Қандас мәртебесін алу үшін өтінішті қалай береміз?
Қандас мәртебесіне өтінішті қалай береміз және қажет құжаттардың тізімі
Болашаққа инвестиция: Жетісудың жас таланттары «Тәуелсіздік ұрпақтары» грантын иеленді
Жетісу облысында Халықаралық жастар күніне арналған «JetFlow» онкүндігі аясында жастардың бизнес идеяларын іске асыруға қолдау ретінде «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты табысталды. Грант иегерлерінің басым бөлігі ауыл жастары, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жетісуда жыл сайын жастарды қолдау, жеке ісін ашуға жәрдемдесу мақсатында «Тәуелсіздік ұрпақтары» гранты жобасына 30 млн. теңге бөлініп, 10 бизнес-жобаға 3 млн. теңге көлемінде қайтарымсыз...
Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Жетісу облысының тұрғындарымен кездеседі
2025 жылғы 15 тамызда орталық атқарушы органдар басшыларының халықпен кездесулері аясында ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің м.а. Ермек Кенжеханұлы Жетісу облысының тұрғындарымен, соның ішінде ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілермен кездесу өткізеді.
Кездесу барысында өңірдің агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған қабылданған шаралар талқыланады.
Кездесу сағат 10:00-де Мырзабеков көшесі, 38-үй, Көксу ауданы әкімдігінде өтеді.
Бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерін кездесуге қатысуға шақырамыз.
Қосымша ақпарат үшін: +7 (7172) 555-765 –...
Интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысымен күресте мыңдаған ресурс бұғатталды – Бас прокурор
Прокурорлар заңдылықты нығайту, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру шараларын жалғастыруда. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты..
Үйлестіру шаралары арқылы қылмыстық ахуалды жақсарту міндеттері жедел шешілді. Қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 82 573-тен 76 512-ге дейін төмендеді.
Қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіп (23 121-ден 21 269-ға дейін) және көшелердегі жағдай (11 035-тен 10 272-ге дейін) жақсарды.
- Сонымен...
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Халықаралық жастар күніне арналған Jastar Fest форумына қатысушыларға үндеу жолдады
Құрметті жастар, форумға қатысушылар!
Қадірлі қауым!
Халықаралық жастар күні баршаңызға құтты болсын! Бұл – мән-мағынасы ерекше мереке. Бүгін осында нағыз отаншыл, дарынды және жанашыр жастар жиналды. Түрлі кәсіпті меңгерген азаматтар бас қосып отыр. Халқымыз қашанда талапты жастарды қолдаған. «Ақыл – жастан» деп, оларға зор сенім артқан. Сіздер барлық салада белсенді түрде еңбек етіп жатсыздар. Волонтер ретінде мұқтаж жандарға көмек беріп жүрсіздер....
Магистратураға грант тағайындау конкурсына қатысу үшін құжат қабылдау басталды
Магистратураға білім гранттарын тағайындау конкурсына қатысу үшін құжаттар қабылдау басталды. Ол 18 тамызға дейін (қоса алғанда) жоғары оқу орындарының қабылдау комиссиялары, оның ішінде виртуалды қабылдау комиссиялары арқылы жүзеге асырылады.
Барлығы 49 мыңға жуық адам магистратураға түсу үшін емтихан тапсырды. Ғылыми-педагогикалық бағыт бойынша түсушілердің 50%-ы, бейінді бағыт бойынша 21%-ы шекті балл жинады. Олар грант конкурсына қатыса алады.
Магистратурада оқуға арналған білім беру...
Жетісуда «Көшбасшы» жастар сыйлығына биыл алғаш рет «Үздік жас жұмысшы маман» номинациясы қосылды
Халықаралық жастар күніне арналған «JetFlow» онкүндігі аясында Жетісу облысы әкімінің «Көшбасшы – 2025» жастар сыйлығын тапсыру салтанаты өтті. Биыл сыйлық 12 номинация бойынша берілді. Олардың ішінде алғаш рет «Үздік жас жұмысшы маман» номинациясы тағайындалды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.
Жеңімпаздарды облыс әкімі атынан облыс әкімінің орынбасары Диас Есдәулетов құттықтады.
- Бүгінгі таңда Жетісу облысында 14 пен 35 жас аралығында...
Жетісуда жаңа оқу жылында жалпы саны 900 орынды екі жаңа мектеп қолданысқа беріледі
Биыл Жетісу облысында жаңа оқу жылы басталғанға дейін «Келешек мектебі» жобасымен Алакөл ауданы Достық ауылында 600 орындық орта мектептің, сондай-ақ Панфилов ауданы Лесновка ауылында 300 орындық орта мектептің құрылысы аяқталып, іске қосылады. Сол сияқты Ақсу, Кербұлақ аудандарында тағы екі мектеп жылдың соңына дейін қолданысқа беріледі. Оған қоса тағы 8 білім беру нысанына күрделі жөндеу жүргізілуде, соның 6-уының құрылыс жұмыстары...
Панфилов ауданының әкімдігі монополияға қарсы заңнаманы бұзған – бұзу дерегі жойылды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы әкімдігінің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғанын анықтады.
Анықталғандай, аудан әкімдігі мемлекеттік кәсіпорынның жарғысының жаңа редакциясын бекітіп, оған монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлерін қосқан. Бұл әрекет Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабына қайшы келеді.
Қарау нәтижелері бойынша Департамент бұзушылықты жою туралы нұсқама берді. Қазіргі таңда бұл нұсқама орындалып, бұзушылық жойылды.
Анықтама...
Жетісу облысында коммуналдық кәсіпорын тарапынан жіберілген монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегі жойылды
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық коммуналдық кәсіпорын «Панфилов Су құбыры» тарапынан бәсекелестік туралы заңнаманың бұзылғанын анықтады.
Жұмыс барысында анықталғандай, кәсіпорынның жарғысына монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлері енгізілген, бұл Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының талаптарына қайшы келеді.
Қарау нәтижелері бойынша Департамент бұзушылықты жою туралы нұсқама берді. Бүгінгі күні кәсіпорын бұл нұсқаманы толық...





























