18.7 C
Taldykorgan, KZ
Пятница, 24 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 366

Жетісу облысында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50 пайызға жетті

Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін жаңарту 50% жетті. Құрылыс жұмыстары биыл да жалғасты. Жаңа заманауи нысандар білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, спорт, әлеуметтік қорғау салаларында қолданысқа берілді. Мәселен, білім беру саласында биыл облыста 1055 орынды 13 балабақша және оған қосымша 1461 орын ашу жоспарланған. Соның ішінде жыл басынан бері 914 орынды 12...

Мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаментінің (бұдан әрі – Департамент) жұмысындағы негізгі ұстанымдары мемлекеттік қызмет сапасын арттыру және азаматтардың құқықтарын қорғау үшін жүйелі шараларды жүзеге асыру болып табылады. Осы ретте, ағымдағы жылы Департаментпен мемлекеттік қызмет алушылардың құқықтарын қалпына келтіру мақсатында байқау жұмыстары жүргізілуде. Байқау жұмыстарының аясында Департаментпен 81 азаматтардың құқықтары қалпына келтірілді. Департаметтің барлық бастамалары мемлекеттік қызметтердің...

Қазақстанның 89 туристік бизнес өкілі «Сапа белгісін» иеленді

Kazakh Tourism жыл сайын туризм индустриясының стандарттарына сәйкес келетін кәсіпкерлерге «Сапа белгісін» табыстайды. Биыл бұл марапатқа Қазақстанның 89 туристік бизнес өкілі ие болды.   2021 жылы Kazakh Tourism бастамасымен қолға алынған «Сапа белгісі» бағдарламасы қонақжайлылық мәдениетін арттыруға және елдегі туристік қызметтердің сапасын жақсартуға бағытталған. Үш жыл ішінде 210-нан астам компания өз қызметінің туризм индустриясы стандарттарынасәйкестігін растады. «Сапа белгісі» екі деңгей бойынша...

Тау тұлғалы Тұрар Рысқұлов

Мемлекет қайраткері Тұрар Рысқұловтың  туғанына 130 жыл толуына орай 2024 жылдың  2 желтоқсан күні  3-ші бөлімшедегі № 7 кітапхана филиалында мектеп оқушыларының қатысуымен «Тау тұлғалы Тұрар Рысқұлов» атты библиофреш өткізілді. Кітап көрмесіне Қазақстан. Ұлттық энциклопедия 7-том, көрнектіжазушыШ. Мұртазаның  Т. Рысқұлов туралы жазылған «Қызыл жебе», «Жұлдыз көпір» «Қыл көпір» тарихи деректер негізінде жазылған кітаптары қойылды. Мақсаты: Қазақ елінің көрнекті тұлғаларының бірі - Тұрар Рысқұловтың...

Еуропалық хас шебердің фортепианолық сазы

6 желтоқсанда алғаш рет танымал венгриялық дәулескер пианист Дьёрдь Оравец«Астана Опера» сахнасына шықты. Ол өзінің ұлы отандасы, біртуар композитор Ференц Лист дәстүрлерінің әлемге әйгілі жалғастырушысы әрі туындыларының шебер түсіндірушісі.«Еуропа майталмандарының ұмытылмас әуендері» жарқын концерті Венгрияның Қазақстан Республикасындағы елшілігінің қолдауымен елордалық театрдың К.Байсейітова атындағы Камералық залында өтті. Керемет венгр пианисі Дьёрдь Оравецтің өнер көрсетуіне үздік әлемдік залдарда көпшілік қол соққан....

Қасым-Жомарт Тоқаев Доха форумының панельдік сессиясына қатысты

Президент Доха форумының ашылу салтанатына мәртебелі мейман ретінде қатысты. 2003 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан халықаралық жиын биыл «Диалог, дипломатия және алуантүрлілік» (Diplomacy, Dialogue and Diversity) тақырыбына арналды. Қатар астанасындағы айтулы іс-шарада геосаясат, экономикалық даму, жаңа технологиялар,  жасанды интеллект, энергетика және азық-түлік қауіпсіздігі секілді өзекті мәселелер талқыланады, сондай-ақ қазіргі заманның негізгі проблемаларын шешуге бағытталған ұсыныс-пікірлер айтылады.   Мемлекет басшысы Newsmaker Interview...

Жыл қорытындысы: 6 млн ішкі турист және 224 млрд теңге кіріс Қазақстандағы туризмді нығайтты

Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын ұсынуды жалғастырады.  2024 жыл Қазақстан туризмі үшін айтулы жыл болды. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша елімізде туризм саласын жаңғыртуға, оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға және жаһандық экономикаға кірігуге бағытталған жүйелі шаралар кешені жүзеге асырылуда. Мемлекеттік қолдаудың, инвестиция тарту мен халықаралық аренада ілгерілетудің арқасында еліміз экономикалық өсу мен мәдениетаралық өзара...

Талдықорғанда Жетісу облысындағы алғашқы Үстел теннисі орталығы ашылды

Жетісу облысының спорт объектілерінің қатары тағы бір жаңа нысанмен толығып, бүгін Талдықорған қаласында жеке кәсіпкердің қаражатына салынған Үстел теннисі орталығы ашылды. Бұқаралық спорт нысанының салтанатты ашылуына облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ҚР Үстел теннисі федерациясының вице-президенті Елсияр Қанағатов, Атлантадағы Олимпиада ойындарының қола жүлдегері Мәулен Мамыров, «Қазақстан барысы» тұңғыш турнирінің жеңімпазы Ұлан Рысқұл, спорт ардагерлері, қала тұрғындары мен қонақтары қатысты. Орталықтың ашылуында...

Елімізде толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын алғашқы зауыт Жетісу облысында ашылды

Бүгін Жетісу облысының толық циклді өнеркәсіптік батареялар шығаратын еліміздегі алғашқы кәсіпорын ашылды. Озық заманауи технологиялардың көмегімен өндірілетін батареялар мұнай-газ, тау-кен өнеркәсібінде, телекоммуникацияда, темір жолдарда, энергетикада кеңінен қолданылады. Сол сияқты жасыл энергетикада, атап айтқанда, күн, жел электр станцияларынан алынатын электр энергиясын сақтауда үздіксіз қуат көзі ретінде пайдаланылады. Өнімнің 40% отандық нарыққа, 60 % экспортқа бағытталған. Зауыттың ашылу салтанатына облыс әкімі Бейбіт...

Жетісу облысында ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған тұңғыш иппотерапия орталығы ашылды

Мүгедектер күніне орай Жетісу облысында тұңғыш иппотерапия орталығы ашылды. Нысан Жаркент қаласындағы «Мерей» балаларды оңалту орталығының базасында орналасқан. Мұнда ерекше қажеттілігі бар балаларды атқа мінгізу арқылы ем жасалады. Орталықтың ашылуына облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы қолдау көрсеткен. – Ерекше қажеттіліктері бар баланың дүниеге келуі – ата-ана үшін үлкен жауапкершілік. Ондай балалардың қоғамның толыққанды мүшесі болып өсуіне мемлекет барлық...