Интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысымен күресте мыңдаған ресурс бұғатталды – Бас прокурор

193

Прокурорлар заңдылықты нығайту, «Заң мен Тәртіп» идеологиясын ілгерілету және қоғамда заңға бағынатын мінез-құлықты қалыптастыру шараларын жалғастыруда. Бұл туралы Бас прокурор Берік Асылов айтты..

Үйлестіру шаралары арқылы қылмыстық ахуалды жақсарту міндеттері жедел шешілді. Қылмыстық құқық бұзушылық деңгейі 82 573-тен 76 512-ге дейін төмендеді.

Қоғамдық орындардағы құқықтық тәртіп (23 121-ден 21 269-ға дейін) және көшелердегі жағдай (11 035-тен 10 272-ге дейін) жақсарды.

— Сонымен қатар интернет-алаяқтық пен есірткі қылмысы мәселесі өзекті күйінде қалып отыр. Осы санаттағы қылмыстардың жолын кесу, анықтау және ашу бойынша мүдделі органдармен бірлесіп ауқымды және жүйелі іс-шаралар жүргізілуде, — делінген Бас прокурор таратқан ақпаратта.

Алаяқтыққа қарсы күрес шеңберінде 61 кибертоп әшкереленіп, 217 «дроппер» қылмыстық жауаптылыққа тартылды. Интернеттегі есірткінің заңсыз айналымы инфрақұрылымын тұрақсыздандыру мақсатында 88 мың есірткі дүкенінің шоттары бұғатталды.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз