16.6 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 11 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 282

«Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдаланған дұрыс

Мемлекет басшысы: «Үшіншіден, «Бірлігіміз – әралуандықта» қағидатын жүзеге асыру үшін мәдениет пен өнердің әлеуетін толық пайдаланған дұрыс. Александр Пушкин, Тарас Шевченко, Федор Достоевский, Михаил Шолохов және басқа да тұлғалардың музейлері – Қазақстан мәдениетінің баға жетпес қазынасын толықтырып тұр. Бұл музейлерді көпшілікке таныту үшін экспозицияларын Астана мен Алматыда ұйымдастыру маңызды. Кейбір этномәдени бірлестіктер бірегей өнер және этнографиялық жеке коллекцияларды жинады. Бұл...

Ассамблея қызметіндегі сарапшылық құрамның сапасы жаңа деңгейге көтерілді

️Президент: «Бүгін әріптесіміз Ахмед Мурадов және басқа да Ассамблея мүшелері ҚХА ардагерлерінің «Адал азамат» бірыңғай тәрбие бағдарламасын жүзеге асыруға белсенді түрде қатысатынын айтты. Мұндай жұмыстар ұлтымыздың жаңа болмысын қалыптастыруда Ассамблеяның әлеуетін кеңінен қолдануға мүмкіндік беретініне сенімдімін. «Ассамблея жастары» ұйымы мен оның құрамындағы Студенттік Ассамблея, Жас ғалымдар клубы, «Жаңа толқын» жобасы сияқты құрылымдар мыңдаған жастарымыз үшін нағыз бірлік пен ынтымақ, отаншылдық пен...

Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Бүгінгі басқосудың тарихи мән-маңызы айрықша. Биыл Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылғанына 30 жыл толып отыр. Баршаңызға құтты болсын! Бұл – бүкіл Қазақстан үшін айтулы оқиға. Осы уақыт ішінде Ассамблея қоғамдағы тұрақтылық пен келісімді нығайтуға өлшеусіз үлес қосты. Еліміздегі бірлік пен теңдіктің, тұрақтылық пен тыныштықтың символына айналды. Этносаралық қатынас саласындағы теңдессіз қоғамдық институт ретінде танылды. Соның арқасында Қазақстанда бейбітшілік пен келісімнің...

Ассамблея — еліміздің ішкі саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді

Мемлекет басшысы: «Ассамблея қоғамдық ұйымдармен және институттармен тығыз байланыста жұмыс істеп, еліміздің ішкі саясатын жүзеге асыруға белсене атсалысып келеді. Осылайша, мемлекет пен қоғам арасында сындарлы әрі жемісті диалог орнатуға ықпал етуде. Қазақстан халқы Ассамблеясының 12 мүшесі Ұлттық құрылтай құрамында табысты еңбек етіп, елдік бастамаларға өз үлесін қосып жатыр. Ассамблея сессиясы жыл сайын өтеді. Онда қабылданған шешімдерді мемлекеттік органдар міндетті түрде ескеруге...

Биыл Талдықорғандағы «Ұлан» шағын ауданының аулалары толық абаттандырылады

Облыс орталығы Талдықорған қаласындағы «Ұлан» шағын ауданының 1990 жылдардан бері жөндеу көрмеген аулаларын абаттандыру жұмыстары биыл толық аяқталады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың осы және қаладағы басқа да құрылыс нысандарын аралауы кезінде айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.  Алдымен қаланың «Ұлан» шағын ауданына барған өңір басшысы аулаларды абаттандыру жұмыстарының барысымен танысты. Аталған шағын ауданда жалпы саны...

«Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады»

Ұлттық құрылтайдың Үшінші отырысында Мемлекет басшысы қоғамда оқу мәдениетін қалыптастыру туралы бастама көтеріп, ­23 сәуір – Ұлттық кітап күні болып бекітілді. Биыл мереке алғаш рет атап өтілді. Қасым-Жомарт Тоқаев «Бұл — білімпаздық, ізденімпаздық, кітапқұмарлық сияқты игі қасиеттерді дәріптейтін күн. Кітап оқыған ұрпақ озық ойлы болады. Сапалы ұлт осындай құндылықтар арқылы қалыптасады», -деп атап өтті. Аталмыш рухани мерекеге орай Талдықорған қаласының орталықтандырылған...

ҚХА-ның кезекті ХХХІV сессиясы басталды

Елордадағы Тәуелсіздік сарайында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен Қазақстан халқы Ассамблеясының кезекті ХХХІV сессиясы басталды. Кеңейтілген отырыстың күн тәртібі — «Қазақстан халқы Ассамблеясының 30 жылдығы: қорытындылар және болашақ міндеттер». Айта кетейік, кеше Бейбітшілік және келісім сарайында Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің кеңейтілген отырысы өтті. Отырысқа ҚР Президентінің Ішкі саясат және коммуникациялар мәселелері жөніндегі көмекшісі Арман Қырықбаев, ҚР Парламентінің депутаттары, Қазақстан халқы Ассамблеясы Кеңесінің...

Жетісуда «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында «7 ÖZEN» кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті

Жетісу облысында «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясында аумақтарды тазалау мен ағаш егу шаралары жалғасуда. Мәселен, бүгінгі экологиялық шараға халық белсене атсалысып, 5 мыңға жуық адам қатысты.  Атап айтқанда, Жетісудың жеті өзенінің жағасын тазалаған «7 ÖZEN» атты кең ауқымды экологиялық фестивалі өтті. Сол сияқты Талдықорған қаласында «EcoKeruen» акциясы ұйымдастырылып, қаланың басты көшелері тұрмыстық қатты қалдықтарды іріктеу тәсілі арқылы  қоқыстан тазартылды. «7 ÖZEN»...

Неке қиюға өтінішті қалай беруге болады?

Неке тіркеудің негізгі кезеңдерін қарастырамыз. Өтінішті қайда тапсыруға болатынын, қандай құжаттардың қажет ететінін және неге назар аудару керек екенін біліп алыңыз. Дереккөзі: “Азаматтарға арналған үкімет” Мемлекеттік корпорациясы” КЕ АҚ Жетісу облысы бойынша филиалы

Ұлы Жеңістің мерейтойына орай мемориалды аумақ тазаланды

ҚР ҰҚК ШҚ Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы бойынша шекара басқармасы «Көксу» шекара бөлімшесінің жеке құрамы Ұлы Отан соғысының құрметіне арналған мемориалдың аумағын тазалау жұмыстарын жүргізді. Мемориал маңы абаттандырылып, аумақ толық тазартылды. Сонымен қатар, шекарашылар ескерткіш тақталарды жуып, жарық шамдарын қалпына келтірді. Бұл іс-шара Жеңіс күніне орай ұйымдастырылып, ардагерлерге деген терең құрметтің және өскелең ұрпаққа үлгі боларлық патриоттық тәрбиенің...