Жетісу облысында медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсету ұйымының көшбасшы анықталды
Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының филиалы «МСАК көшбасшысы» байқауының жеңімпаздарын марапаттады.
Үш ай бойы өңірдің емханалық қызметтері үздік ұйым атану үшін жарысып, медициналық қызметтердің сапасын арттыру бағытында үлкен жұмыс атқарды.
Негізгі назар халықтың шағымдарын азайтуға, пациенттерді қолдау қызметінің жұмысын жақсартуға, ішкі бақылауды күшейтуге, ұйымдардың беделін нығайтуға және облыс тұрғындарының сенімін арттыруға бағытталды.
Байқау қорытындысы бойынша:
1-орын — Алакөл орталық аудандық ауруханасы
2-орын —...
Жыл қорытындысы: «Таза Қазақстан» экология болашағы үшін миллиондарды біріктірді
Primeminister.kz сайтының редакциясы еліміздің 2024 жылғы даму қорытындылары туралы жарияланымдар сериясын жалғастырады.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен биылғы сәуір айынан бастап республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы бастау алды. Іс-шара еліміздегі экологиялық ахуалды жақсартуға, халықтың экологиялық мәдениеті деңгейін арттыруға және азаматтарды қоршаған ортаны қорғау мәселелеріне тартуға бағытталған. Акция еліміздің барлық өңірін қамтып, тұрақты экологиялық болашақ негізін қалады.
Осы жылдың наурыз-қараша айлары аралығында...
Жетісу облысы құрылған күннен бастап 43 жаңа өндіріс іске қосылды
Жетісу облысы құрылғаннан бері 43 жаңа өндіріс іске қосылып, жұмыс істеп тұрған 9 өндіріс кеңейтілді. Соның нәтижесінде бір мыңнан астам адам жаңа жұмыспен қамтылды.
Күнбағыс майын өңдейтін, кейінгі кезде тоқтап тұрған «Агрокомплекс Жетісу Мажико» зауыты жұмысын қайта бастады, оның жылдық қуаты - 500 тонна. Талдықорғанда өнеркәсіп аккумуляторларын өндіретін «Asma Industrial» заманауи зауыты іске қосылды. Сол сияқты тау-кен секторын дамыту аясында...
Жетісуға биыл 2 миллионнан астам турист келді
Жетісу облысында туристік инфрақұрылымды дамыту бағытында атқарылған белсенді жұмыстар туристер санының өсуіне ықпал еткен. Соның нәтижесінде биыл өңірге 2,0 миллионнан астам турист келді.
Жер жәннаты Жетісуда көптеген туристік орындар бар. Солардың ішінде Алакөл өңірдің інжу-маржаны саналады. Сондықтан көл жағалауындағы инженерлік инфрақұрылымды дамытуды қолға алдық. Кәріз тазарту жүйесінің, «Бескөл-Ақши» электр желілерінің құрылысы басталды. Бүгінде Үшарал қаласы әуежайының ұшу-қону жолағы, «Талдықорған-Үшарал» автожолы...
Талдықорғанда қала әкімінің шыршасы өтті
Өтенай ауылдық мәдениет үйінде дәстүрлі түрде ұйымдастырылар қала әкімінің жаңа жылдық шырша мерекесі өтті. Аталмыш жаңа жылдық кешке қаламыздың әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы отбасынан шыққан оқу озаттары, сондай-ақ, ерекше күтімді қажет ететін жалпы 700 өрен қатысты.
Жасөспірімдер асыға күтер салтанатты шараға қатысқан Талдықорған қаласының әкімі Ернат Бәзіл жүрекжарды лебізін жеткізді. «Сендер бір отбасының ғана емес, еліміздің үкілі үмітісіңдер....
Чернобыль апатының жаңғырығы әлі естіледі
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында 2024 жылдың 18 желтоқсан күні, Ардагерлер үйінде «Чернобыль апатының жаңғырығы әлі естіледі» атты кездесу өткізілді. Кездесуге Талдықорған қаласының ішкі саясат бөлімінің басшысы Естібаев Нариман қатысты. Шара соңында Семей полигонының және Чернобыль апатының ардагерлері қала әкімінің Алғыс хаттарымен және арнайы сыйлықтармен марапатталды.
Бірлігіміз жарасқан
Мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында ағымдағы жылдың 18 желтоқсан күні Достық үйі ғимаратында "Бірлігіміз жарасқан" атты іс-шара өтті. Қазақстан халқы Ассамблеясы жанындағы этномәдени бірлестіктер өкілдері қоғамдық келісім және тұрақтылықты сақтаудағы жоғары еңбегі үшін Талдықорған қаласының әкімі Е.Бәзілдің Алғыс хаттарымен марапатталды. Аталған шара достық, татулық және өзара түсіністік рухында өтті, ал қатысушылар алдағы уақытта да бірлесіп жұмыс жасауға дайын екендерін жеткізді.
Оқушылардың демалысы: қысқы каникул қанша күн?
2024-2025 оқу жылында оқушылар қалай демалады деген сауал әр ата-ананың көкейіндегі сұрақ.
«Ашық» НҚА порталында жарияланған құжатқа сәйкес жаңа оқу жылы 2024 жылдың 1 қыркүйегі мен 2025 жылдың 25 мамыр аралығын қамтиды.
Бірінші тоқсан сегіз оқу аптасына созылады. Күзгі каникул 28 қазан - 3 қарашаға дейін жеті күн болады.
Екінші тоқсан – сегіз оқу аптасын құрайды. Қысқы демалыс 2024 жылдың 30 желтоқсанынан 2025...
Жетісу облысы тауар өндірушілерінің ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі
Талдықорған қаласында ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің жәрмеңкесіне қатысушылар:
2 қала (Талдықорған, Текелі қалалары)
Жетісу облысының 8 ауданы.
Ассортиментте өнімнің 18 атауы ұсынылған (ет-сүт, шұжық, балық өнімдері, қант, ұн, жарма, өсімдік және жануар майлары, жеміс-көкөніс, жеміс-жидектер, бал, ұлттық сусындар және т.б.).
Жоспарланған:
Ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі – 90 тонна, оның ішінде: ет өнімдері, балықөнімдері, сүтөнімдері, картоп, көкөніс өнімдері, жемістер, жидектер және т.б.
Жетісуда әлеуметтік объектілерді жаңарту деңгейі 50%-ға жетті
Жетісу облысы құрылғаннан бері жөндеу мен жаңа құрылыс жүргізудің арқасында объектілерді жаңарту 50%-ға жетті. Мысалы, білім беру саласында 5310 орынды 15 жаңа мектеп пайдалануға беріліп, 19 нысан күрделі жөндеуден өтті. Ал денсаулық сақтау саласында 98 нысан іске қосылды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифинг барысында Жетісу облысының әкімі Бейбіт Исабаев айтты, - деп хабарлайды...





























