Бейбіт Исабаев белгілі суретші Жанұзақ Мүсәпірмен кездесті
Бүгін облыс әкімі Бейбіт Исабаев әкімдік ғимаратында ҚР Суретшілер одағының мүшесі, ҚР Көркемсурет Академиясының академигі, белгілі қылқалам шебері Жанұзақ Мүсәпірді Абай атындағы әдебиет және өнер саласындағы Мемлекеттік сыйлықтың иегері атануымен құттықтап, Құрмет грамотасын тапсырды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Кездесу барысында облыс басшысы өнер иесінің Мемлекеттік сыйлықты иеленуі ұзақ жылғы шығармашылық еңбегінің жемісі екенін атап өтті.
- Еліміздегі...
Қазақстанда Конституцияның 30 жылдығына рақымшылық жасалады
"Қазақстан Республикасы Конституциясының отыз жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" заң жобасы дайындалды.
Заң жобасында мынадай тұлғалар қылмыстық жауаптылықтан немесе негізгі жазадан босатылады:
қылмыстық теріс қылық немесе жеңіл қылмыс жасаған адамдар;
залал келтірмеген ауырлығы орташа қылмыстар жасаған не оның орнын толық өтеген не азаматтық талап қойылмаған адамдар;
залалдың немесе азаматтық талаптың болуына қарамастан ауырлығы орташа қылмыстар жасаған әлеуметтік осал адамдар.
Әлеуметтік осал...
Мемлекеттік рәміздер күніне арналған салтанатты шара
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне арналған салтанатты іс-шара өтті.
Шара барысында Мемлекеттік рәміздердің маңыздылығы, оларды құрметтеу және насихаттау мәселелері көтерілді. Салтанатты жиынға Алматы қаласының Мемлекеттік архиві қызметкерлері: Архив құжаттарын ғылыми пайдалану және жариялау бөлімінің басшысы Алтынай Боданбекова, Мемлекеттік архивтің бас сақтаушысы Гүлбақыт Құрманжанова және бөлім басшысы Әйгерім Әлжанова қатысып, құнды баяндамалар жасап,...
Құрбан айт мейрамына орай еліміздегі ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді
"Азаматтарға арналған үкімет" Құрбан айт мейрамына орай Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалай жұмыс істейтінін мәлім етті.
"Құрметті қызмет алушылар! Құрбан айт мерекесіне орай 6 маусым күні ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.
7 маусым, сенбі күні азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды.
9 маусымнан бастап барлық орталық әдеттегі жұмыс кестесіне сай қызмет көрсетеді", - делінген хабарламада.
Президент Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты
Қасым-Жомарт Тоқаев елордадағы «Атамекен» этномемориалды кешенінде өткен Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты. Құрмет қарауылының бастығы салтанатты іс-шараға дайындығы туралы Президентке рапорт берді. Содан кейін еліміздің әнұраны шырқалып, көк байрағымыз көтерілді. Қасым-Жомарт Тоқаев жиынға қатысушыларды Мемлекеттік рәміздер күнімен құттықтап, бұл еліміз үшін мән-маңызы айрықша мереке екеніне тоқталды.
– Ұлт рәміздері – Тәуелсіздігіміздің киелі бойтұмары. Елтаңба, Ту және Әнұран – мызғымас мемлекеттігіміздің...
Жетісу облысында Мемлекеттік рәміздер күніне арналған патриоттық іс-шараларға 8 мыңға жуық адам қатысты
Жетісу облысында Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күніне орай барлық аудандар мен қалаларда бір мезгілде 5 мыңға жуық адам қатысқан Мемлекеттік Ту көтеру және Мемлекеттік Гимнді орындау патриоттық іс-шаралары өтті. Талдықорғандағы Мемлекеттік Ту көтеру салтанатты рәсіміне облыс әкімі Бейбіт Исабаев, ардагерлер, мәслихат депутаттары, жастар, ҚХА өкілдері, түрлі қоғамдық ұйымдар, қала тұрғындары қатысты. Мереке аясында өңірде 8 мыңға жуық адамды қамтыған...
Көлікті қайта тіркеу үшін не істеу керек?
Көлікті сатып алу-сату кезінде мәміле жасаушылар көлікті қайта тіркеу рәсімінен өту қажет. Оның бірнеше жолы бар.
Отбасылық құндылық: Балалар қуанышы
1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл және Панфилов аудандары бойынша шекара басқармалары, Қорғас шекаралық бақылау басқармасы мен Инженерлік техникамен қамтамасыз ету бөлімінің жеке құрамдары балалары үшін ерекше іс-шара ұйымдастырылды.
Балғындардың мерекесін есте қаларлықтай ету мақсатында олар үшін Алматы қаласындағы Орталық саябақтағы жануарлар бағы (зоопарк) мен табиғат аясындағы серуен...
«Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби кеш өтті
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының кітапхана бөлімі мен кәсіптік-техникалық дайындық бөлімі сарбаздарының қатысуымен Абай Құнанбаевтың 180 жылдық мерейтойына арналған «Ұлы халықтың – ұлы Абайы» атты әдеби кеш өтті.
Шараның мақсаты – жастарды Абай мұрасымен сусындатып, ақыл мен парасатқа, сөз құдіретіне баулу. Кеш барысында ақынның өлеңдері мен қара сөздері оқылып, Абай мен...
Балаларды шаттыққа бөлеген мерекені әйелдер кеңесі өткізді
ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күніне орай кең көлемді мерекелік шара өткізілді. Іс-шараны Әйел әскери қызметшілер кеңесі ұйымдастырды.
Балаларға қуаныш пен шаттық сыйлауға бағытталған бұл игі бастама шекарашы отбасылары мен әскери қалашық тұрғындары үшін ерекше мерекелік көңіл-күй сыйлады. Бағдарлама аясында түрлі ойын-сауық сайыстары, шығармашылық байқаулар...





























