«Азаматтарға арналған үкімет» Құрбан айт мейрамына орай Халыққа қызмет көрсету орталықтарының қалай жұмыс істейтінін мәлім етті.
«Құрметті қызмет алушылар! Құрбан айт мерекесіне орай 6 маусым күні ХҚКО-лар мен МХҚКО-лар жұмыс істемейтінін хабарлаймыз.
7 маусым, сенбі күні азаматтарды тек кезекші орталықтар қабылдайды.
9 маусымнан бастап барлық орталық әдеттегі жұмыс кестесіне сай қызмет көрсетеді», — делінген хабарламада.





























