Талдықорған қаласы әкімінің орынбасары Сайлауғалы Байназаров коммуналдық қызметтің қысқы мауысымға дайындығын тексерді, — деп хабарлайды taldykorgan-online.kz/

«Талдықорған Көркейту» ЖШС-нің директоры Владимир Қауысбековтың айтуынша, тазалыққа арналған барлық автомобильдер мен арнайы техникалар 100 пайыз жұмысқа әзір тұр.

Бүгінде қала көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдарын қардан және қоқыстардан тазарту үшін қажетті инертті материалдар (ұсақ қиыршық тастар, құм және тұз) дайындалған.

Айта кетейік, жақында коммуналдық шаруашылық мекемесі жаяу жүргіншілер жолын (тротуар) тазалау үшін арнайы төрт жаңа техника сатып алған болатын.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK