17.7 C
Taldykorgan, KZ
Четверг, 9 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 254

МФБК-ҒА МЕДИЦИНАЛЫҚ ҚЫЗМЕТТЕРДІҢ САПАСЫН БАҚЫЛАУ ҮШІН ҚАДАҒАЛАУ ФУНКЦИЯСЫ БЕРІЛЕДІ

Бүгін Парламент Мәжілісінде мақұлданған МӘМС-ті жетілдіру мәселелері жөніндегі заң жобасының шеңберінде Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетіне (МФБК) медициналық қызмет көрсету саласында қадағалау функциясын беру нормасын енгізу ұсынылды. Бұл өрескел бұзушылықтар мен заңсыз медициналық қызметке жедел әрекет етуге, ұзақ келісімдер мен сотқа жүгінбей-ақ шара қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінде Комитет мемлекеттік бақылау шеңберінде тиісті лицензиясыз, медициналық көмек...

«ЦОН» мобильді қосымшасының жаңа сервисін 3 аптада 4 500-ге жуық адам пайдаланды

2025 жылғы 28 сәуірден бастап «ЦОН» мобильді қосымшасында зейнетақы мен жәрдемақы түрлерін есептейтін пайдалы сервис іске қосылды. Бұл азаматтарға үйден шықпай-ақ алдын ала әлеуметтік төлемдердің мөлшерін шамалауға мүмкіндік беретін ыңғайлы құрал. Қызмет іске қосылған сәттен бастап 4 470 адам есептеулер жүргізіп үлгерді. Бүгінгі таңда калькулятор арқылы 8 әлеуметтік төлем/жәрдемақы мен зейнетақы түрлері бойынша 5 негізгі санатты есептеуге болады: * зейнетке шығу:...

Қызылша: Жетісудағы эпидемиологиялық жағдай тұрақты

Жетісу облысында қызылша жұқпасының эпидемиологиялық жағдайы тұрақты, дегенмен ауру әлі де тіркелуде. Естеріңізге сала кетейік,  елімізде, облыс бойынша да 2023-2024жылдары қызылша бұрқетпесі орын алды, 2024 жылы қызылшаның 727 жағдайы тіркелді, сырқаттанғандардың 80% бұрын қызылшаға қарсы бірде-бір екпе алмаған. 2025 жылдың басынан алғашқы нақтамамен 5 жағдай анықталып, 4 зертханалық жолмен расталды, барлығы вакцина алмаған. Қызылша – вируспен берілетін өте жұқпалы инфекция....

Қазақстан геологиялық ақпаратты цифрландыруды жеделдетуде: деректердің 60%-ы қазірдің өзінде цифрланған

Қазақстанда жер қойнауын тиімді пайдалану, талдау және инвестиция тарту үшін жаңа мүмкіндіктер ашатын бастапқы геологиялық ақпаратты цифрландыру бойынша ауқымды жоба белсенді түрде жүзеге асырылуда. 2024 жылдың соңына қарай қағаз құжаттар, графика, магниттік таспалар мен картридждерді қоса алғанда, геологиялық деректердің 1 905 976 бірлігі цифрлық форматқа сәтті ауыстырылды. Бұл цифрландырудың жалпы көлемінің 42%-ына қол жеткізуге мүмкіндік берді, бұл өткен жылғы көрсеткіштен...

ПАРЛАМЕНТТЕ МӘМС ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ БОЙЫНША ЗАҢ ЖОБАСЫ МАҚҰЛДАНДЫ

Бүгін Парламент Мәжілісінде екінші оқылымда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мақұлданды, бұл заң жобасы МӘМС жүйесін жетілдіруге бағытталған бірқатар негізгі жаңалықтарды қамтиды. Мемлекет басшысы 2024 жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауында бюджеттің мүмкіндіктері мен міндеттемелері тұрғысынан теңгерілген бірыңғай мемлекеттік медициналық көмек пакетін қалыптастыруды тапсырды. Мемлекет кепілдік берген...

«Келешек мектептері»: 200 мыңнан астам ауыл оқушысы заманауи мектептерде білім алады

Мемлекет басшысының бастамасымен елімізде «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы жүзеге асырылуда. Екі жыл ішінде ұлттық жоба аясында 460 мың оқушы орнына арналған 217 заманауи мектеп салу жоспарланған. Бүгінгі таңда 105 білім беру нысанының құрылысы аяқталды, ал қалған 112 мектеп 2025 жылдың соңына дейін пайдалануға беріледі. Аталған жоба тұрғылықты жеріне қарамастан, барлық қазақстандық баланы заман талабына сай сапалы біліммен қамтамасыз етуге бағытталған. Айта...

Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады

Су саласындағы ашықтықты қамтамасыз ету үшін Су ресурстары және ирригация министрлігі Қазақстандағы су ресурстарын пайдалану туралы Ұлттық ақпараттық есепті жыл сайын өзінің ресми сайтында жариялап отырады. Бұл талап биыл сәуір айында Мемлекет басшысы қол қойған жаңа Су кодексінде көзделген. Ұлттық есеп – бұл елдегі су қорының жай-күйі, оны қорғау және пайдалану бойынша өткен күнтізбелік жылға арналған талдау есебі. Онда негізгі өзендердің...

Қазақстан энергетикасының даму стратегиясы мен инвестиция тарту мәселелері – министр Ақкенженов пен ХВҚ миссиясының кездесуіндегі негізгі тақырыптар

Астана, 2025 жылғы 5 мамыр – Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов Халықаралық валюта қоры (ХВҚ) миссиясымен жұмыс кездесуін өткізді. Миссияны Қазақстан бойынша жаңадан тағайындалған жетекші – Али Аль-Эйд мырза бастап келді. Кездесу барысында елдің энергетика саласындағы инвестициялық климатты нығайту жолдары, жылу электр орталықтарын қоса алғанда, инфрақұрылымды ауқымды жаңғырту жоспарлары және мұнай-газ саласының даму перспективалары талқыланды. Ерлан Ақкенженов Қазақстан энергетикасындағы басымдықтарды айқындап,...

Қоғам мүддесі, ел мүддесі

Талдықорған қаласы әкімдігі жанындағы үкіметтік емес ұйымдармен өзара іс‑қимыл және ынтымақтастық жөніндегі үйлестіру кеңесінің отырысы өтті. Жиында 2024 жылы ішкі саясат бөлімінің мемлекеттік әлеуметтік тапсырыс аясында атқарған жұмыстары мен 2025 жылға арналған жоспарлары кеңес мүшелерінің назарына ұсынылды. Ол жөнінде қалалық ішкі саясат бөлімінің сектор меңгерушісі Рахым Тұрланов баяндама жасады. Қоғамдық саяси тұрақтылықты сақтап, талдықорғандықтарға  ҚР Президентінің халыққа арнаған Жолдауын, ҚР...

Ынтымақтастықтың жаңа кезеңі: Қазақстан мен Өзбекстан стандарттау және метрология саласындағы іс-қимыл жоспарын мақұлдады

2025 жылдың 20 мамырында Астанада Қазақстан Республикасы Сауда және интеграция министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитеті Өзбекстан Республикасы Министрлер Кабинеті жанындағы Өзбек техникалық реттеу жөніндегі агенттігінің делегациясымен ресми кездесу өткізді. Келіссөздер шеңберінде тараптар техникалық реттеу, стандарттау, сәйкестікті бағалау және метрология саласындағы екіжақты өзара іс-қимылдың негізгі аспектілерін талқылады. Сәйкестікті бағалау саласындағы ынтымақтастықты дамыту, оның ішінде саудадағы техникалық кедергілер және санитариялық-фитосанитариялық шаралар,...