2025 жылғы көктемгі егіске 6 100-ден астам ауыл шаруашылығы өндірушісі жеңілдетілген қаржыландыру алды
Мемлекет басшысының 2025 жылғы көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын ерте қаржыландыру жөніндегі тапсырмасын іске асыру аясында жеңілдетілген несиелеуге өтінімдер қабылдау 2024 жылғы 29 қарашадан басталды. Бұл ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілеріне егіс науқанына дер кезінде дайындалып, тұқым, тыңайтқыш және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға, сондай-ақ қажетті агротехникалық іс-шараларды жүргізуге мүмкіндік берді.
Көктемгі егіс және күзгі жиын-терін жұмыстарын жүргізуге жалпы 700...
Несие мәселелері және оның шешу жолдары: «Қарызсыз қоғам» жобасы жұмыс істеуде
«AMANAT» партиясы халық арасында кеңінен сұранысқа ие партиялық жобалардың бірі – «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жұмысын жалғастыруда.
«Халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін қалыптастыру, әсіресе шалғай аудандардың тұрғындары үшін аса маңызды. Бүгінде біз облыс орталығынан емес, ауыл тұрғындарынан оқытудан бастап жатырмыз. Азаматтар көбіне несие аларда тиімді мөлшерлеменің деңгейін түсінбейді, мерзіміне және несиені қайтару шарттарына назар...
Жетісу облысы Жеңістің 80 жылдығын атап өтті
Жетісу облысында Ұлы Жеңістің 80 жылдығы кеңінен атап өтілді. Алдымен облыс әкімі Бейбіт Исабаев Талдықорғанда тұратынсоғыс ардагерлері Ысқақ Құсайынов пен Төлеубай Шектібаевты үйлеріне барып құттықтады. Мұнан соң қала саябағындағы Даңқ обелискісіне гүл қою рәсімі атқарылып, оған генералдар, ардагерлер ұйымдарының мүшелері, әскери қызметшілер, құқық қорғау органдарының қызметкерлері, этномәдени орталықтардың өкілдері, депутаттар, жалпы қала жұртшылығы қатысты. Осындай салтанатты шара өңірдің барлық...
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды: Жетісуда майдангерлерді Жеңістің 80 жылдығымен құттықтады
Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев қалыптасқан дәстүр бойынша бүгін Ұлы Отан соғысының ардагерлері, талдықорғандық Ысқақ Құсайынов пен Төлеубай Шектібаевтың шаңырағына барып, Ұлы Жеңістің 80 жылдығымен арнайы құттықтады. Ардагерлерге 80 жылдық мерейтойлық медаль және Президенттің құттықтау хатын тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Өңір басшысы алдымен Ысқақ Құсайыновтың үйінде болып, соғыс ардагерін мерейлі мерекемен құттықтады. Ысқақ Әлпейісұлы майданға өз...
2025 жылдың соңына дейін 130-дан аса гидротехникалық нысан көпфакторлы тексерістен өтеді
Су ресурстары және ирригация министрлігі 134 гидротехникалық құрылысты көпфакторлы тексеруден өткізіп жатыр. Жалпы алғанда 2028 жылдың соңына дейін 557 нысанда тексеріс жүргізіледі.
Көпфакторлы тексеріс нысанның және ондағы жабдықтардың техникалық жағдайын, сондай-ақ қажет болатын жөндеу жұмыстарының көлемі мен түрлерін анықтауға мүмкіндік береді.
Былтыр министрлік еліміздің 14 облысындағы 84 нысанда көпфакторлы тексеру жұмыстарын жүргізген болатын. Бұл бастапқыда жоспарланғаннан көп.
🗣«Жаңа Су кодексіне сәйкес, гидротехникалық...
Әділет министрлігі Жеке сот орындаушыларының республикалық палатасымен бірлесіп Атқарушы органдардың автоматтандырылған ақпараттық жүйесіне мобильді қосымша әзірледі
AIS OIP мобильді қосымшасы азаматтарға атқарушылық өндіріс саласындағы ақпарат пен қызметтерге қол жеткізуді қамтамасыз етеді. Қолданбаны Google Play (Android) және App Store (iOS) дүкендерінен жүктеп алуға болады.
Қолданбаның функционалдығы екі деңгейде қол жетімді:
– барлық пайдаланушылар үшін (авторизациясыз);
– жеке сот орындаушылары үшін (рұқсат етілгеннен кейін).
Қолданба барлық пайдаланушылар үшін келесі мүмкіндіктерді ұсынады:
1. Пайдаланушыларға борышкерлердің бірыңғай тізіліміне оңай қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл...
Қазақстанда өсімдік майын өндіру шамамен 24%-ға артты
Май өнімдері өнеркәсібі өз позициясын нығайтып келеді: өңдеу көлемі артып, майлы дақылдар алқабы кеңейіп, экспорттық әлеует күшеюде.
2025 жылғы қаңтар–наурыз қорытындысы бойынша өсімдік майы өндірісі 239,6 мың тоннаны құрады. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 23,4%-ға көп (194,1 мың тонна). Атап айтқанда, күнбағыс майының өндірісі 23,1%-ға артып, 170,8 мың тоннадан 210,2 мың тоннаға жетті.
2024 жылы майлы дақылдар егілген алқап көлемі...
Kids Go Free: мектеп демалысында қайда баруға болады
Елімізде отбасылық ішкі туризмді дамытуға бағытталған Kids Go Free бағдарламасы бірнеше жылдан бері жұмыс істеп келеді. Яғни, аталған бағдарлама арқылы 2 мен 17 жас аралығындағы балалар ата-анасымен немесе жақын туыстарымен бірге ел ішінде саяхаттаған жағдайда, олардың билет шығындарын мемлекет өтеп береді. Бағдарламаға қатысудың басты шарты – турды лицензиясы бар туроператордан сатып алу.
Бағдарлама іске қосылғалы бері 5 500-ден астам бала...
Алакөл ауданында Ұлы Жеңістің 80 жылдық мерейтойы аталып өтті
Бүгін ауданымызда адамзат тарихындағы ең ұлы жеңістердің бірі — Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығы ерекше құрметпен аталып өтті.
1941 жылы басталып, төрт жылға созылған алапат соғыста Кеңес Одағы құрамындағы халықтармен бірге қазақстандық жауынгерлер, соның ішінде Алакөл өңірінің ұл-қыздары да майдан шебінде жауға қарсы жан аямай шайқасты. Қан майданда көрсеткен ерлік пен батырлық, тылдағы табандылық пен төзім — бүгінгі бейбіт...
TurkicSkills-2025: тұңғыш кәсіби шеберлік чемпионаты түркі әлемінің мәдени астанасы Ақтауда өтеді
👷🏻Мемлекет басшысы жариялаған Жұмысшы мамандықтар жылы аясында түркітілдес елдер арасындағы тұңғыш TurkicSkills кәсіби шеберлік чемпионаты 2025 жылдың күзінде
ресми түрде түркі әлемінің мәдени астанасы танылған Ақтау қаласында өтеді.
🔖 Бұл – жұмысшы мамандықтарының беделін арттыруға, кәсіби кеңістік құруға және түркітілдес елдердің жас мамандары арасында тәжірибе алмасуды ынталандыруға бағытталған ауқымды бастама. Чемпионат жастардың әлеуетін ашуға, заманауи технологияларды ілгерілетуге және уақыт талабына сай білікті...





























