Арнаулы әлеуметтік қызмет көрсететін ұйымдардың 90%-дан астамы лицензия алды
Қазақстанда азаматтарға арнаулы әлеуметтік қызметтер (бұдан әрі – АӘҚ) көрсететін субъектілерді лицензиялау процесі аяқталуға жақын. 2025 жылғы 19 мамырдағы жағдай бойынша АӘҚ көрсетушілердің 92%-ы лицензия алды, көрсетілетін қызметті алушылардың 97%-на осы ұйымдарда қызмет көрсетіледі.
Бұған дейін хабарланғандай, Қазақстанда халықты әлеуметтік қорғау саласында АӘҚ көрсететін ұйымдарды лицензиялау 2025 жылдың 1 қаңтарынан басталды.
Арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсететін барлық меншік нысанындағы ұйымдар лицензиялауға жатады. Бұл жаңашылдық АӘҚ көрсету жүйесін жаңғырту кезеңдерінің...
Өңірлік әкімдіктер жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтерді цифрлық форматта көрсетуде
ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігі мемлекеттік қызметтерді цифрландыру шеңберінде өңірлік әкімдіктер жер қойнауын пайдалану саласындағы мемлекеттік қызметтерді Жер қойнауын пайдаланудың бірыңғай платформасы (ЖҚПБП) – https://minerals.e-qazyna.kz.арқылы табысты түрде көрсетіп жатқанын хабарлайды.
Платформа арқылы жергілікті атқарушы органдардың құзыретіне кіретін келесі мемлекеттік қызметтер электрондық форматта ұсынылады:
- кең таралған пайдалы қазбаларды (КПҚ) өндіруге лицензия беру,
- старательдік қызметке лицензия беру,
- КПҚ бойынша көміртекті масса шығару бойынша...
Қазақстанда 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы жұмыс істейді
Бүгінде елімізде 120 белсенді ұзақ өмір сүру орталығы (бұдан әрі – БҰӨО) жұмыс істейді, оның 57-сі қалаларда және 63-і ауылдарда орналасқан. 2024 жылы орталықтардың қызметін қамтамасыз ету үшін жергілікті бюджеттерден бөлінген жалпы қаражат көлемі 5,9 млрд теңгені құрады. Биыл бұл мақсатқа 6,7 млрд теңге қарастырылған.
2017 жылдан бастап Қазақстан ресми түрде халқы қартайып жатқан елдердің қатарына кірді. Бүгінде 65 жастан...
Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі сенімді өсімді көрсетіп, компоненттік базаны кеңейтіп келеді
🔗Қазақстанның автомобиль өнеркәсібі тұрақты өсімді және компоненттік базаның белсенді дамуын көрсетуде. 2024 жылдың қорытындысы бойынша сала кәсіпорындары 145 290 бірлік техника шығарды, оның ішінде 134 мың жеңіл автокөлік, 7 705 жүк көлігі, 2 942 автобус және 665 бірлік арнайы техника.
✏️2025 жылдың алғашқы төрт айында өндіріс көлемі 45 628 бірлікті құрады — бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда (22 583...
Қазақстан ТЖМ делегациясы Австриядағы Rosenbauer зауытында болды
Қазақстан ТЖМ қызметкерлері өртке қарсы және құтқару техникасы саласындағы әлемдік көшбасшылардың бірі — Леондинг қаласындағы Rosenbauer компаниясының өндірістік алаңында болды.
Жергілікті жерде мамандар заманауи өрт сөндіру машиналары мен экипировкалардың қалай жасалатынын, сызбалар мен материалдарды таңдаудан бастап түпкілікті құрастыруға дейін егжей-тегжейлі қарастырды. Электромобильдердің белсенді дамуын және құтқарушылардың қауіпсіздігіне қойылатын талаптарды ескере отырып әзірленген технологияларға ерекше назар аударылды.
Қазақстандық делегация өрт...
Қазақстандық оқушылар биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада екі жеке алтын медаль мен командалық жеңіске қол жеткізді
📍 Қазақстан құрамасы 2025 жылғы 10-17 мамыр аралығында Ресейдің Сочи қаласындағы «Сириус» білім беру орталығында өткен биология пәні бойынша Ашық халықаралық олимпиадада (Open International Biology Olympiad, OIBO) жоғары нәтиже көрсетті.
🚀 14 елден жиналған жас биологтар теориялық, жеке практикалық және биыл алғаш рет енгізілген жобалық (топтық) үш кезеңде бақ сынады. Қазақстан құрамасы республикалық олимпиада жеңімпаздарынан жасақталып, екі алтын, төрт күміс медаль жеңіп...
1 кг салмақтағы сәбидің жүрегіне күрделі операция жасалды
Шымкент қалалық перинаталдық орталығында салмағы небәрі 1 келі болатын сәбидің жүрегіне күрделі операция сәтті жасалды. Сәбидің туғанына 45 күн толған болатын.
25-аптада дүниеге келген нәресте наурыз айының басында орталықтың жаңа туған балалардың қарұынды терапия бөлімшесіне жеткізілді. Оның салмағы небәрі 655 грамм, бойы – 28 сантиметр болды. Зерттеп-қарау нәтижесінде дәрігерлер «ашық артериялық өзек» (туа біткен жүрек ақауы) диагнозын қойып, оған қоса...
Денсаулық сақтау министрлігі артериялық қысымды бақылап, скринингтен тұрақты түрде өтуге шақырады
17 мамыр – бүкіл әлемде Артериялық гипертонияға қарсы күрестің Дүниежүзілік күні аталып өтуде. Бұл – жүрек-қан тамырлары аурулары мен мезгілсіз өлімнің ең қауіпті әрі кең таралған қауіп факторларының бірі.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының (ДДҰ) мәліметінше, әлем бойынша 30-дан 79 жасқа дейінгі 1,28 миллиардтан астам адам гипертониямен ауырады, сонымен қатар пациенттердің шамамен 46%-ы өз диагноздары туралы білмейді.
Қазақстанда ағымдағы жылдың бірінші тоқсанының...
Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласын дамытуға 12 млн доллардан астам грант тартты
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері су саласын дамытуға 12 млн доллардан астам грант тартты.
Мысалы, Францияның даму агенттігі Балқаш көлін сақтап қалуға арналған мастер-жоспарды дайындауға 1,35 млн еуро көлемінде грант бөлді. Ал «Қазақмыс» корпорациясы Балқаш көлінің экожүйесін қорғау үшін 5 млн доллар бөледі.
Жапония Үкіметімен бөгеттерді кешенді басқару арқылы Қазақстандағы су тасқынына қарсы күрес шараларын жақсарту үшін шамамен 2...
Қар барысы Катон-Қарағай ұлттық паркінде фототұзаққа түсті
Катон-Қарағай ұлттық табиғи паркінің Аршаты орманшылығында қар барысы фототұзаққа түсті. Фототұзақты орманшы Жомарт Аманбаев орнатқан.
Нәтижесінде Қазақстан Республикасының Қызыл кітабына енгізілген қар барысы (Panthera uncia) бейнеленген бірегей кадрлар алынды.
Бұл дерек табиғатты қорғау бағытында қабылданып жатқан шаралардың тиімділігін көрсететін маңызды дәлел болып табылады. Жабайы жануарларды бақылау жұмыстары жалғасуда.
Қар барысын бірге сақтайық!
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі





























