Панфилов ауданының әкімдігі монополияға қарсы заңнаманы бұзған – бұзу дерегі жойылды

188

ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің Жетісу облысы бойынша департаменті Панфилов ауданы әкімдігінің бәсекелестікті қорғау саласындағы заңнаманы бұзғанын анықтады.

Анықталғандай, аудан әкімдігі мемлекеттік кәсіпорынның жарғысының жаңа редакциясын бекітіп, оған монополияға қарсы органмен келісілмеген қызмет түрлерін қосқан. Бұл әрекет Қазақстан Республикасы Кәсіпкерлік кодексінің 192-бабына қайшы келеді.

Қарау нәтижелері бойынша Департамент бұзушылықты жою туралы нұсқама берді. Қазіргі таңда бұл нұсқама орындалып, бұзушылық жойылды.

Анықтама үшін: мемлекеттік кәсіпорындарды құру, олардың қызмет түрлерін кеңейту немесе өзгерту көзделген құқықтық актілер жобалары бәсекелестікті қорғау және дамыту саласындағы уәкілетті органмен міндетті түрде келісуге жатады.

 

ЖАУАП ҚАЛДЫРУ

Пікіріңізді енгізіңіз!
мұнда сіздің атыңызды енгізіңіз