«AMANAT» партиясы халық арасында кеңінен сұранысқа ие партиялық жобалардың бірі – «Қарызсыз қоғам» жобасын жүзеге асыру жұмысын жалғастыруда.
«Халықтың қаржылық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған қаржылық білім беру жүйесін қалыптастыру, әсіресе шалғай аудандардың тұрғындары үшін аса маңызды. Бүгінде біз облыс орталығынан емес, ауыл тұрғындарынан оқытудан бастап жатырмыз. Азаматтар көбіне несие аларда тиімді мөлшерлеменің деңгейін түсінбейді, мерзіміне және несиені қайтару шарттарына назар аудармайды, салдарынан несиені қайтаруда қиындықтарға кезігіп жатады. Біз жаңа тұрғындарға несие алу және оның төлем жолдарының жеңіл тұсын да үйретуге әзірміз», — дейді Жетісу өңірі бойынша жоба жетекшісі Замзагүл Сламбекова.
Жоба аясында іске қосылған қызметтер:
✅Байланыс орталығы;
✅Заңгерлік қызметтер;
✅Гибридті (онлайн және офлайн) оқыту форматы.
📌Биыл қарызын 90 күннен асырып төлей алмай жүрген азаматтарды оқытуға басымдық берілуде. «AMANAT» партиясының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан жоба аясында биыл Жетісу облысында 10 300 адамды оқыту көзделген. Оның ішінде 7210 тұрғын онлайн форматта, ал 3090 адам офлайн оқытылатын болады.





























