Есірткі бизнесіне қарсы іс-қимыл

278

Жетісу облысында мемлекеттік органдардың нашақорлыққа және есірткі бизнесіне қарсы іс-қимылға бағытталған қызметін үйлестіру жөніндегі өңірлік ведомствоаралық штабтың кезектен тыс отырысы өтті.

Отырыстың күн тәртібінде 2 мәселе қаралды.

1) Есірткіге қарсы саладағы жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін бағалау мақсатында нашақорлық және есірткі қылмысы профилактикасы бойынша рейтингтік бағалау (КРІ) жобасының енгізілуіне байланысты мемлекеттік органдардың 4 айда атқарылған жұмыстарының есебі тыңдалды;

2) 1-30 маусым күндері аралығында Халықаралық нашақорлыққа қарсы күрес күніне арналған есірткіге қарсы профилактикалық айлықты өткізу туралы мәселелер қаралып, тиісті мемлекеттік органдарға хаттамалық тапсырмалар берілді.

                                                                  Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз