0.7 C
Taldykorgan, KZ
Суббота, 10 января, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 272

Талдықорғанда жеке секторлардан қоқыс шығару жұмыстары қарқын алды

Естеріңізге салсақ, 1 маусымнан бастап қала бойынша қатты тұрмыстық қалдықтарды «Жаңа Сана» ЖШС-гі шығаруды бастаған болатын. Ал жеке секторлардан қоқысты шығару жұмыстарын ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен кірісті. Алайда, жаңа мекеменің жұмысына қатысты әлеуметтік желілерде сынға толы жарияланымдар шығып, тұрғындар тарапынан түсініспеушілік туындауда. Атап айтқанда, жария шарт, 3 айға келген қарыз берешегі сынды түрлі сұрақтар көтерілуде. Аталған мәселені оңтайлы шешу үшін...

Талдықорғанда 10 айда өнеркәсіптік өндіріс көлемі 131 млрд. теңгеден асты

Жалпы Талдықорған экономикасының негізінің басым бөлігін өнеркәсіптік өндіріс құрайды. Бүгінде осы салада 200-ден аса өнеркәсіптік кәсіпорындары жұмыс істеп тұрса, онда 6 мыңнан аса адам еңбек етуде. 2024 жылдың 10 айында өнеркәсіп өндірісінің көлемі 131,1 млрд.теңгеге жетіп, нақты көлемі индексі-104,6%-ды құрап отыр. Қазіргі таңда қаламызда өндірілген өнімнің 80%-ын яғни, 13 ірі және шағын кәсіпорындарын құраса, ал жүйе құраушы 4 кәсіпорынға...

Қазақстандағы ең қарт құрақшы апа Талдықорғанда тұрады

Бүгінде ұлттық өніммен, қолдан жасалған бұйымдарға деген сұраныс өте жоғары екендігін аңғаруға болады. Қазіргі таңда төл өнерімізді ту етіп жүрген жастарымыздың қатары да аз емес. Соларға үлгі-өнеге көрсетіп жүрген еліміздегі ең қарт аламаншы-құрақшы Талдықорған қаласының тұрғыны Тұмарбала Сәлекеева. Ел ішінде Томатай апа атанып кеткен әжеміздің жасы 90-ға таяп қалсада әлі күнге дейін қолынан ине-жібі түспей құрақ көрпенің түр-түрін тігуде. Табанды...

Жетісулық кәсіпкерлер «Бір ауыл – бір өнім» жобасында белсенділік танытуда

Жергілікті ресурстардан тауар өндіретін негізінен ауылдық жерлердегі кәсіпкерлік бастамаларды қолдау мақсатында іске асырыла бастаған «Бір ауыл – бір өнім» жобасы Жетісуда өзінің тиімділігін көрсетіп отыр. Мәселен, 2023 жылы аталған жоба аясындағы облыстық көрмеде үш адам жеңімпаз атанса, биылғы жобада тоғыз жетісулық кәсіпкер үздік ден танылды. Соның ішінде ауылдарда сабын және косметика, сол сияқты азық-түлік өндірісімен, ағаш, гипс, киіз тәрізді...

Сенаторлар Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобасын мақұлдады

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысына қатысты. Республикалық бюджет және Ұлттық қордан 2025-2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы заң жобаларын депутаттарға Премьер-министрдің орынбасары – ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров пен қаржы министрі Мәди Такиев таныстырды. Отырыс барысында сенаторлар «Қазақстан Республикасының Ұлттық қорынан 2025 – 2027 жылдарға арналған кепілдендірілген трансферт туралы» заңды қарап, мақұлдады. Құжат нормаларына...

Премьер-министр Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты Мемлекет басшысының тапсырмаларын орындау бойынша шұғыл жиын өткізді

Премьер-министр Олжас Бектенов Украина төңірегіндегі жағдайға байланысты қорғаныс, ішкі істер, төтенше жағдайлар, сыртқы істер, денсаулық сақтау, көлік, энергетика, өнеркәсіп және құрылыс, ұлттық экономика, қаржы министрліктерінің басшылығымен Мемлекет басшысының негізгі әскери және азаматтық объектілердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөнінде шұғыл шаралар қабылдау туралы тапсырмаларын орындау жөнінде жедел кеңес өткізді. Премьер-министр қорғаныс министрі Руслан Жақсылықовтың стратегиялық және инфрақұрылымдық объектілерді қорғауды қамтамасыз ету бойынша жүргізіліп...

Әкім орынбасарымен кездесу: болашақ лидерлермен кәсіптік бағдар беру диалогы

«Даналық бейсенбі» кәсіптік бағдар беру жобасы аясында Жетісу облысы әкімінің орынбасары Асет Қанағатов Талдықорған қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушыларымен қызықты кездесу өткізді. Бұл шара өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі аспектілерін талқылаудың маңызды алаңына айналды. Әкім орынбасары жиынды облыстың ағымдағы жылғы әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері туралы өзекті ақпаратпен таныстырудан бастады, өз сөзін тақырыптық таныстырылымдағы көрнекі деректермен көрсетті. Өз сөзінде Жетісу экономикасының ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп...

Қазақстанда халықтың табысы жаңа әдіспен есептелетін болады

Қазақстанда халықтың орташа табысы жәрдемақы тағайындауға жауапты жүйе – Digital Family Card жинаған деректер негізінде есептелетін болады. Елімізде халықтың табысын жаңа әдіспен – медианалық көрсеткіш арқылы есептей бастайды. Орташа табыс жан басына шаққандағы орташа табысты бөлудегі орта болып табылады. Бұл көрсеткішті есептеу үшін барлық қажетті деректер Сандық отбасы картасынан (DFC) алынады. Ұлттық статистика бюросының басшысы тиісті бұйрыққа қол қойды. Сандық...

Олжас Бектенов: Экономиканы әртараптандыру – Үкіметтің басым міндеттерінің бірі

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Үкімет мүшелері ҚР Парламенті Сенатының жалпы отырысына қатысты. Депутаттар 2025-2027 жылдарға арналған республикалық бюджет және ҚР Ұлттық қорынан кепілдендірілген трансферт туралы заң жобаларын қарады. Пленарлық отырыс барысында Сенат депутаты Сүйіндік Алдашев Премьер-министрге Үкіметтің әртараптандырылған экономика құру, жоғары деңгейде қайта өңдеу салаларын дамыту және шикізаттық емес экспортты ұлғайту жөніндегі жоспарларына қатысты сауал жолдады. «Экономиканы әртараптандыру – ол Үкіметтің...

Экологиялық мәдениет қалыптастыру жұмысы қарқынды жүруде

«Жасыл ниеттестік» ҚБ  халық арасында экологиялық мәдениет қалыптастыру мен қоршаған ортаны қорғау және шешу мәселелерінде жұмыс жүргізуде. Ұйымның басым бағыттары тұрғындардың экология туралы білімін жетілдіруге,  туризмді дамыту, қосымша инфрақұрылым орнату, жергілікті таза табиғи өнім шығаратын кәсіпкерлерге қолдау танытуға, одан бөлек елдімекендердің тазалығына мониторинг жүргізу, түрлі конкурс ұйымдастыру арқылы экологиялық мәселелердің шешілуіне ықпал етуге бағытталған. Аталмыш бастамалар  өңірдің экологиялық хал-ахуалын...