Құрметті Талдықорған қаласының тұрғындары мен қонақтары!
Сіздерді Талдықорған қаласы атбегілерінің ұйымдастыруымен және қала әкімдігінің қолдауымен өтетін «Құрбан айт» мерекесіне арналған бәйге жарысын тамашалауға шақырамыз!
Дүбірлі додада шабандоздар келесі қашықтықтар бойынша бақ сынайды: Аламан бәйге – 18 км, Құнан бәйге – 7 км, Ұшқыр бәйге – 5 км.
🏆 Жүлде қоры төмендегідей:
Аламан бәйге:
🥇 1-орын – 600 000 теңге
🥈 2-орын – 400 000 теңге
🥉 3-орын – 200 000 теңге
Құнан бәйге:
🥇 1-орын – 400 000 теңге
🥈 2-орын – 200 000 теңге
🥉 3-орын – 100 000 теңге
Ұшқыр бәйге:
🥇 1-орын – 100 000 теңге
🥈 2-орын – 50 000 теңге
🥉 3-орын – 30 000 теңге
📅 Өтетін күні: 7 маусым 2025 жыл
⏰ Басталуы: сағат 10:00
📍 Өтетін орны: Талдықорған ипподромы
Тіркелу үшін:+7 (707) 479-99-55 хабарласуыңызды сұраймыз.
Келіңіздер, көріңіздер, ұлттық спортты бірге қолдайық!





























