Жетісу облысында коммуналдық кәсіпорын тарапынан жіберілген монополияға қарсы заңнаманы бұзу дерегі жойылды

185

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті шаруашылық жүргізу құқығындағы аудандық коммуналдық кәсіпорын «Панфилов Су құбыры» тарапынан бәсекелестік туралы заңнаманың бұзылғанын анықтады.

Жұмыс барысында анықталғандай, кәсіпорынның жарғысына монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлері енгізілген, бұл Қазақстан Республикасының Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабының талаптарына қайшы келеді.

Қарау нәтижелері бойынша Департамент бұзушылықты жою туралы нұсқама берді. Бүгінгі күні кәсіпорын бұл нұсқаманы толық көлемде орындады.

Анықтама үшін: мемлекеттік кәсіпорындардың қызмет түрлерін кеңейту тек бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы уәкілетті органмен келісу арқылы жүзеге асырылады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз