14.7 C
Taldykorgan, KZ
Среда, 8 апреля, 2026
FreeCurrencyRates.com
үй блог бет 208

Спорт шыңынан – шекара шебіне

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты Алакөл ауданы бойынша шекара басқармасының «Шолақ» шекара бөлімшесінде радиотелефоншы қатардағы жауынгер Фанур Исаев - өз ісіне жауапты, білікті шекарашылардың бірі. Фанур Даниалович әскеири қызметке дейін ауыр атлетикамен кәсіби түрде айналысып, халықаралық дәрежедегі спорт шебері атағын алған. Атап айтқанда, 2020 жылы жастар арасында Қазақстан рекордын жаңартып, 2022 жылы ел біріншілігінде – екінші,...

Адал қызметке – абыройлы қошемет

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментінде әскери қызметін абыроймен атқарып, 25 жылдан астам өмірін Отан шекарасын күзетуге арнаған подполковник Серік Жұманғазинді құрметті зейнетке шығарып салуға арналған салтанатты іс-шара өтті. Салтанатты жиынға департамент басшылығы, әріптестері мен жас әскери қызметшілер қатысты. Шара барысында Серік Оразбайұлы шекара қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі елеулі еңбегі атап өтіліп, алғыс хат пен естелік сыйлықтар табыс етілді. Көп...

Тағылымды шара

ҚР ҰҚК Шекара қызметі Жетісу облысы бойынша департаментіне қарасты “Қорғас” шекаралық бақылау басқармасының оқу орталығы жеке құрамының қатысуымен Панфилов ауданының мәдени-көрікті жерлерін тамашалау бағытында танымдық іс-шара ұйымдастырылды. Бұл шараның басты мақсаты – жас сарбаздардың бойында Отанға деген сүйіспеншілік пен жергілікті жердің тарихына, мәдениетіне құрмет сезімін қалыптастыру. Іс-шара барысында әскери қызметшілер Жаркент мешіті, Шекарашылар аллеясы, сондай-ақ өңірдің тарихи-мәдени нысандарымен танысып, ұлттық...

«Мектепке жол»: Жетісу өңірінде жаңа оқу жылына дайындық жұмыстары басталды

1 тамыз  бен 30 қыркүйек аралығында әлеуметтік жағынан аз қамтылған, көпбалалы, жетім  және  ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балаларға жаңа оқу жылына дайындық кезеңінде материалдық қолдау көрсету мақсатында дәстүрлі «Мектепке жол» республикалық қайырымдылық акциясы өткізіледі. Осындай ақпаратпен Б.Құранбек атындағы Журналистер үйінде өткен баспасөз мәслихатында Жетісу облысы Білім басқармасы басшысының орынбасары Қайрат Қасымов бөлісті. «Акция шеңберінде облыстық басқармалар мен департаменттер тарапынан нақты көмек...

МӘМС жүйесіне енгізілген заңнамалық өзгерістер: азаматтарға тиімді жаңа мүмкіндіктер

14 шілде күні Мемлекет басшысы міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесіне қатысты Заңға өзгерістер енгізу туралы құжатқа қол қойды. Бұл өзгерістер туралы Жетісу облысы бойынша «Әлеуметтік  медициналық  сақтандыру қоры» КЕАҚ филиалы директорының орынбасары Арыстанбек Өтеғұлов пен Жетісу облысы Денсаулық  сақтау  басқармасы  басшысының  орынбасары  Гүлнар  Жүнісова  Өңірлік коммуникациялар қызметінің алаңында өткен баспасөз мәслихатында баяндады. МӘМС жүйесінің қаржылық тұрақтылығы күшейтіледі Спикерлердің айтуынша,...

Талдықорғанда болған газ жарылысынан зардап шеккен Ернұр Жүкенге екі бөлмелі пәтердің кілті табысталды

Бүгін Талдықорғанда Жетісу облысы әкімінің орынбасары Әсет Қанағатов пен «Жетісу – қолдау» қоғамдық қорының басшысы Рүстем Байтұманов Ернұр Жүкенге екі бөлмелі пәтердің кілтін табыстады. Өткен жылдың соңында облыс орталығында орын алған газ жарылысы салдарынан зардап шеккен отбасының үлкен ұлы Ернұр тұрғын үй мәселесімен бұған дейін облыс әкімі Бейбіт Исабайдың қабылдауына кірген болатын, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз...

Қазақстанда мерзімді қызметтің жаңа форматтағы SARBAZ+ пилоттық жобасын іске қосу жоспарланып отыр

Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрлігі жаңа форматтағы мерзімді әскери қызметтің SARBAZ+ пилоттық жобасын іске асыруда. Бағдарлама әскери қызметшілерді даярлау сапасын арттыруға және заманауи технологияларды күнделікті әскер өміріне кіріктіруге бағытталған. Осы күзде Алматы облысында орналасқан Әуе қорғанысы күштерінің 78460 әскери бөлімінде 150 әскерге шақырылушы жаңа үлгі бойынша қызмет атқара бастайды. SARBAZ+ сарбаздардың жеке және кәсіби әлеуетін дамытуға, қызмет көрсету жағдайларын жақсартуға және...

Жетісу облысында аутизмі бар балаларға арналған орталықта 40 орындық жаңа корпус ашылды

Талдықорғанда аутизм және басқа да менталды ауытқулары бар балаларға арналған күндізгі болу орталығы үш жылға жуық уақыттан бері жұмыс істеп келеді. Бүгін орталықтың қосымша 40 балаға арналған екінші корпусы ашылды, – деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Орталыққа балалар ПМПК-ның жолдамасымен және жеке оңалту жоспары бойынша қабылданады. Балалармен күніне төрт-төрт жарым сағат көлемінде сабақ өткізіледі. Мұнда дефектолог, логопед, тәрбиеші...

Жетісу облысының Алакөл ауданында биыл 12 медицина нысаны іске қосылады

Алакөл ауданының Достық ауылындағы 600 орындық «Келешек мектебі» жаңа оқу жылында қолданысқа беріледі. Сонымен қатар Үшарал қаласында оқушы орнының тапшылығы мәселесін шешу үшін 600 орындық мектеп құрылысының жобасы даярлануда. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Алакөл ауданы тұрғындарымен кездесуі барысында айтылды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі. Өңір басшысының айтуынша, ауданда денсаулық сақтау инфрақұрылымын жақсарту бағытында өткен...

«Талдықорған — Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы мерзімінен бұрын аяқталады

  «Талдықорған - Үшарал» магистралды газ құбырының құрылысы биылғы жылдың қыркүйек айында толық аяқталады. Соның нәтижесінде Жетісу облысының Ақсу, Сарқан, Алакөл аудандарындағы 84 елді мекен табиғи газбен қамтылады. Бұл туралы облыс әкімі Бейбіт Исабаевтың Алакөл ауданындағы жұмыс сапары барысында белгілі болды, - деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.   Еске салсақ, өткен жылы Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Жетісу облысына келген сапарында...