Мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасы басты назарда

67
Дереккөз

Қазақстан Республикасының Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің (бұдан әрі — Агенттік) тапсырысына сәйкес зерттеу орталықтарымен мемлекеттік көрсетілетін қызметтер сапасына 2017 – 2019 жылдары жүргізілген қоғамдық мониторинг қорытындыларына сәйкес Алматы облысының жергілікті атқарушы органдарымен көрсетілген қызметтер сапасына халықтың қанағаттану деңгейінің тұрақты жоғарлауын көрсетті.

Мәселен, 2017 жылы 36,6% (республикалық деңгейде 16 аймақтың ішінде 15-орын), 2018 жылы 56,5% (республикалық деңгейде 17 аймақтың ішінде 14-орын). Ал 2019 жылы «Зор Рух» қайырымдылық қорымен жүргізілген қоғамдық мониторинг қорытындысы бойынша халықтың қанағаттану деңгейі 69,3% құрады. Десекте бұл республикалық деңгейде ең төменгі көрсеткіш болып тіркелді. Сонымен қатар, Алматы облысы ішкі саясат басқармасының мемлекеттік әлеуметтік тапсырысы шеңберінде облыс бойынша «Tabiya-consult» ЖШС-мен жүргізілген қоғамдық мониторингтің қорытындысына сәйкес облыста халықтың қанағаттану деңгейі 68% құрады. Агенттіктің тапсырысына сәйкес Біріккен Ұлттар Ұйымы Даму Бағдарламасының (бұдан әрі — БҰҰДБ) қолдауымен мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасына қоғамдық мониторинг жүргізу бойынша бірыңғай әдіснама әзірленді.

Талап Шаухаров, Сырым Салиханов, Бауыржан Сеитов, Қанат Тышқанбаев.

Бөлісу
Share on FacebookTweet about this on TwitterEmail this to someoneShare on VK