2025 жылғы реформалар мен жаңа өзгерістер: Көлік министрлігі
Авиациялық жобалар
Қазақстанда авиация саласындағы маңызды инфрақұрылымдық жобаларды жүзеге асыру басталды. Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы Қатонқарағай, Зайсан және Кендірлі курорттық аймақтарында жаңа әуежайлар салынады. Қазіргі таңда бұл нысандардың жер учаскелерін рәсімдеу және жобалау жұмыстары жүргізіліп жатыр.
Автомобиль жолдары
2030 жылға дейін елімізде көлік инфрақұрылымын жақсарту бойынша ауқымды жоба жүзеге асырылады. Жаңа автожолдардың жалпы ұзындығы 4,7 мың шақырым, оның 3,7 мың...
Жұмысшы кадрларға арналған ипотекалық бағдарлама іске қосу тапсырылды
Премьер-Министр Олжас Бектенов Жұмысшы мамандықтар жылын өткізу бойынша министрліктерге тапсырма берді. Оның айтуынша, елімізге мыңдаған білікті жұмысшы қажет және жыл сайын жаңа мамандықтар пайда болады.
— Сондықтан болашақтағы дағды мен құзыреттерді болжау үшін барлық әкімдіктер кәсіптердің өңірлік атласын жасауы қажет. Әзірге мұндай құжат тек 9 өңірде ғана бар. Жастардың жұмысшы кәсіптерін саналы түрде таңдауы үшін кәсіптік бағдар беруде жаңа тәсілдерді жүзеге асыру...
Жас спортшы
2021 жылы Талдықорған қаласында Олимпиадалық жүзу бассейні ашылған болатын. Бүгінде мұнда көптеген жарыстар өтіп тұрады. Ал, Талдықорған қаласының тұрғыны 2016 жылы 8 қаңтарда туған Керімбек Айсұлтан Фархатұлы жүзу бассейініне 5 жасынан бері қатысады.
Жаттықтырушысы Тауфиков Рафиль Русланұлы жоғары білімді маман. Ол Талдықорған қаласындағы Ілияс Жансүгіров атындағы университетінде “Дене шынықтыру және спорт" мамандығына оқыған. 2019 жылы жүзуден жаттықтырушы болып жұмысқа орналасып...
«Таза Қазақстан»: Жетісу облысында «Экологиядағы инновациялар» тақырыбында семинар өтті
Облыста «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында эко-акциялармен және дәстүрлі сенбіліктермен қатар халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылды.
Бүгін, 8 қаңтарда Талдықорған жастарға қызмет көрсету орталығында «Экологиядағы инновациялар» тақырыбында жастармен семинар өтті. Семинарда Талдықорған қаласындағы физика-математика бағытындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің 11-12 сынып оқушылары ормандарды қалпына келтіру бойынша автономды роботты таныстырды. Бір циклде робот 60 көшет отырғыза алады, шынжыр табанды шассидің арқасында ол кез-келген...
Жұмысшы мамандықтарының жылы: Қазақстанда техникалық және кәсіптік білім беруді трансформациялау басталды
Мемлекет басшысының Жарлығымен 2025 жыл жұмысшы мамандықтарының жылы болып жарияланды. Техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін реформалауды жүзеге асыру мақсатында Үкіметпен жұмысшы мамандықтар жылын ұйымдастыру жөніндегі республикалық жоспар бекітілді, сондай-ақ Министрлікпен кәсіптік-техникалық білім беруді трансформациялаудың 2025-2027 жылдарға арналған Жол картасы қабылданды.
Атап өту керек, еліміздің барлық өңірлерінде жұмысшы мамандықтарының имиджін ілгерілету, кадрлар даярлаудың сапасын арттыру, жұмыс берушілермен ынтымақтастықты кеңейту шаралары...
Мемлекет барлық әлеуметтік міндеттемелердің орындалуын қамтамасыз етеді
Жетісу облысы бойынша 2024 жылы мүгедектігі және асыраушысынан айырылуы бойынша 22,4 млрд теңгеге жәрдемақы төленді. Сонымен қатар, көпбалалы отбасыларды қолдауға 16,7 млрд теңге бөлінді.
Оның ішінде әлеуметтік осал топ санатына жататын 155 мың азаматты әлеуметтік қолдауға 10 млрд. теңге бөлінді. Атаулы әлеуметтік көмек 5 352 отбасыға (27 830 адам) 2,4 млрд. теңге көлемінде берілді.
Жетісу облысында 25 055 мүгедектігі бар азамат...
Елімізде техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаяды
Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Үкімет отырысында техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдары үшін «Жұмысшы мамандықтары жылын» өткізу шеңберінде 2025 жылғы 1 қыркүйектен бастап жан басына шаққандағы қаржыландыру көлемі ұлғаятынын хабарлады.
Оның айтуынша, қазіргі күні жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландырудың қолданыстағы әдістемесіне сәйкес 1 студентті оқытуға бөлінетін қаражаттың орташа мөлшері 437 мың теңгені құраса, енді ол орта есеппен 912 мың теңгені...





























