміз өзінің төл теңгесіне, ұлттық валютасына ие болды. Бұл ұлттық валютамыз тәуелсіз еліміздің негізгі айғағы ретінде экономикалық егемендікті қамтамасыз етті. Ақша-кредиттеу саясатын жүргізуге және жаңа реформаларды кеңінен дамытуға ықпалын тигізді. Ал, 1997 жылы 15 қараша – төл валютамыздың туған күні әрі қаржыгерлер күні болып...





























